Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша1
Аскетизм (гр. askco – жаттығамын) — ол моральдік немесе діни мұратқа жету мақсатында «денені жансыздандыру», жер бетіндегі жақсылық атаулыдан бас тарту арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруда ұстамдық таныту.Бастапқыда, ертедегі Грекияда Аскетизмді рақымшылық жасауға жаттығу деп атаған. Теориялық жағынан Аскетизм ертедегі Шығыс ғалымдарының діни ілімдерінде әсіресе, Үндістанда, содан соң Грекияда негізделді. Христиан дінінде өмірін жалғыздықта және өз жанын өзі қинаумен, дүға оқып, құдай жолына өмірін арнаған адамдарды аскеттер деп атаған. Аскетизм ерте христиандық және орта ғасырдағы Қайта өрлеу кезеңінде өзгерді
Ренессанс философиясы - Еуропада (алдымен Италияда) феодализмнің құлдырап және алғашкы буржуазиялық (XV-XVII) қоғамның қалыптасуы кезінде дамыған философиялық және социологиялық ілім. Онда негізгі идея гуманизм болды.
Гуманизм - адамды жаратылыстың ғажайыбы деп танып, адам құқын, қадір-қасиетін, адамдық ар-намысты, адамның таңдауын, адам еркіндігін, адам шығармашылығын, адам құқықтарын жоғары бағалау, адамға жанашырлық таныту, адамдық сипаттағы қасиеттерді ең жоғары деңгейде әйгілеу. Гуманистер дүние жүзік болса адам сол жүзіктің бетіндегі гауһар деп түсіндірді. Бұл идея шығыс шаһарларында да, Қазақ ойшылы Абайда да айтылады.
- Ренессанс философиясының ерекшелігі.
- Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер.
- Ренессанс философиясының көрнекті өкілдері.
Ренессанс философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір феодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі Ренессанс термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғымды білдіреді.
Сондай – ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 – 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл тұжырым пантеизм болатынды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:“Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолға тосқауыл бола алмайды”.
Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шегі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі. Ренессанс іс – жүзінде ескіні рестоврациялау емес, жаңа ізденіске ұмтылуды білдіреді.Ренессанс философиясының дүниетенымдық ориентациясында басты ерекшелік адамға деген бет-бұрыс егер антикалық философияда басты мәселе табиғат космологиялық өмір болса, ал Ренессанс дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты тақырыбын көтерді. Философия ғылым ретінде түсіндірілді және оның мақсаты адамның өмірде орнын табуына дем беру болды. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік боды. Яғни басты тұлға құдай емес, адам. Құдай барлық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Ренессанс дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта болып, адам өзінің болашағын жасаушы ерікті тұлға ретінде қарастырылды.
Қосымша 2
№2 тапсырма. Орта ғасыр мен Ренессанс дәуіріндегі «Әулие Мария және бала Христос» суретінің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасында салыстырыңдар.
Қосымша 3
№3 тапсырма. 1300-1500 жылдар аралығындағы еуропалық мәдениеттегі маңызды өзгерістерді анықтап, «Уақыт сызығында» орналастыр.
Қосымша 4
№4 тапсырма. Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілері: Рафаэль Санти, Леонардо да Винчи, Микеланджелоның өнер туындылары туралы ақпаратты кестеде толтырыңдар.
Суретшілер | Шығарма түрі | Атауы | Сурет мерзімі |
Микеланджело | |||
Леонардо да Винчи | |||
Рафаэль Санти | |||
Джонателло |
Қосымша 5
№5 тапсырма. «Балық қаңқасында» Орта ғасыр мен Ренессанс дәуірін салыстырып,1300-1500 жылдар аралығындағы Еуропа мәдениетіндегі өзгеріс себептерін анықтап, фактілермен дәлелде және қорытынды ой түйінде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру