Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 8 СЫНЫП, САБАҚ 6.24.2

 

 IX бөлім.: Қайта өрлеу дәуірі

 Сабақ тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?

 Оқу мақсаттары:

 6.2.2.3 - Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау;

 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;

 Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық

 

Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар

Мәтін «200 жылдағы Еуропалық мәдениеттегі өзгерістер».

 1.XV ғасырдың ортасында Еуропа елдерінде кітаптарды басып шығарылуы басталды. Бірнеше ғасыр бұрын Қытайда басылған мәтіндер мен кітаптар пайда болды. Еуропада кітап бастыруды неміс өнертапқыш Иоганн Гуттенберг бірінші болып бастады. Ол темірден жасалған әріптерді пайдаланып кітап басуды ойлап тауып, баспахана баспахана жасап, кітаптар жасауға кірісті. Алғашқы кітаптардың ішінде Інжіл - Киелі Кітап - болды. Гуттенберг пен оның ізбасарларының қызметі өте маңызды болды. Баспа кітаптардың пайда болуы рухани және зайырлы әдебиеттердің тарауна, білім беру саласының дамуына үлкен жаңа мүмкіндіктер ашты.

 2.Сәулет өнеріндегі жаңа стильдің негізін қалаушылар - Флоренцияның әйгілі шеберлері болды, әсіресе Филипп Брунеллески. Ол Санта Мария дель Фьорде соборының монументалды күмбезін жасады. Бірақ осы кезеңде сәулет стилінің негізгі көрінісі шіркеу емес, зайырлы ғимараттар - палаццо (сарай) болды. Бұл стиль айбындылықты айқындайтын монументтілікпен ерекшеленеді, қасбеттердің қарапайымдылығымен, кең интерьердің ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Өз ұлылығымен адамды басатын готикалық ғимараттардың күрделі құрылымына қарсы жаңа архитектура адам қажеттіліктеріне неғұрлым жақын жаңа тіршілік ортаны құрды.

 3.XIV ғасырдың соңында университеттер елдердің астаналарында және Батыс пен Орталық Еуропадағы ірі және шағын қалаларда болды. Жоғарғы оқу орындарының негізін қалаушылар көбінесе корольдер, императорлар, Рим папалары болды. Олар ғылымның қамқоршысы ретінде әрекет етуді маңызды деп есептеді. Сонымен қатар, зайырлы және шіркеу билеушілері мемлекетке білімді адамдар, түрлі салалардың мамандары қажет екенін түсінді.

 4.Милан өзінің қаруымен танымал болды, Флоренция шұға матаны жасаумен танымал болды, бұл қалада 300-ге жуық мата шеберханалары жұмыс істеді. Шеберханалардің қожайыны әдетте бай саудагерлер болды, ол жүнді сатып алды, жуушылардың, жүн түтүшілердің, тігіншілердің, бояушылардың жұмыстарын ұйымдастырды. Шұға өндірісінде барлығы 20-дан астам операция болды, олардың кейбіреуі шеберханада, ал басқалары - үйде жасалатын болды. Тоқу және иіру машиналары ескі римдік конструкциясында болды, бірақ жібек өндірісінде нағыз машиналар пайдаланылды. 1273 жылы Болоньеда механик Фрэнческо Бориано 400 жұмысшыны ауыстыра алатын су дөңгелекпен іске қосылатын жібек мата тоқитын машинасын жасады.

 5.Франция арқылы өтетін жол қауіпті болғандықтан, саудагерлер ақшаны алып жүрмеуді жөн көрді: олар Флоренция мен Сиенадағы өсімқорларға ақшаларын беріп, оларды қолхат – вексельге айырбастайды. Осы вексельмен Парижде ақшаны алуға болатын еді. Сиенаның өсімқорлары бүкіл Еуропа бойынша операцияларды жүргізді: олар Рим папасынан шіркеу оңдық төлемдерін алып және аванс төлеп, елден салық жинады. Мысалы, XIII ғасырдың ортасында Бунсиньорилер әулетінен шыққан өсімқорлар "Бунсиньоридің үлкен банкі" атты компаниясын құрып, ірі ақша айналым жұысын жүргізді.

 Сол кезде банк деп үстелді айтатын еді, себебі банкирлер монеталарды үстел қасына отырып айырбастаған. Орта ғасырларда өсімөорлық еврейлердің кәсібі болды, және XIII ғасырда бұл тыйым салынған істі Құдайдан қорықпайтын итальяндық банкирлер игерді. Англияның королінің өзі Флоренциялық Барди банкиріне бережақ болды.

 6.Ұлы географиялық ашулар дәуірінде бүкіл әлемге танымал болған көптеген теңізшілер мен ғалымдар - П. Тосканелли, Х.Колумб, Дж Кабот, А. Веспуччи - итальяндықтар болғаны кездейсоқ емес. Саяси түрде бытыранқы болған Италия сол кезде Еуропадағы ең дамыған экономика мен мәдениетке ие болды. Жаңа заманға ол талғағыш және күрделі мәдениетімен кірді.

 7.Ренессанс кезінде архитектурадан мүсіндеу өнері бөлінді, қалалық ландшафтын өзіндік элементі ретінде жеке ескерткіштер пайда болды. Сурет өнерінде, мүсін сажауда және графикада портреттік жанры кең тарады, бұл Ренессанстың гуманистік көзқарастарына сәйкес келді.

 8.Бастапқыда латын тілінде дамыған Ренессанстік әдебиет біртіндеп ұлттық, итальяндық әдебиетке қарай қадам жасады. XVI ғасырдың ортасында Тоскана диалектісі негізін құрған итальяндық басым болда. Бұл Еуропадағы алғашқы ұлттық әдеби тіл болды. Осы тілге көшу Ренессанс білімінің кеңінен таралуына ықпал етті.

 9.XVI ғасырда Италияда қазіргі заманғы мағынасында сай ұлттық театр пайда болды. Итальяндық халық комедиялары прозада жазылып және шынайы сипатқа ие болып, яғни шындыққа сай келетін, Еуропадағы алғашқы комедиялары болды.

 10. Италияда Еуропаның кез-келген елімен салыстырғанда музыкаға деген сүйіспеншілік кең таралды. Ол жаппай сипатқа ие болды және халықтың кең тараған бөлігінің күнделікті өмірінің ажырамас белгісі болды. Ренессанс осы салаға үлкен өзгерістер әкелді. Әсіресе оркестрлер танымалдыққа ие болды. Музыкалық аспаптардың жаңа түрлері жасалып, ішекті аспаптардың бірінші қатарына скрипка шықты.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу