Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1.

1-тасырма. Суреттер мен мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Бұл оқиғада Эмиль Золяның рөлін анықтаңыз және ол Дрейфустің құқығын қорғау үшін не істегенін анықтаңыз.

1. Эмиля Золяның суреті.

2. Альфред Дрейфусті қоғам алдында қызметтен босатыуы, «Le Petit Journal»-дағы Анри Мейердің суреті, 13 қаңтар1895 ж.

3. Карикатура «Эмиль Золяның Фемиданы Дрейфус ісіне араласуға мәжбүр етуі».

Дрейфус ісі —капитан Альфред Дрейфустің Герман империясы мүддесі үшін сатқындық жасағаны үшін Франциядағы сот ісі (желтоқсан, 1894).шыққан тегі- еврей. Сот шешімі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айырылды. 1870 ж прусс-француз соғысында Франция жеңіліске ұшырап, Эльзас, Лотарингия көмір алабын беруге міндетті болды. Францияның жеңілісі елде сатқындық жасау ісіне қатсты тергеулер жүргізіліп, антисемитизм үдерісіне әкелді. Альфред Дрейфусты әскери құпия ақпаратты сатқандығы үшін жазалады. Қоғам алдында қызметтен босатты (офицерлік погондары жұлынып, қылышы қақ ортасынан сындырылды). Жазушы Эмиль Золя «Аврора» газетіне «Мен айыптаймын!» атты мақаны жариялады. Бұл мақала бүкіл Еуропа елдеріне кең таралды, қоғамдық резонанс тудырды. Мақала қарсы шыққандар: қоғамның консервативті бөлігі, армия, шіркеу, үкімет, жоғары тап өкілдері, антисемиттер. Дрейфус ісінің жақтаушылары апелляцияға беріп, істі қайта қарауды талап етті. Істі қозғаудың екінші кезеңі басталды. Нәтжесінде 12 жылдан кейін офицер Альфред Дрейфус ақталды.

2-тапсырма

Мақала авторы кімді айыптайды?

Айыптың мәні неде?

3-тапсырма. «Эмили Золяның Дрейфус құқығын қорғауда рөлі мен маңыздылығы қандай?»

дескриптор:

50-70 сөз;

«азаматтардың құқығы», «толеранттылық», «әділетсіздікь», «антисемитизм» ұғымдарын дүрыс қолдануы;;

дәлел келтіру және қорытынды шығару.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Э.Золяның азаматтық позициясы сөз құдыретінің өмірді өзгертетінін дәлелдеңіз.

Кем дегенде 3 дәлел және і3 ұғымды келтіріңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу