Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 8 СЫНЫП, САБАҚ 6.24.1

 

 IX бөлім.: Қайта өрлеу дәуірі

 Сабақ тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?

 Оқу мақсаттары:

 6.2.2.3 - Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау;

 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;

 Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық

 

Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар

Кесте: «Қайта өрлеу дәуірінің кезендері»

 

Мерзімі

Кезеңдердің атаулары

Сипаттамасы

XIII ғасырлардың екінші жартысы - XIV ғ.

Проторенессанс

Бұл кейінгі орта ғасырлардың өнері, византиялық, романдық, готикалық өнермен байланысты. Бұл кезең екіге бөлінеді: 1337 жылы Джотто ди Бондоне қайтыс болғанға дейін және одан кейін.

Джотто Қайта өрлеудің даму жолын белгіледі: діни нысандарды зайырлы мазмұнмен толтыру, жазықтық бейнелерден көлемді және рельефтік бейнелеуге біртіндеп көшу, реализмнің өсуі.

XV ғ. басы - XV ғ. аяғы

Ерте Ренессанс

Италияда пайда болды. Бұл 1420 жылдан 1500 жылға дейінгі кезең. Осы сексен жыл ішінде өнер әлі ортағасырлық өнердің дәстүрлерінен толықтай босатылған жоқ, бірақ ол классикалық антикалықтан алынған элементтерді қосуға тырысады.

Кейінірек, суретшілер ортағасырлық іргетастардан шығып, антикалық өнердің әдістерін батыл қолданады.

Италия өнері классикалық ежелгі дәуірдің жолын батыл електеді, ал басқа елдерде бұрынғы готикалық стильдің дәстүрлерін ұзақ уақыт бойы сақтап келді.

Альпы тауының солтүстігіндегі және Испанияда Қайта өрлеу XV ғасырдың соңында ғана дамиды.

XV ғ. аяғы - XVI ғ. алғашқы 20 жылы

Жоғары Ренессанс

Қайта өрлеудің үшінші кезеңі – осы стиль қарқынды дамыған кезең. Ол 1500 жылдан 1527 жылға дейін Италияда дамиды.

Сол кезде уақытта итальяндық өнер орталығы Флоренциядан Римге ауысады. Бұл Рим Папасының тағына II Юлийдің келуімен байланысты болды, себебі ол ең үздік итальяндық суретшілерді сарайға тартқан атаққұмар, батыл, жігерлі тұлға еді.

Осы Рим Папасы кезеңінде және оның мұрагерлері кездерінде Рим Перикл заманындағы жаңа Афиныға айналды. Онда көптеген монументалды ғимараттар салынып, керемет мүсіндік туындылар жасалып, фрескалар мен суреттер жарық көріп – осы күнге дейін өнердің інжу-маржаны ретінде саналады.

Сол кезде өнердің барлық үш саласы үйлесімді түрде бір-біріне көмектесіп, өзара әрекеттесеп дамыды. Антикалық өнер енді мұқият зерттеліп, үлкен қатаңдықпен айқындалатын болды; тыныштық пен қадiр-қасиет ойнақы сұлулықты ауыстырады.

Бірақ ежелгі өнерге елітеуі суретшілердің еркіндігін жоймады, олар ежелгі әдістерді жаңаша пайдаланып, ежелгі грек-римдік өнерінен ыңғайлы деп санайтын элеметтерін қолданып, қалаған элеметтерін өзгертуге де барды.

Үш ұлы итальяндық шеберлердің шығармашылығы Қайта өрлеу дәуірінің шыңына айналады - бұл Леонардо да Винчи (1452-1519 жж.), Микеланджело Буонарроти (1475-1564 жж.) және Рафаэль Санти (1483-1520 жж.).

XVI ғ. ортасы -1590-ші жылдар

Кейінгі Ренессанс

Ол 1530-шы жылдардн бастап 1590-1620-шы жылдар аралығында Италияда дамиды. Осы уақыттың өнері мен мәдениеті әртүрлі болды, оларды бірыңғай стильге жатқызу мүмкін емес. Оңтүстік Еуропада Контрреформация жеңіске жетіп, қоғамда еркін ойлауды, оның ішінде адам денесін бейнелеуді және ежелгі идеалдарды қайта өркедетуді қауып-өатер деп санады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу