Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, САБАҚ 8.23.2

 XI бөлім. Суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу

 Сабақ тақырыбы: Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді?

 Оқу мақсаттары:

 7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

 7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

 Тарихи концепт: дәлел

 

 «Дрейфус ісіне» қатысты оқиғалардың хронологиясы

 

 Оқығаның алғышарттары:

 1870-1871 жылдарындағы Франциямен Пруссия арасындағы соғыста Франция ауыр жеңіліске ұшырады, ол Эльзас пен Лотарингия индустрияландырылған аймақтарын Пруссияға беруге мәжбүр болды.

 Ұлттық азапталу аясында Францияда тыңшылық көп ұзамай антисемитизмге айналды. Еврейлерді ойран салу Францияда және оның ұлттық аймақтарында таралды. Мұндай жағдайларда резонансты «Дрейфус ісі» пайда болды, ол бүкіл Франция мен басқа еуропалық елдерді сілкіндірді.

 Антисемитизм - этникалық және діни топтар ретінде еврейлерге қарсы дұшпандық қарым-қатынасты білдірілген ұлттық төзімсіздіктің бір түрі.

 Ол қате түсініктерге негізделген және ксенофобияның нысаны болып табылады. Бұл термин еврейлер мен иудейлерге деген дұшпандықты білдіреді.

 

Мезгіл

Оқығалар

1894 ж. 15 қазан.

Француз армиясының Бас штабының мүшесі капитан Альфред Дрейфус француз әскери құпияларын Германияға сатқаны үшін күдікті ретінде тұтқындалды.

1894 ж. желтоқсан

Француз әскери соты Альфред Дрейфсты (ұлты еврей, Эльзаста туылған) өмір бойы бас бостандығынан айырды. Сот отырысы Парижде, жабық есік түрде өтті.

Дрейфус өз кінәсін мойындамады.

1895 ж.13 қантар

Альфред Дрейфус қоғамдық түрде төмендетілді, Гвинея француз колониясында Чертов аралындағы түрмеге қамалды.

1896 ж.

Дрейфустың кінәсіздігін дәлелдейтін Лазараның «Сот қатесі» брошюрасы жарық көрді. Іс бойынша жаңа тергеу басталды.

1896-1906 жж.

Франциядағы офицер Альфред Дрейфустын мемлекеттік опасыздыққа күдікті болғаныны байланысты әлеуметтік жанжал орын алды. Франция дрейфусарлер пен антидрейфусарларға бөлінеді, олардың арасында ымырасыз күрес басталды.

1897 ж. қараша

Альфред Дрейфустың ағасы Мэтью Дрейфус нақты қылмыскер деп саналатын майор Эстерхазиге қатысты айыптауды мәлімдеді.

1898 ж. 11 қантар

Эстерхази әскери сотты шешімімен ақталды.

1898 ж. 13 қантар

«Аврора» газетінде (болашақ Франция премьер-министрі Жорж Клеменсо редакциялаған) танымалы жазушы Эмиль Золяның Республика Президенті Феликс Фораға «Мен айыптаймын» деп аталған хаты жарияланды.

Хатта бұл істің жалғандығы туралы пікір келтілірді, Бас штаб және Әскери басқармасы кінәлі Эстерхазиды қорғау үшін жек көрген Дрейфусты қасақана жойды. Әскердің ар-намысын қорлаған үшін қазылар алқасы Эмиль Золяны 1 жылға бас бостандығынан айырды және 3000 франк айыппұл тағайындады. Жазушы Англияға қашуға мәжбүр болды. Бірақ оның мақаласы халыққа кең көлемді таралды.

1899 ж.

Қоғамдық пікірдің қысымымен А. Дрейфус ақталды және түрмеден босатылды.

1902 ж.

Сотталған офицердің пайдасына жағдай өзгергеннен кейін Эмиль Золя өз отанына оралды, бірақ ол көп ұзамай өз үйінде көмір өттің түтінене уланып, қайтыс болды.

1903 ж.

Әскери министр генерал Андре Дрейфустің ісімен танысып, оны қайта қарау қажеттігіне сенді.

1903 ж. қараша

Альфред Дрейфус кассациялық шағым беріп, іс жаңа тыңдауға қайталырды. Соттың кассациялық сатысында істі қараған кезде, Дрейфус ісінде көптеген жалған құжаттар бар болғаны анықталды. Нақты кінәлі адам - майор Фердинанд Вальсен Эстерхази ақырында әшкереленді.

1906 ж.

Дрейфус ақталды. 12 жыл заңсыз түрмеге қамалғаннан кейін, ол әскерге оралды, майордық атақ алды, бірақ көп ұзамай отставкаға кетті.

1908 ж.

Жазушы Эмиль Золяның денесі Парижге Пантеонға қойылды. Пантеонның кіреберісінде жазылған сөздер: «Ұлы адамдарға Отан ризашылығын білдіреді».

1914-1918 жж.

Запастағы офицер ретінде Дрейфус Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен әскерге оралды, лейтенант-полковникке дейін көтерілді, ал 1918 жылы ең жоғары әскери награда, «Құрмет Легионы» Орденімен марапатталды.

1935 ж.

Альфред Дрейфус қайтыс болды

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу