Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар6.24.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім Қайта өрлеу дәуірі

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?

 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.3 - Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау;

6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;

Сабақ мақсаттары

Қайта өрлеу дәуірі мәдениетін суретшілер мен мүсіншілердің еңбектері арқылы сипттау және гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау.

Бағалау критерийлері

 

  • Еуропалық бейнелеу өнерінің Үндістанның Ұлы Моғолдық бейнелеу өнеріне әсер еткендігін қалай түсіне аламыз?» деген сұрақ төңірегінде талқылау жасайды;.
  • Берілген критерийлерге сәйкес Қайта өрлеу дәуірінің және Моғолдар суреттерінің ортақ белгілерін анықтайды;
  • «Ұлы Моғолдар империясының суретшілері гуманизм идеяларын қалай түсінді?» тақырыбында мини-эссе жазады;

Тарихи концепт

 

Өзгеріс және сабақтастық

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар өз пікірлерін жұппен және сыныппен келесі сұрақты қарастыру арқылы талқылай алады:

1300 және 1500 жылдар аралығында еуропалық көркем сурет өнері қалай өзгерді?

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қайта өрлеу, Византия, Шығыс Рим империясы,

ортағасырлық Еуропа, Еуропалық Қайта Өрлеу, Ренессанс, перспектива, шынайылық, нимб (нұр, сәуле), путти, нақыш, утопия.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл сурет менде мынадай сезім тудырды .....

Суретші мені мыналар арқылы.... бұндай нәрселерді сезінуге мәжбүр етті.

Суретші суретті.......... арқасында шындыққа жақын етіп жасады.

Мен бұл сурет .........кезеңге дейін\кейін салынған деп санаймын.

Қайта өрлеу себебі..........

Екі суреттің арасындағы ұқсастық пен айырмашылық.................

Суретшілер көрерменді.......... сезінуге мәжбүр етуге тырысты.

Өнерде 200 жылда жүзеге асқан өзгерістер................

Бұл суретте басқа суретпен байланысы бар, себебі.............

Құндылықтарды дарыту

 

 

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

Орыс әдебиеті (мәдениет тақырыбы)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

 

Оқушылар бұған дейін оқытылған белгілі бір географиялық факторлардың жиынтығы орасан зор мәдени және зияткерлік өзгерістерге әкелген кезеңдерді еске түсіру қажет болады (мысалы, ислам дінінің пайда болуы). Оқушылар себеп және өзгерістер тұжырымдамалары туралы өз түсініктерін дамыта түсуді жалғастырады.

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

БЫМ/Б Сабақтың тақырыбының әріптерін орнын ауыстырып жасыру арқылы, сабақ тақырыбын анықтату.

айтҚа уөрле рідәуі өіңрдне ынудам айқал тертөзгі? Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

Бүкілсыныптық жұмыс түрі

5-15 мин

Жұптық жұмыс түрі

15-27 мин

Бүкілсыныптық жұмыс түрі

27-37 мин

Б.Ұлыбританиялық Бірінші Яковтың суретін және Ұлы Моғол императоры Джехангирдің суретін көрсету.

Оқушылардан суреттерді мұқият қарауды және бойларында қандай сезім пайда болғандығын сұрау. Осыдан кейін оқушылар төмендегі сұрақтарды жұппен талдайды:

«Берілген екі сурет негізінде еуропалық бейнелеу өнері Үндістанның Ұлы Моғолдық бейнелеу өнеріне әсер еткендігін қалай түсіне аламыз?» деген сұрақ төңірегінде талқылау жасату.

Ж. Қайта өрлеу дәуірінің және Моғолдардың түрлі-түсті суреттерін оқушыларға таратып, суреттердің қайсысы еуропалық, қайсысы моғолдық екенін анықтату және неге олай анықтағандықтарын түсіндіруді сұрау.

Жұптардан төмендегі критерийлерге сәйкес кестені толтыра отырып суреттердің ортақ белгілерін анықтауды сұрау:

1.Сурет атауы

2. Перспективасы (сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі немесе оның жоқтығы)

3.Сюжеттің сипаты (зайырлы әлде діни)

4.Суреттің бөлшектерін талдау (нимба, путти)

5.Реализмнің деңгейі

Б. Бүкіл сыныппен Моғолдар мен Қайта өрлеу дәуірінің бейнелеу өнерін талқылап, «Ұлы Моғолдар империясының суретшілері гуманизм идеяларын қалай түсінді?» тақырыбында мини-эссе жазу тапсырмасын ұсыну.

Дескрипторлар:

  • Еуропалық бейнелеу өнері Үндістанның Ұлы Моғолдық бейнелеу өнеріне әсер еткендігін қалай түсіне аламыз?» деген сұрақ төңірегінде талқылау жасайды;.
  • Берілген критерийлерге сәйкес кестені толтыра отырып Қайта өрлеу дәуірінің және Моғолдардың түрлі-түсті суреттерінің ортақ белгілерін анықтайды;
  • «Ұлы Моғолдар империясының суретшілері гуманизм идеяларын қалай түсінді?» тақырыбында мини-эссе жазады;

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия:

Мен сабақта нені күткен едім?

Неге қол жеткіздім?

Менің сабақ барысындағы жетістігім....

Мені қызықтырды....

Маған қиындық туғызды...

Мен түсіндім...

Мен сезіндім...

Бәрінен де маған ұнағаны...

Зерттеу жұмысы маған ой салды....

Мен деректерді зерттеу бойынша өз жұмысыма ризамын. Себебі.....

Риза емеспін. Себебі......

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу