Ойын құрылымы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 21 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №21 сабақ

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

(П) «Тезірек шеңберге» ойынын ұйымдастырыңыз.Балалар гимнастикалық орындықтарда отырады. Нұсқаушы балаларға сары,қызыл,көк ленталар таратып береді. Бөлменің 4 бұрышына сары,қызыл,көк ленталар байланған құрсаулар қояды. Құрсаулар балалардың үйлері болып саналады.

«Үйге, үйге!» деген сигнал бойынша балалар өз құрсауларына(ленталары бойынша) жүгіреді. Ойын 3-4 рет ойналады

Оқушылардың тамыр ырғағын санатыңыз.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? Тапсырма орындау кезінде ойыншылардың ойын кезінде ережені бұзбауын қадағалаңыз. Ойын кезінде өз сызығынан шықпауға кезекті сақтауға допты лақтыруды өткізіп жіберуге дұрыс орындамаған кезде қайта бастауына көңіл бөліңіз.

Ұсыныс жасаңыз ең мықты ойыншыларды алдына қойсаңыз тапсырманы жылдам орындауға көмек бередіОйында 2 қарсылас команда ойнайды әр командада 6 ойыншыдан болады. Ойын 4 таймнан тұрады қай команда бірінші боп 25 ұпай жинаса, сол команда таймның жеңімпазы болып саналады. Ойын барысында тек 3 ойыншы ғана допқа тиуге болады. Әр команда құрамында 14 ойыншы болады, бірақ әр командадан аланға 6 ойыншы шыға алады.

Ойын тік төртбұрыш алаңда жүреді, көлемі 18х9 метр. Ойын алаңы ортасынан сеткамен бөлінеді. Сетканын биіктігі еркектердікі – 2,43 м, әйелдердікі – 2,24 м.

Тайм барысында әр команда жаттықтырушысы 30 секундтік 2 тайм-аут алуға құқығы бар.

Волейбол - спорты байланыссыз, комбинациялық түрі, қайда әрбір ойыншы алаңда қатал мамандандыруда болады. Тордың үстінде биік көтерілу волейбол ойыншыларына арналған өте маңызды қағида екенін түсіндіріңіз.

Ойыншылардың алаңда ауысу ережесін айтып өтіңіз.

Қаптау - одақпен бәсекелес шабуылын жабу.

Самғау - аймақты қысқа жылдам пасты шабуылшыға, қолмен кезеңге доп жанасулары ауада орнында болуды байланыстырып тұратынмен, дайынның соққы түсіруіне арналған.

Шабуыл екінші екпін - түрі , қайсыда диагональдық шабуылшыны байланыстырып тұратын іске қосады .

Диг (dig ағылшынының) - қорғау соққы, орындалатын ырғуда, алақандарды сырт жақ жақпен соққымен жоғары доп көтеретін.

Құрту өңір - волейболға ойын негізгі мақсаты.

Доппен жүру жаттығулары:

Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау.

Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау.

Оңға – солға секіру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биікке беру.

Допты беруде оңға-солға секіру.

Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.

Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру. Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта береді. Допты төменнен қабылдауды меңгерту Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға. Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын  қадағалау. Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.

Ойын басталғандағы бастапқы тұрыс

Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады.

Ойын барысында орындалатын бұрылыстар

Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.

Алғашқыда асықпай орынды ауыстыра білуге дағдылану. Мұғалімнің ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл бөлу. Допты төменнен алу әдісінің алғашқы элементтерін үйрену. Волейбол ойынының элементтері бар арнайы ойын ұйымдастыру. Мұғалімнің бұйрығы арқылы алаңдағы оқушылар қолды бір мезгілде допты төменнен қабылдау әдісін үйрену. Допты жоғарыдан беру, қабылдау әдісінің алғашқы элементтерін үйрету. Тік тұрған қалыптан ойыншы бір аяқты екіншісінің жанына қойып, допты жоғарыдан берудің ерекше жағдайына көшеді. Бұл жағдайда бүгілген аяқтар бір бағытта болады. Допты жоғарыдан беру, қабылдау кезінде кететін кемшіліктер. Қатар қойылған аяқтардың қозғалысындағы кішкентай сәтсіздік, кез-келген қозғалыстың дәлдігін бұзып, кеуденің қисаюына әкеледі. Допты төменнен тіке тура беру арқылы ойынға қосу. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алға ұстап тұрады,екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады.Допты алға сәл лақтыру арқылы допты ойынға қосады. Допты төменнен қабылдау әдісін үйрету. Ұшып келе жатқан доптың шапшаңдығына сәйкес қолын жәй ғана тосады және білегін артқа төмен қарай тартып соққыны азайтады. Ұшып келе жатқан доптың шапшаңдығына сәйкес қолын жәй ғана тосады және білегін артқа төмен қарай тартып соққыны азайтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу