Қазақстан еліне сиқырлы саяхат. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су- тіршілік көзі»

Мерзімі: 4-тоқсан

  • Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» жобалау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.3 Әр түрлі дереккөздердің негізінде табиғи ортадағы тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау;

3.1.4.4. табиғи ортада өз қауіпсіздігін жоспарлау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- Табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтайды және бағалайды.

- Табиғи ортада өз қауіпсіздігін жоспарлайды.

Бағалау критерийлері

-

- саяхат сызбасын нысандардың ерекшелігіне қарай құрастырады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- Су нысандары маңайында халықтың шоғырлануы туралы әңгімелейді.

Терминология:

  • Тәуекел
  • Қауіпсіздік
  • Маусымаралық
  • Су нысандары

Талқылауға арналған сұрақтар:

- «Тәуекел» және «қауіпсіздік» сөздерін қалай түсінесіңдер?

Жазуға берілетін тапсырма:

- маусымаралық қолайсыз ауа райы жағдайлары және табиғи апаттар кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін құру.

Құндылықтарды дарыту

Қауіпсіздік – ауа райының қолайсыз жағдайындағы қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады.

Сыйластық пен ынтымақтастық – жоба жасау, қорғау кезіндегі бірлескен жұмыстан көрінеді.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану (тарих): су нысандарының тарихына шолу жасау.

Көркем еңбек: жоба бойынша суреттер салу, постерді безендіру.

Информатика: саяхат барысында ғаламтормен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Өткен «Айналамыздағы қауіп-қатер» сабағынан апаттарды ажырата алады, ауа-райының қолайсыз жағдайындағы және табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын, өзін-өзі ұстай алу ережелерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-6

  • Бейнематериалды көрсету (ұжымда)

Оқушыларға Қазақстан туралы шағын бейнероликті көру ұсынылады.

Талқылау сұрақтары:

-Бейнероликте Қазақстанды қалай таныстырады?

- Қазақстанды қандай елдермен салыстырды?

- Сен өз еліңді мақтан тұтасың ба? Несімен?

- Көрсетілген аймақтарда қандай қауіп-қатер болуы мүмкін?

Жетекші сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатына шығады.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- Табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтайды және бағалайды;

- Табиғи ортада өз қауіпсіздігін жоспарлайды.

Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=c1RWBK-_U-8

ұзақтығы: 1:27

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

6-9

10-13

14-27

28-35

  • «Картадан белгіле» тапсырмасы

Оқушылар 4 топқа бөлініп, берілген су нысандары бойынша жұмыс жасайды. (29 сабақ материалымен байланыс жасалады)

Ұсынылатын су нысандары:

1-топ: Балқаш көлі;

2-топ: Ертіс өзені;

3-топ: Алакөл көлі;

4-топ: Есіл өзені.

Осы нысандарды оқушылар картадан тауып, белгілейді. Қай облыста орналасқанын, қай аймақтарды басып өтетінін, нысандар маңайында халықтың шоғырлануы туралы әңгімелейді.

Бағалау критерийлері:

  • Су нысандарын картада дұрыс белгілейді;

  • «Саяхат сызбасы» жобалау әдісі (топпен)

Оқушылар ақылдасып, Қазақстандағы су нысандарына саяхат сызбасын құрастырады.

Оқушылар топтағы рөлдерін анықтайды (команданың көшбасшысы, уақыт белгілеуші, жобалаушы, спикер және т.б.).

Бағалау критерийлері:

- нысандардың ерекшелігіне қарай саяхат сызбасын құрастырады;

  • «Сиқырлы саяхат» жоба стратегиясы (топпен)

Оқушылар саяхат сызбасында алғашқы және соңғы бекетті таңдап, алгоритм бойынша жұмыс жасайды.

1) Баратын жерлерінің климат жағдайын анықтайды.

2) Көлік түрлерін таңдайды.

3) Жер бедерін анықтайды.

4) Қолайсыз ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік шараларын жоспарлайды.

5) Маусымға сәйкес белгіленген мөлшердегі қаражатқа байланысты азық-түлік тізімін жасайды, саяхатқа қажетті заттар тізімін құрайды (киім, аяқ киім, жеке керек-жарақтар).

Тапсырма орындауда ғаламторға кіру мүмкіндігін қарастырыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • табиғи ортадағы қауіп-қатерлердің алдын алады;
  • табиғи ортада өз қауіпсіздігінің ережесін құрайды.

  • «Жоба қорғау» (топта, ұжымда)

Әр топ өз жобасын қорғайды.Басқа топтар жоба бойынша сұрақ қояды.

-Бағдарлық жоспарлауда не есепке алынбаған?

-Осы затттарды таңдап алу себебі неде?

-Қандай қиындықтар кездесуі мүмкін?

-Ең негізгі қауіп-қатерлер қандай?

-Оларды қалай алдын-алуға болады?

-Қиындықтардан қалай шығуға болады?

Жобаны бағалау критерийлері:

-саяхатты нысан ерекшелігіне сай жоспарлаған;

- өз шығындарын оңтайландырған;

- нысанға сай туризм түрлерін қарастырған;

- нысанның табиғат жағдайлары және олардың адам өміріне әсері қарастырылған;

- табиғи климаттық қолайсыз жағдайға байланысты қауіпсіздік сақтау шараларын

құрған.

Оқушылар ең үздік жобаны таңдап, бағалайды.

Қазақстанның картасы

Маркерлер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Маркерлер,

Ақ парақтар, қарындаштар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Маркерлер,

Ақ парақтар, қарындаштар

Қоңырау немесе құм сағат

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия: «Аралда» әдісі (жеке, ұжымда)

Сабақта қорғалған барлық жобалар бойынша сұрағы жоқ оқушылар стикерлерін «Қуаныш аралына», түсінбеген, әлі де сұрақтары бар оқушылар «Мұңды аралына» жапсырады.

Егер «Мұңды аралына» барған оқушы болса, себебін біліп, қолдау көрсету қажет.

Стикерлер

Аралдар суреті

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға аймақ бойынша қолайсыз климаттық ауа-райы жағдайын, техногенді және табиғи климаттық апаттар туралы себеп-салдарын анықтауда белсенділік танытуын ұсынылады.

Оқуда кедергісі бар оқушыларға «Картадан белгіле» тапсырмасында нысанның қай облыста орналасқанын айтып, қолдау көрсетуге болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Сиқырлы саяхат» жобасында топтар бір- бірін бағалау арқылы үздікті анықтайды.

Мұғалім жұмыстарды берілген негізгі критерийлер бойынша бағалайды.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу