АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.19.1
X бөлім. Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді?
Оқу мақсаты:
7.3.1.2 - XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау
Тарихи концепт: дәлел
Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар
Мәтін «XIX ғасырдағы АҚШ аумағының өсуі»
1803 жылдан бастап АҚШ Францияға, Англияға, Испанияға, Ресейге және өзінің жақын көршісіне - Мексикаға - тиесілі жерлерді иеленді. Олардың кейбіреулері ресми түрде сатып алынды, басқалары бұрынғы иелерімен өзара тиімді шарттармен берілді, кейбір аумақтар қарулы күш пайдлану арқылы қосылды.
Тәуелсіздік үшін соғысы аяқталғаннан кейін, Америка Құрама Штаттарының аумағы Атлантикадан Миссисипиге дейін созылған. XIX ғасырдың ортасында Құрама Штаттар Тынық мұхитына дейінгі жер көлемін игерді.
Аймағының қарқынды өсуінің негізгі себебі - АҚШ-тың ерекше сыртқы саясаты болды. Жас мемлекет, бір жағынан, еуропалық мемлекеттердің соғыстарына және әскери одақтар қатысудан бас тартты, екінші жағынан, басқа елдерде туындаған проблемаларды өз мүддесі үшін шебер пайдаланды. Мысалы, француз императоры I Наполеон ақшаға мұқтаж болды. Құрама Штаттарда ақша баршылық болды. Император Миссисипиден батысқа қарай орналасқан өзінің Солтүстік Америкадағы жер иеліктерін қаражат керектігінен сатуға шешім қабылдады. Бұл жоспар іске асырылды. Американдықтар Луизиананы француздардан 15 миллион долларға сатып алды, бірақ олардың бірде-біреуі осы аумақтың нақты шекараларын елестете алмады.
Басқа еуропалық отарлық держава - Испаниядан - Америка үкіметі Флориданы қолына жеткізді. Әртүрлі себептермен американдық әскерлер: қашып кеткен қара нәсілді американдықтарды іздеу барысында, содан кейін үнділіктерді қудалап осы аймаққа бірнеше рет басып кірді және соңында оны басып алды.
Бірақ, АҚШ-тың экспансионистік саясатының жүргізудегі ең маңызды жетістігі – ол «Монро доктринасы» саналады. Бұл доктрина президент Монроның 1823 жылғы желтоқсандағы АҚШ Конгрессіне арнаған жолдауында айтылған. Жолдауында Америка континентінің жері ендігі уақытта еуропалық державалардың отарлау аймағы ретінде қарастырыла алмайтындығы туралы айтылды. Ол Америкадағы еуропалықтардың отраларын қабылдауға уәде етті, бірақ Ескі Әлем елдерінің жаңа отарларды иеленуге жол бермейтінін мәлімдеді.
Еуропа мемлекеттері осы құжаттың шарттарымен келісті, осылайша американдықтарды АҚШ-на Америка құрлығының толық қожайыны болуға мүмкіндік берді. Осыдан кейін Америка Құрама Штаттары бұрынғы Испанияның Латын Америкадағы отарларының орнында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді белсенді түрде қолдай бастады, олардың экономикасына еніп, кейін олардың аумақтарын өзіне қосып алды.
Мысалы, 1845 жылы АҚШ Мексикаға тиесілі Техасты басып алды. Келесі жылы олар Мексикамен соғыс бастады, оны жеңіп алды және Жаңа Мексика мен Калифорнияның үлкен аумақтарын өз территориясына қосып алды.
АҚШ-тың ең табысты сатып алуларының бірі - Ресейден Алясканы сатып алу болды. Оның бастамашысы Бас хатшы Генри Сьюард болды.
Бастапқыда бұл келісім «Сьюарттың назы» деп аталды, себебі Америкадағы осы алыс жерлерді сатып алуға мүдделі адамдар аз еді. Алайда, Юконның алтыны табылғаннан кейін, мыңдаған американдықтар Аляскіге ұмтылды.
Оқиғалардың хронологиясы
1783 ж. - Англиядан тәуелсіздік алғаннан кейін 13 алғашқы отардан тұратын Америка Құрама Штаттарының бастапқы аумағы құрылды.
1803 ж. - Франциядан Луизиана сатып алынды. Наполеон Бонапарт Еуропадағы соғыстарын жүргізуіне қаражат үшін оны сатты.
1818 ж. - Миссури өзенінің бастауы қосылды. 1812-1815 жылдардағы англия-америкалық соғысында бейбітшілік орнағаннан кейін Англия осы аумағынан бас тартты.
1819 ж. - Испаниядан Флорида тартып алынды. Америка Құрама Штаттары Испаниямен келіссөз жүргізуге тырысты, бірақ олар сәтсіздікке ұшырады. АҚШ сол жерге өздерінің әскерлерін енгізді. Испания мен АҚШ Адамс-Онис келісіміне қол қойды. Флорида Құрама Штаттарына берілді, бірақ Техас аумағынан бас тартуына мәжбұр болды.
1845 ж. - АҚШ Мексикадан Техасты тартып алды. 1836 жылы американдық құлиеленушілері Мексиканың провинциясын Техасты басып алып, оны «тәуелсіз» республика деп жариялады, содан кейін ол ерікті түрде АҚШ-қа қосылды.
1846 ж. - Орегон штаты. АҚШ солтүстік Канададағы британдық иеліктерімен шекарасын бекінкен шартқа қол қою барысында Англиядан алынды.
1848 ж. – Жана Мексика және Калифорния. Мексикадан жаулап алынды. 1846-1848 жж. америка - мексикалық соғыс кезінде АҚШ-ры Мексиканың бүкіл аумағының жартысын аннексиялады.
1853 ж. - «Гадсденның сатып алуы» атанған аумағы қосылды. Бұл аумақ Мексикадан осы жерде транс-мұхит темір жолын салу үшін сатып алынды.
1867 ж. - Аляска немесе Алеут аралдары. Ресей империясынан сатып алынды. Ресей үшін бұл аумақты сақтап қалу және қорғау қымбат болды, және АҚШ ертерек немесе кейінірек осы аймақты жаулап алатынына кәмандамаған Ресей үкімері оны сату туралы шешім қабылдады.
1898 ж. - Гавайи. 1893 жылы американдық аралдардың тұрғындары тобы төңкеріс жасап, Лилиуокалани королевасын тайдан тайдырды. Бір жыл өткен соң қуыршақ Гавайя Республикасы жарияланды, 1898 жылы АҚШ Гавайяны аннексиялады.
1917 ж. - Кариб теңізіндегі Виргиния аралдары қосылды. Даниядан 25 миллион долларға сатып алынды. Бұл сатылым Санта-Крустың құнарлы жерінде қант өндіру салдарынан дағдарысқа ұшырағанымен байланысты болды. АҚШ-тың аумағы осы табысты келісімнің арқасында 346 км²-ға өсті. Бұл сатып алу АҚШ-тың аумағының соңғы кеңеюі болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру