Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

№1 тапсырма. Берілген суреттердің қайсысы еуропалық, қайсысы моғолдық екенін анықтап, түсіндір.

Төмендегі критерийлерге сәйкес суреттердің ортақ белгілерін анықта.

  • Сурет атауы;
  • Перспективасы (сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі немесе оның жоқтығы);
  • Сюжеттің сипаты (зайырлы әлде діни);
  • Суреттің бөлшектерін талдауы (нимба, путти);
  • Реализмнің деңгейі;

Акбардың мавзолейі. Сикандра https://kk.wikipedia.org/wiki/

Бир-Бал раджаның сарайы Панч-Махал. Моғол императоры Жаһаңгір екі баласын қабылдауда, Фатхпур-Сикруhttps://kk.wikipedia.org/wiki/ 1605-06. https://kk.wikipedia.org/wiki/

Жолбарысқа мінген Дурга.Манускриттен миниатюра. Гуджарат. XV ғасыр Бомбей, Принц Уэльскийдің музей https://kk.wikipedia.org/wiki

Қосымша 2

 

№2 тапсырма. «Ұлы Моғолдар империясының суретшілері гуманизм идеяларын қалай түсінді?» тақырыбында мини-эссе жазыңдар.

Нұсқаулық: Кіріспе бөлімінде: басты ой, позиция (ұстаным), негізгі бөлімде: негізгі аргумент, түсіндіру, мысал, аргументті қорытындылау, қорытынды бөлімде: кіріспеде айтылған басты ұстаныммен ойды қорытындылау.

Қосымша 3

Қайта өрлеу дәуірі мен моғолдық бейнелеу өнері арасындағы байланыстар. Төменде берілген ақпаратты оқушы эссе жазу үшін қолдана алады:

  •  Қолда бар мәліметтер бойынша моғолдар өнері Еуропаға қайта өрлеу дәуірі кезеңінде жетті.
  •   1580 жылы император Джехангирдің әкесі Акбар иезуиттік миссионерлердің соңынан онтүстік Үндістандағы португалдық Гоаға жіберілді, оған еуропалық өнер үлгілері сыйға тартылды.
  •  Акбар өте көп діни суреттер мен статуялар көрді, суреттердегі реализм мен көрініске таңданды. (тіпті өзінің сарайындағы суретшілер неғұрлым жақсы дайындықта болса да).
  •  Акбар өзінің суретшілеріне еуропалық өнер туындыларының бөлшектерінің көшірмелерін жасауға және оларды өзінің миниатюралық суреттеріне қосуды бұйырды.
  •  Моғол суретшілері билеушілер мен маңызды тұлғалардың ұлылығын айқындау үшін әшекейлер ретінде нимбалармен және глобустармен , шағын қанатты херувималармен (путти) бейнеледі. Аталған барлық бөлшектер еуропалық бейнелеу өнерінен алынды.
  •  Иезуиттер үміттенгендей Моғолдар және олардың суретшілері христиан дінін қабылдаған жоқ. Сондықтан олар өз бейнелеу өнерінде техника мен кейбір бөлшектерді көшіріп алғанымен, бұл бөлшектер христиан дініндегідей мазмұнға ие болған жоқ. (мысалы, нимба әулиеліктік белгісі емес, биліктің белгісі)
  •  Бай парсы мәдени мұрасынан келген миниатюралар өте нәзік, талғамы жоғары болды. Талантты сарай суретшілері императордың қолдауымен жоғары мансап жасай алды және өз саласының шеберлеріне айнала алды.(мысалы, сарай адамдарын немесе жануарларын)
  •  Еуропалық қайта өрлеу дәуірінің шынымен соқтығысқан кезде Үнді өнері де өз дамуының шыңында болды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу