Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар6.24.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім Қайта өрлеу дәуірі

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?

 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.3 - Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау;

6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;

Сабақ мақсаттары

  • Ренессанс мәдениетін сипаттау;
  • Ортағасырлық мәдениетпен (бейнелеу өнері, мүсін) салыстыру;
  • Гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;

Бағалау критерийлері

 

  • «Орта ғасыр» мен «Ренессанс» дәуірі суреттерінің негізінде ой-талқы ұйымдастырады;
  • Орта ғасыр мен Ренессанс дәуіріндегі суреттердің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасында салыстырады;
  • «Орта ғасыр» мен «Ренессанс» дәуірі аралығындағы еуропалық мәдениеттегі маңызды өзгерістерді анықтап, «Уақыт сызығында» орналастырады.
  • Қайта өрлеу дәуірі суретшілерінің өнер туындылары туралы ақпаратты кестеде толтырады;

Тарихи концепт

 

Өзгеріс және сабақтастық

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар өз пікірлерін жұппен және сыныппен келесі сұрақты қарастыру арқылы талқылай алады:

1300 және 1500 жылдар аралығында еуропалық көркем сурет өнері қалай өзгерді?

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қайта өрлеу, Византия, Шығыс Рим империясы,

Ортағасырлық Еуропа, Еуропалық Қайта Өрлеу, Ренессанс, перспектива, шынайылылық, нимб (нұр, сәуле), путти, нақыш, утопия,.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл сурет менде мынадай сезім тудырды .....

Суретші мені мыналар арқылы.... бұндай нәрселерді сезінуге мәжбүр етті.

Суретші суретті.......... арқасында шындыққа жақын етіп жасады.

Мен бұл сурет .........кезеңге дейін\кейін салынған деп санаймын.

Қайта өрлеу себебі..........

Екі суреттің арасындағы ұқсастық пен айырмашылық.................

Суретшілер көрерменді.......... сезінуге мәжбүр етуге тырысты.

Өнерде 200 жылда жүзеге асқан өзгерістер................

Бұл суретте басқа суретпен байланысы бар, себебі.............

Құндылықтарды дарыту

 

 

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

Орыс әдебиеті (мәдениет тақырыбы)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

 

Оқушылар бұған дейін оқытылған белгілі бір географиялық факторлардың жиынтығы орасан зор мәдени және зияткерлік өзгерістерге әкелген кезеңдерді еске түсіру қажет болады (мысалы, ислам дінінің пайда болуы). Оқушылар себеп және өзгерістер тұжырымдамалары туралы өз түсініктерін дамыта түсуді жалғастырады.

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-7 мин

БЫМ/С Орта ғасыр суреттері мен Ренессанс бейнесін бейнелейтін бейнематериалды төмендегі сұрақтар арқылы талқылау.

1.Кескіндеме дегеніміз не?

2.Суреттің қандай элементтерін көрдік?

3.Орта ғасыр суреттері несімен ерекшеленеді?

4. Орта ғасыр мен Ренессанс картиналарын қалай салыстыруға болады?

Бейнематериалды көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.

Презентация

Бейнематериалмен жұмыс:Италия-Византиялық өнер https://www.youtube.com/watch?v=tTfzCRf9Kzk

Сабақтың ортасы

Мұғалім түсіндірмесі

7-10 мин

Топтық жұмыс түрі

10-20 мин

Топтық жұмыс түрі

20-30 мин

Жұптық жұмыс түрі

30-37 мин

М. Оқушыларға «Орта ғасыр» мен «Ренессанс» дәуірінің суреттерінің негізгі белгілеріне қарап, «аскетизм» және «гуманизм» деп екі топқа бөліп, терминнің мағынасын түсіндіру.

Т.Оқушыларға 8 ғасырдағы Византиялық Христосты керу суретін және Ортағасырлық Христосты керу суретін Қайта өрлеу дәуірінің Христосты керу суретін ұсынып, «Суреттің ерекшелігі неде?», -деген сұрақ төңірегінде ой- талқы ұйымдастыру.Т. Топқа арасы 200 жыл өткен «1300жылғы ортағасырлық әулие Мария және бала Христос суретін» және «1500 жылғы Қайта өрлеу дәуірінің әулие Мария және бала Христос суретін» ұсынып, Орта ғасыр мен Ренессанс дәуіріндегі екі суреттің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасында салыстырту.

Т. Таратпа материал бойынша оқушылар 200 жылдан астам уақыт бойы еуропалық мәдениеттегі маңызды өзгерістерді анықтайды. Олар бұл өзгерістер Ренессанстың дамуына қалай әсер ететінін болжайды.  Оқушылар осы кезеңдер арасында Европада қандай оқиғалар өткенін айтып, оларды «Уақыт сызығында» орналастырады..

Ж. Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілері: Рафаэль Санти, Леонардо да Винчи, Микеланджелоның өнер туындыларымен таныстырып, жұпта кестені толтырту.

Дескрипторлар:

  • «Орта ғасыр» мен «Ренессанс» дәуірі суреттерінің негізгі белгілеріне қарап, «аскетизм» және «гуманизм» терминдерінің мағынасын түсінеді;
  • Екі кезеңде салынған Христосты ағашқа керу суреттерінің негізінде ой талқы ұйымдастырады;
  • Орта ғасыр мен Ренессанс дәуіріндегі «Әулие Мария және бала Христос» суретінің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасында салыстырады;
  • 1300-1500 жылдар аралығындағы еуропалық мәдениеттегі

маңызды өзгерістерді анықтап, «Уақыт сызығында»

орналастырады.

  • Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілері: Рафаэль Санти, Леонардо да Винчи, Микеланджелоның өнер туындылары туралы ақпаратты кестеде толтырады;

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

35-40 мин

Рефлексия:

«Борт журналы»

Бұл тақырып туралы бұрын мен не білемін?

Бұл тақырып туралы жаңа ақпарат білдім

  • Мәтіннен
  • Сабақта
  • Сыныптастарымнан
  • мұғалімнен

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу