Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 8.23.1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интепретациялау үшін туындыларын пайдалану 7.3.2.5 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану | ||
Сабақ мақсаттары | Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» мақаласының маңыздылығын анықтау. | ||
Бағалау критерийлері
| -А.Дрейфус ісіндегі әр түрлі көзқарастарды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын пайдаланады; - сөздердің қоғамдық пікірге әсерін түсіндіру үшін Эмиль Золяның мақаласын түсіндіреді. | ||
Тарихи концепт (фокус)
| интерпретация | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: Антисемитизм, сионизм, азаматтық қоғам, қоғамдық пікір, сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі, толеранттылық. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша, Е. Золаның ...дұрыс Менің ойымша, Дрейфус сотталды, себебі ... Өнеркәсіптік қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артып келеді, себебі ... Әділдік ... | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиет (Эмиль Золяның маңаласы) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушыларда 7 сыныпта өткен мәдениет жайлы қысқаша ақпартты біледі. | ||
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-2 | 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | |||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау 2-8 | БЫМ/Б 19 ғ. әлеуметтік теңсіздікті сипаттаған газеттер мен журналдардың рөлін еске түсіріңіз. Оқушыларға Эмиль Золяның «Орор» газетінде жарияланған мақаланың суретін көрсетіп, өз уақытында сезім тудырған газеттің басты бетінің көшірмесін түсіндіріп беріңіз; Бұл мақаланы жариялағаннан кейін жазықсыз 12 жыл сотталған еврей офицері босатылды. Оқушыларға талқылауға арналған сұрақтар: - Бұл мақалада қандай ақпарат болуы мүмкін? Оқушылардың пікірі тыңдалады. Сабақта «Менің айыптаймын!» мақаланың маңыздылығы анықталады. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. | Презентация | |||||
Сабақтың ортасы Сыныппен талқылау 8-13 Топтық жұмыс түрі Зерттеу жұмысы 13-20 | Т Оқушылар журналист кейпінде азаматтардың құқық бұзушылық туралы ақпарат жинайды. Сұрақтарға жауап беріңіз: - неліктен Эмиль Золя бұл тақырып негізінде мақала жазды? - мақалада кімді айыптады? - кім кінәлі? - А. Дрейфус шынымен жазықсыз болды ма? Оқушылар өзара таратпа материалды және тапсырмаларды бөліп алады (Қосымша 1). Оқушылардың назарын Э.Золя және т.б жақтастардың Дрейфусты қорғауына келесі себептер әсер етті: 1. «Заң барлығына ортақ» тұжырымы. 2. жеке қызығушылығы болды, себебі Франция демократиялық мемлекет болғандықтан әр азамат саяси және қоғамдық істерге белсене қатыса алды. Дескриптор: - кем дегенде екі себепті анықтайды.; -айыптаушыларды анықтайды. Б Дрейфус ісі туралы ақпарат беріңіз. Оқиға бойынша қоғамның екіге бөлінгендігін атап өтіңіз. Т оқушыларға Дрейфус ісі туралы материал ұсынылады. Талқылауға арналған сұрақтар: - Э.Золя атаған тұлғалар шынымен кінәлі болды ма? -Дрейфус кінәлі болды ма? Б Бір топты бірінші сұраққа жауап беруге шақырыңыз. Басқа топтар жауаптарды толықтырады, бағалайды. Дескриптор: - кем дегенде үш дәлел келтіреді Бір топты екінші сұраққа жауап беруге шақырыңыз. Басқа топтар жауаптарды толықтырады, бағалайды. Дескриптор: - кем дегенде үш дәлел келтіреді. Топтар бір-бірінің жауаптарын толықтырып, дауысқа салады: -Дрейфусті әділ айыптады? - Дрейфусты әділетсіз айыптады? Б Оқушыларға Дрейфус ісі туралы ақпараттық мәтін таратыңыз (Қосымша 3). Жұмыстың нәтижесін талқылаңыз. Оқушылардан Эмиль Золя мақаласы Дрейфус ісіне қалайша әсер еткендігін сұраңыз. Сөз құдыреті жайлы қандай мақал-мәтелдер білесіз? Неліктен индустриалды қоғамда БАҚ-ың рөлі жоғары? | Қосымша 1 Презентация | |||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45 | Рефлексия (Ж) Оқушылардың оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне, сабақ мақсаттарына назар аудартыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарына жету деңгейін бағалауға шақырыңыз. | Презентация | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интепретациялау үшін туындыларын пайдалану 7.3.2.5 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру