Жарысқа негізделген ойын түрін ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары №

2-бөлім: Ойын арқылы мәселені шешу дағдылары

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Класс: 8

Қатысатындар саны:

Сабақта жоқ:

Сабақтың тақырыбы:

Жарысқа негізделген ойын түрін ұйымдастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.1 – кең ауқымдағы дене жаттығуларында композициялық идеялар мен стратегияларды, тактикаларды бағалау және анықтау

 Сабақ мақсаттары:

Тактика мен стратегиялардың әдістерін ойлап табу

 Бағалау критерийлері

- ойын барысында шабуыл мен қорғаныс тактикаларын көрсете алады;

- қарсылас топтың ойын барысындағы шабуыл мен қорғаныс тактикаларын бағалай алады.

Тілдік мақсат

Пән лексикасы және терминология:

  • қабылдау, беріс
  • соққы, дәлдік, пас, затты біреуге беру
  • шабуыл, қорғаныс
  • тактика, техника, стратегия, шешім
  • қауіпсіздік, ойын ережесі
  • қорғаушы, шабуылшы, ойыншы, шабуылдаушы, дәнекер
  • ойын комбинациясы

Құндылықтар

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қабілет, бір-біріне көмек көрсету қабілеттерін дамыту.

Пәнарлық байланыс

Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс, қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс.

  АКТ- ны қолдану

Ғаламтордан ақпарат табу үшін ноутбуктерді пайдалану, сабақты видео құралдарға жазып алу.

Бастапқы білім

Оқушылар спорттық ойындардың, эстафетаның спецификалық түсініктерін біледі, алдыңғы сыныптарда үйренген дағдыларын игерген болады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Құралдар

Сабақтың басы

  1 мин

1 мин

4 мин

4 мин

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Әрі қарай сыныппен «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды:

  • Сендер қандай жарыстарға қатыстыңдар?
  • Жарыстарды кім ұйымдастыра алады?
  • Спорттың қандай түрлерінен жарыс ұйымдастыруға болады?

Тақырыбы: «Жарысқа негізделген ойын түрін ұйымдастыру».Мұғалім оқушылардың сабақ мақсатын өздеріне құрастыруды тапсырады, содан кейін дайын мақсаттармен салыстыртқызады.

(С, Ж) Мұғалім жүгіру жаттығуларын денені қыздыру үшін жасатқызады. Одан кейін сынып ішінен қабілетті балағы дене бұлшықеттерін созу мақсатында аттығу жұмысын жасатқыздырады.

Кең бос кеңістік, теннистік доп, алашалар

Сабақтың ортасы

3 мин

2 мин

5 мин

2 мин

4 мин

1 мин

7 мин

1 мин

(С, Т) Мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі, керекті сілтемені ноутбуктерінде ашыды ұшынады.

1-топ: тактика не екенін табады;

2-топ: стратегия не екенін табады.

(С, Т, К) Көрген материалды талқылау.

(С, Т) Әрі қарай мұғалім сыныпты 2 командаға бөледі. Карточкаларды таратады, әр командаға ойын шартымен танысуға және стратегия мен тактика ойлап табуға 2 минут уақыт береді.

«Екі доппен тор арқылы» ойыны

Дескрипторлары:

  • Ойын 3 минутқа созылады;
  • Екі қолмен желке тұстан лақтыру жүреді;
  • Алғагшқы болып 10 ұпай алған косманда жеңіске жетеді.

Сұрақ: Ойын барысында сіздер қандай стратегиялар мен тактикаларды пайдаландыңдар?

(С, Т, Ж) Мұғалім әр топқа тапсырмалары таратады.

Әрі қарай топтардың бірі алаңның бір жағына, ал екіншісі келесі жаққа кетеді:

  • Допты ойынға астынан қосуды жүзеге асыру;

Қабілеттері жоғары оқушылар келесіні орындай алады:

  • Белгіленген нүктелерге бағыттап доапты ойынға қосу.

Осы кезде мұғалім әр оқушыға кері байланыс беріп, іс-әрекетті дұрыс істеуге бағыттап отырады.

(С, Т, Ф) Волейбол ережелері бойынша оқу-жаттығу ойыны. Оқушылар сол командаларында қалады. Командалар тактикаларын талқылайды.

Ойын барысында мұғалім ұсыныстар беріп отырады:

  • Белгілі бір зонаға бағыттап допты ойынға қосуға тырысу;
  • Белгілі бір зонаға бағыттап допты қабылдау.

Мұғалім ойын барысында әр оқушыға кері байланыс беріп, бағалап отырады. Ойын аяқталған соң командалар қарсы командаларды бағалайды.

Ресурсқа сілтеме: http://bmsi.ru/doc/2e76bd3d-a8f0-470a-955a-8b0133682534

ысқырық, ноутбуктер, волейбол доптары, тор

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім, неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды
  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, қаламдар.

Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асатындай болды ма?
  • Барлық оқушылар ОМ жете алды ма?
  • Егер жете алмаса, неліктен жете алмады?
  • Сабақта саралап оқыту дұрыс жасалды ма?
  • Сабақта уақыт кезеңдері бұзылған жоқ па( уақыт жоспарын орындадым ба)?
  • Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі К = оқытушы көрсетеді Ф = формативтік бағалауды қолдайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу