АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар8.19.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.2 - XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

АҚШ-ты батысқа қарай кеңейту жолдарын анықтау.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • XIX ғасырда батыс бағытта АҚШ аумағын кеңейту үдерісінің ерекшеліктерін түсіндіреді.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

дәлел

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: экспансионизм

жабық арбалардың тізбегі, алтын дүрлікпесі, шериф, темір жол, ковбой, бизон, үндіс.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Американдық көшбасшылар мұның олар үшін «Тағдырдың анық жазғаны» болғанына сенді …

Солтүстік Американың байырғы тұрғындарына әділетсіз қарады, себебі …

Американдық экспансионизм мынаған алып келді: …

Америка Құрама Штаттар саясатының Солтүстік Американың ежелгі тұрғындарына негізгі ықпалы … болып саналды.

Темір жолдар салына басталғаннан соң, американдықтар мыналарды жүзеге асырды: …

Батысқа қарай жылжу американдық ұлттық сана-сезімі үшін маңызды болды, себебі …

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (АҚШ аймағы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда 7 сыныпта өткен Ұлы географиялық ашулар жайлы қысқаша ақпартты біледі.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-8

БЫМ/Б

Тәуелсіздік соғысы кезінде АҚШ картасын оқушыларға көрсетіңіз. Сұрақтарды талқылаңыз:

  - АҚШ аумағы картада көрсетілген шекарада қалады ма? Неліктен?

- аумақтың кеңеюі қай бағыт бойынша кең етек алады?

Картаны талқылаған кезде, оқушылардың көзқарасы АҰШ аймағының кеңеюі батыс бағытта жүретініне көз жеткізеді.

Сабақ барысында оқушыларға АҚШ аймағын кеңейту жолдарын анықтайтынын түсіндіріңіз.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Презентация

Сабақтың ортасы

Сыныппен талқылау

8-13

Топтық жұмыс түрі

Зерттеу жұмысы

13-20

(Б) XIX ғасырға дейін алғашқы еуропалық елді мекендерді құрғаннан кейінгі оқиғалар туралы уақыт сызығын пайдалана отырып, оқушылардың есіне түсіріңіз.

(Т) Карточкалар жиынтығын таратығыңыз (1-қосымша), оның көмегімен оқушылар АҚШ-қа сипаттама жасайды және аумақтарды кеңейту қажеттілігін түсіндіретін себептерді анықтайды.

XIX ғасырда Америка Құрама Штаттары аумағының кеңеюі туралы ақпарат және 1900 жылғы АҚШ-ың түрлі-түсті картасын беріңіз (2-қосымша). Оқушыларды кескін картада (Қосымша 3) аннексияланған аумақтарды белгілеуге тапсырма беріңіз.

Дескриптор:

- кем дегенде бес аймақты белгілейді.

- кем дегенде екі әдісті ұсынады.

(Б) Тапсырма нәтижелерін талқылап, топтарға кезекпен қорғауға мүмкіндік беріңіз, ал басқалар фактілерді қосады немесе өзгерте алады.

Суретші Джордж Кэтлиннің американдық жазық бейнесін көрсетіңіз. Төменде берілген сұрақтар төңірегінде ойлануға тапсырма беріңіз:

- бұл аумақтарда адамдар тұрды ма?

- Жергілікті тұрғындар батыс аймағын дамытқан кезде жағдайлары қандай болады? Неліктен?

- Қазіргі заманда байырғы тұрғындарға көзқарас қандай?

Осы аймақтарда тұратын халықтың бейнесін көрсетіңіз.

(Ж) Жұптарға үндістер шайқастары туралы ақпарат ұсыныңыз (4-қосымша), (бейне ресурсын пайдалануға болады). Оқушылар колонистер қолданған әдістерін анықтауы керек.

Дескриптор:

- үндістерге қарсы кем дегенде екі күрес әдісті анықтайды.

(Б) Аталған әдістер туралы оқушылардың пікірін талқылаңыз:

- неліктен діни колонистер мұндай әдістерді қолданды?

«Тағдырдың анық жазмышы»суретін көрсетіп, оқушыларды көргендерін түсіндіруге шақырыңыз.

Осы ұғымның қысқаша анықтамасын беріңіз.

«Тағдырдың анық жазмышы» идеясы XIX ғ. игерілмеген жерлердің тұрғындары мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасына қалай әсер еткенін оқушылармен талқылаңыз. Бұл идея Америка Құрама Штаттарының кейде зорлық-зомбылықты кеңейтуін ақтау үшін қолданылғанын түсіндіріңіз, мысалы, Мексикамен соғыс кезінде немесе британмен келіссөздерде.

Қосымша 1 «Әлем тарихының хронологиясы»

Презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

Рефлексия

(Ж) Оқушылардың оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне, сабақ мақсаттарына назар аудартыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарына жету деңгейін бағалауға шақырыңыз.

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

7.3.1.2 - XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу