Ойын комбинацияларын дамыту. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-тарау Мектеп: ХББ НЗМ

Сынып; Күні. Мұғалімнің аты-жөні: Жакашев.Е.С

9____

Қатысқандар саны 9 -----------

Қатыспағандар саны 9 ------------

Сабақ тақырыбы

1. Ойын комбинацияларын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.1 Қолайлы оқу ортасын құруда бірлескен және тиімді жұмыс істеу дағдыларын бағалау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар волейбол ойынында допты беру қабылдау техникасын үйренеді

Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар жұппен тұрып допты төменнен және жоғарыдан беру әдісін орындайды.

2) Оқушылар жұпта тұрып допты екі қолмен жоғарыдан қабылдайды және береруді үйрендеді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Төзімділік – выносливость - еndurance

Ептілік – ловкость - adroitness

Жылдамдық – скорость - speed

Күшті – сильный - strong

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

командалық ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Допты беру
  • Допты қабылдау
  • адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • Қорғаныс ойыншысын жеңудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
  • Есепті жүргізу үшін қандай ойын әрекеттерін білесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

 

Теориялық білімдерін жетілдіру, Отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәні, тыныс алу жиілігін өлшеу.

АКТ қолдану дағдылары

Волейбол добымен ойындар құрастыру,

http://festival.1september.ru/articles/533057/

Бастапқы білім

Волейбол ойын ережелерімен таныстыру. Допты төменнен және жоғарыдан қабылдау әдісін дамытады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8мин

Сабақ басында:

1.Сергіту сәті «Кім жылдам»

2. АКТ қолдану арқылы оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3. Миға шабуыл әдісі

а) Волейбол сөзінің мағанасы?

б) Волейболда қанша адам ойнайды?

Арнайы жүгіру жаттығулары:

Жай жүру, шеңберді айналып жүгіру

Шеңбердің ішінде аяқты ашып, жинау қолды жоғары шапалақтау.

Шеңбердің ішімен қос аяқтап секіріп өту.

Шеңбер ішімен бір аяқпен алама кезек секіру.

Жанымен тұрып допты оң және сол қолмен алып жүру

Жерде отырып, допты оңға, солға екі қолмен ұру

Допты жерге ұрып, көтерілгенде ұстап алу.

Арнайы бой қыздыру жаттығулары:

Жалпы дамыту жаттығуын жасату. 

Созылу жаттығуларын орындау

Аяқты созу (растяжка)

Әрбір оқушыға кең жаттығу залы

Ысқырық,

секундомер, бор, түрлі доптар, волейбол доптар, фишки

25мин

Сабақтың ортасы

Допты жоғарыдан екі қолмен беру техникасы

(ЖЖ, Б, Ф Допты беру барысында бастапқы жағдайға, содан соң қол мен аяқты бүгіп тұруға үлгеру қажет. Допты саусақтың ұшымен ұстау допқа дұрыс бағыт жасау мүмкіндік береді. Қолдың доппен кездесуге беттен сәл алда болады. Допты алақанмен ұруға болмайды. Бұл ойын тәртібін бұзушылық және ойлаған нысанаға жетпеуі мүмкін.

Дескрипторы:

  • Аяғы иық бөлігінен алшақ орналасқан болу керек.
  • Денесі сәл алға қарай иілген;
  • Қолдарын бастың жоғарғы жағында ұстау
  • Дененің салмағы аяққа біркелкі түседі, бір аяғы алды да ұстау.

Саралау тапсырмалары:

А- деңгейі допты жоғарыдан тізесі жерде орналасқан күйде кереге ойнайды.

В – деңгейі допты жоғарыдан қабылдауды шеңбер ішінде орындайды.

С –деңгейі допты жоғарыдан қабылдауды жұпта жалғастырады. Бірінші ойыншы лақтырады, екінші жоғарыдан допты қабылдайды. /20рет/

Бағалау критерийлері: Ойында допты жоғарыдан екі қолмен беру техникасын дамытады.

Қалыптастырушы бағалау: Өсу сатысы әдісі арқылы

Допты төменнен қабылдауда аяққа отырып, қолдың білегін түзу ұстау арқылы допты қарсыласына беру.

Дескрипторы:

- Аяққа сәл иілген, білегін түзу ұстау.

-Аяқпен серпілу арқылы допты төменнен білекпен алу

-Иық сәл ішке иілген, білезік сәл төмен қарау керек.

Бағалау критерийлері: Допты төменнен беру әдісін орындайды.

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам әдісі

Саралау тапсырмалары:

А- деңгейі Допты жерге ұру арқылы көтерілгенде допты төменнен қабылдау техникасын көрсетеді.

В –деңгейі Допты төменен қабылдауды жұпта орындайды.

С-деңгейі Шеңберде допты жоғары кеңістікке лақтыру арқылы төменнен қабылдауды көрсетеді.

Эстафеталық ойындар:

1)Допты лақтырып жіберіп қуып жетіп ұстау керек.

2) Допты торға лақтыру арқылы,жерге түсірмей ұстап алу керек.

3) Доп қолдарында торға жүгіріп барып, жанынан тұрып допты лақтыру, оңға және солға лақтыру арқылы қағып алып келіп ойыншыға алып барып беру керек.

4) Тор арқылы допты төменнен және жоғарыдан қабылдауды орындайды.

Оқушылар екі жақты ойынын жалғастырады.

Волейбол добымен ойындар құрастыру,

http://festival.1september.ru/articles/533057/

Волейбол добымен ойындар құрастыру,http://summercamp.ru/index.php?title=%D0%9E%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B0%D1%8E%D1%89%D0%B8%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B2_%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%B9%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B5

Сабақтың соңы

7мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз пікірлерін стикерге жазады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау жұмыстары:

Оқушыларды дене дайындығына байланысты саралау.

  • Дене дайындығы қажет ететін оқушылар
  • Дене дайындығы жоғары оқушылар.
  • Құрал –жабдықтарға байланысты бөлу.
  • Сабаққа спорттық киімі жоқ оқушылар постер немесе презентация жасап қорғайды. /Кросс бойынша/

Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы «Өсу сатысы» әдісі қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Стикерлер жинап, арқылы оқушы жұмыстары бағаланып, мұғалім керібайланыс берді.

(Б, К, Ф) (ЖЖ, Б, Ф) жүзеге асырылды.

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережесін үнемі мұқият сақтау.

Мұғалімнің рұқсатынсыз құралдарға тиіспеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

9A Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

9В Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу