Ойын комбинацияларын құрастыру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Топты қалыптастыру ойындары

Мектеп:

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ойын комбинацияларын құрастыру

Оқыту мақсаты:

9.2.3.1 қолайлы оқу ортасын құруда бірлескен және тиімді жұмыс істеу дағдыларын бағалау;

Сабақ мақсаты:

Оқушылар волейбол ойынында либеро ойыншысының міндеттерін үйренеді және орындайды

Бағалау критериі

Бірлескен және тиімді ойын жағдайында бірқатар қолдау көрсету дағдыларын түсіндіреді және қолайлы оқу ортасын құру үшін қорытынды жасайды.

Тілдік мақсаты:

Тілдік оқыту мақсаты:

Оқушылар жасай алады:

Топта қалыптастыру ойындары шеңберінде өздерінің дағдылары мен түсініктерін сипттау, талқылау, көрсету

Пәндік лексикамен терминология:

  • шабуыл
  • қорғаныс
  • бірлескен ойын, жарыс, кеңістіктегі бағдарлау
  • топтық жұмыс
  • әдіс, айла
  • доппен қозғалыс
  • жүгіру, жылдамдықты өзгерту,
  • доп беру,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркесі

Талқылау сұрақтары:

  • Топ қандай әдістер қолдануы мүмкін? Сіздің тобыңыз жақсы жұмыс жасай алу үшін сіз не істей аласыз?
  • Сабақта денсаулыққа қауіп төндірмеу үшін не істей аласыз?
  • Топ жетекшісі команда ойынын жақсы ұйымдастыра алдыма? Ойында және төрелікте ойын шартын бұзу байқалдыма?
  • Қорғанушы ойыншыға қарсы ойнау үшін қандай тиімді тәсіл бар?
  • Ойын барысында назарыңызды бір ойыншыға немесе барлық ойыншыға аударған дұрыс.

Насихаттау құндылықтары

Оқуға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын ояту,

шығармашылық және зерттелетін материалға сыни көзқарас,

олардың физикалық жай-күйін, ой-өрісін, қатынасын және сипатын тұрақты дамыту. оқушыларды өз бетінше оқып үйренуге, өзара қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға және конструктивтік тәсілді дамытуға, қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін дағдылар мен қабілеттерді дамыту.

Пән аралық байланыс:

Биология – Бұлшық еттердің шаршауы.

Физика – бұлшық еттердің динамикалық жұмысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Ноутбуктің және проектордың көмегімен мақсатты көрсету, бағалау критерийлері, дескрипторлар қарау

Алдыңғы білім:

Бұл сабақ алдыңғы сабақта алынған дағдыларды дамытуға негізделген. Оқушылар осы бөлімде қолданылатын физикалық қасиеттер мен қозғалтқыш қабілеттерін дамытты.. Олар біледі,орындай алады: қауіпсіздік ережесін., «Волейбол» ойынының ережесін, допты жоғары , төмен беру тәсілдерін біледі, төменгі түзу, допты ойынға қосу, доппен қыздырыну кешенін біледі, «үйлестіруші», «орталық қорғаушы» және «ойынды аяқтаушы» қызметтерін біледі

Сабақ барысы

Сабақты жоспарлау кезеңі

Жоспарланған сабақ әрекеті

Ресурстар

Сабақ басы

10 минут

Мұғалім оқушылармен амандасады.

Қауіпсіздік ережесін қайталайды.

Оқушыларға кіріспе сұрақтар қойып сабақ тақырыбымен,оқытудың мақсаттары және дескрипторларымен таныстыру

Жаттығу жүрісі: аяқтың ішкі жағында, аяқтың сыртында, аяқтың ішкі жағында.

Жүгіру жаттығу: 3 мин.

Жалпы дамыту, сабақта берілетін жүктемеге бұлшық еттерді дайындау

Үлкен бос кеңістік

Ноутбук, проектор.

Конустар .

Мұғалімге ысқырғыш.

№1 Карточка «волейбол добымен жаттығу кешені»

Негізгі бөлім

25 минут

Либеро ойыншысының міндеттерін орындай білу және орындау

«Либеро» ойынышысының 5-ші аймақта қорғану және сақтандыру міндеті

Допты ойынға қосқаннан кейін әрқашан 5-ші аймақта болады.қарсылас допты ойынға қосқаннан кейін допты қабылдап алу.Қарсылас допты ойынға қосқан кезде Либеро допты қабылдау нүктесін нақты таңдай алады және үйлестірушіге допты тура бере алады .Үйлестірушіге допты бергеннен кейін шабылдаушының артына сақтандыру үшін жүгіруі тиіс.Доп қарсылас аланыңа өткен уақытта бірден өз аланыңа қайтып, қарсылас соққысын күтуі тиіс . Қарсылас жақтан шабуыл болмаған кезде үйлестіруші жанына жүгіріп жетіп сақтандыру шарасын жасауы тиіс. Қарсыластын шабуы кезінде либеро қорғаушының сол жағына орналасуы тиіс. Қарсылас допты ойынға қосқан кезде алаңның үлкен бөлігін алуы тиіс, басқа ойыншылар кедергі жасамау үшін . Либеро 5 аймаққа ұшқан барлық қиын доптарды қабылдау тиіс және алдау әдісінің доптарында қабылдауы керек барлық қиын доптарды қабылдау тиіс . Әрдайым қарсылас шабуының немесе алдау тәсілінің өз алаңына түсуін күтуі тиіс

Дескрипторлар:

- қарсылас допты ойынға қосқаннан кейін допты қабылдап,үйлестірушіге жеткізу

- өз командасы шабуылға шыққан кезде допты сақтандыру шараларын

- Қарсылас топ шабуылы кезінде қорғаушының сол жағында орналасу

- Әріптестеріне қиын жағдайларында көмек көрсетеді

- Ойын барысында қауіпсіздік іс шараларын сақтайды

Үлкен бос кеңістік

Волейбол торы

Волейбол добы

Мұғалім ысқырғышы

№5 карточка

«Либеро» ойыншысының міндеттері

Қортынды бөлімі

5 мин

Қорытынды кезеңі сапқа тұрғызу:

Мұғалім сабақтың жағымды жақтарын көрсетеді

Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер».

Бүгін мен білдім……

Мен жақсы жасай алдым….

Қиыншылық туғызды……

Оқушылар рефлесиялық карточкаларды толтырады.

Мұғалім үй тапсырмасын береді:

-Соңғы 15жылдағы чемпиондар лигасында ойнайтын волейбол клубтарын жаттап келу

-Таңғы жаттығу,еденнен кеудені көтеру, арқаға жатып кеудені 90 градусқа көтеру

Мұғалім оқушылармен қоштасады спорт залдан саппен шығарылады

Рефлексиялық картолар

Бағалау картасы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Қалай сіз көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Ыңталу оқушылар алдыңа қандай тапсырма қоясыз?

БағалауОқушылардың мәліметте қабылдағанын қалай бағалайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау

Қабілетті оқушылар аланын беткі бетіне жақын орналасады допты сақтандыру қабылдау үшін балық әдісін қолданады

Өзін-өзі бағалау өзінін іс әрекеттерін дискрипторды қолдана отырып бағалау және мұғаліммен кері байланыс жасай отырып ойынның түрлі жағдайларын бағалау

Қаупсіздік ережесін қайталау ойын барысындағы қауіпті түсінеді және ойын кезінде бір бірімен соқтығыспауға тырысады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты шынайы болды ма?

Барлық оқушылар СМ жетті ме?

Жоқ болса неге?

Сабақта деференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ барысында бөлім уақыттары сақталды ма?

Жоспардан ауытқыған сәттер болды ма және неге?

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу