Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

№1 тапсырма. Төменде берілген сұрақтар негізінде екі суреттің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстыр.

  • Суреттер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай?
  • Қай сурет қайта өрлеу дәуірінде салынды? Неліктен?
  • Қоғамдағы қандай жағдайлар суретке өзгерістер әкелді?
  • Суретшілер көрерменнің бойында қандай сезімдер тудыруға тырысты?

http://www.metmuseum.org/toah/works-of-art/2004.442

Қосымша 2

№2 тапсырма. Төменде берілген сұрақтар негізінде екі суреттің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстыр.

1.Суреттердің қайсысы қайта өрлеу дәуіріне дейін және қайсысы қайта өрлеу кезінде салынған? Неліктен?

2.Қайта өрлеу кезінде салынған суреттен орта ғасырлық бейнені қалай анықтауға болады?

https://rjosephhoffmann.files.wordpress.com/2010/06/crucifiction-of-our-lord.jpg

Қосымша 3

3 тапсырма. Төменде берілген Қайта өрлеу дәуірі басталуына әсер еткен 9 факторды топтастырып, оған атау бер және өзгерістерге ықпал еткен себептерді ұзақ мерзімдіден қысқа мерзімдіге дейін түзу сызық негізінде орналастыр.

 Кәсіби суретшілер

Суретшілер бейненің тереңдігіне қолжеткізу үшін перспективалы суреттеуге тырысты. Олар адамдардың нобайларын дәлдікпен салып, жаттығып өз жұмыстарына алдын-ала мұқият дайындалды. Адам анатомиясын зерттеуге (адам мүрдесін зерттеуге мүмкіндігі туындаған) байланысты адам денесі туралы көбірек белгілі бола бастады. Бұл суреттер мен мүсіндердің неғұрлым шынайы және өмірге жақын болуына ықпал етті.

 Байлардың бос уақытыКөпестер мен банкирлердің жаңа табыстары мен байлықтары оларға демалысқа және өз ақшаларын рухани қажеттіліктері үшін жұмсауға қосымша уақыт берді. Байлар өз табыстарын қалай жұмсағандықтары туралы

Бай меценаттар, әсіресе Медичилер ең үздік суретші, мүсінші және ғалымдарды жалдау бойынша бір-бірімен жарысқа түсті. Олар, сонымен қатар, тамаша ғимараттар салу, үздік көне және заманауи өнер туындаларын жинау бойынша бір-бірімен бәсекелестікке түсті. Бұл басқа да еуропалық мемлекеттерден үздік суретшілер, мүсіншілер мен ғалымдарды жұмылдыруға мүмкіндік берді.

 Қара індеттің әсері1348 және 1349 жылдар аралығындағы індет Еуропа тұрғындарының үштен бірінің қырылуына әкелді. Кейбір тарихшылар бұл еуропалықтардың сол сәттегі ләззәттің қамын ғана ойлауының кесірінен болды деген пікірлер айтады. Бай италияндықтар өз қаржыларын көбінесе христиандыққа емес, өздеріне жұмсауға ғана дайын болған. Италиялық қала-мемлекеттер-«Жаңа Рим».

XV ғасырдағы көптеген қала-мемлекеттер республикалар болды (халық атынан билік жүргізген үкіметтер), ол кезде тіпті бір ауқатты отбасы шынымен билік жүргізе алды. Патшалар болмады, дворяндар билігі банкирлер мен көпестердің өсіп келе жатқан байлығымен шектеліп, тежелді. Бұндай қалалар өздерін «Жаңа Рим» деп атады. Өздеріне ежелгі грек және Рим империясының білімін, билігін, атағын, байлығын, мәдениетін ашты.

 Шіркеу және гуманизм

Римдік католик шіркеуінің штаб-пәтері Римде орналасты. Папа мен кардиналдардың (жоғары шіркеу шендері) билігі мен байлығы үздік суретшілер, мүсіншілер және ғалымдар іске тартылды және жақсы жалақы алды дегенді білдірді.

Кейбір итальяндықтар (шіркеу қызметкерлері) дінге деген көзқарастардан және гуманизмнің таралуынан әсер алды. Әлемге байланысты бұндай көзқарастың қалыптасуы адамның денесі Құдайдың бейнесі мен кейпіне сәйкес жасалғанын айтып тұр. Шынайыға жақын, табиғи үлгіде әулие және қарапайым адамдардың бейнесін суреттеу, бейнелеу, мүсіндеу қолайлы болды. Гуманистер ежелгі грек, рим мәтіндерін түпнұсқа түрінде зерттеуді қалады. Мысалы, Библия немесе грек пьесалары.

 Ежелгі және жаңа білімге құштарлық

1396 жылы Италия қаласы Флоренция византиялық ғалым Мануил Хрисолорды университетте дәріс оқуға шақырды. Ол (және оған ұқсас гректер) Батыс Еуропада ғасырлар аралығында жоғалған (немесе ескерілмеген) ежелгі грек және рим мәтіндері туралы білімдерді таратты. Бұл Италияда адамдардың үнемі ежелгі және жаңа білімге құштарлығының бар болғанын білдірді.

Байлардың дәулеті XV ғасырда итальян қалалары сауда мен банк істерінің маңызды орталықтарына айналды. Бұл байлардың орасан зор ақшаға ие болғандығын және оларды жұмсай алғандығын білдіреді.

 Баспа станогы

1445 жылдан бастап баспа станогын қолдану бүкіл Еуропаға таралды. Монастырлардың кітапханаларында сирек кездесетін түпнұсқалық қолжазба кітаптардың орнына олардың көшірмелерін жасау анағұрлым арзан және қолайлы болды. Бұл Италияға жаңа идеялар келгенін және осы жерден неғұрлым жылдам тарала бастағанын білдірді. I Яковтың суреті мен сарай суреті бойынша жазбалар Ұлыбританияда жасалды. Оны 1606 жылы құдіретті моғолдық Үндістанның императорына ағылшын елшісі сыйға тартты. Суретте Яков кез-келген билеушімен құқығы тең құдіретті және ұлы монарх ретінде бейнеленген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу