Ойын құрылымы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 19 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №19 сабақ

Сабақ тақырыбы: Ойын құрылымы

Оқу мақсаттары :8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу

Бірінші тапсырмада сыныпты екі командаға бөліңіз. Бір команданың ойыншылары ойын аймақтарына орналасады. Екінші команданың ойыншылары алаңның екінші жақ бөлігінен белгі бойынша, кез-келген игерілген тәсілдермен допты ойынға қосады. Допты қабылдаушы команда ойынға қосылған допты жоғарыдан қабылдап, №3 ойын аймағына бағыттайды. №3 аймақтағы ойыншы екінші жалғауды бетімен қарап тұрған аймағына бағыттайды. Үшінші қабылдаумен доп қарсы алаңға бағытталады.

Қозғалыста допты қабылдау және жалғаудың маңыздылығы туралы түсіндіріңіз.

Ойыншылар алаңға допты ойынға қосушыны анық көретіндей болып орналасулары қажет.

Тапсырманы орындап болған соң оқушылар талдау жасайды.

Сұраңыз:

- Допты қабылдау кезінде қандай қиындықтар туындады?

- Ойындағы комбинацияларды жетілдіру жұмыстарының маңыздылығын түсіндіре аласыз ба?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорғаныста ойнауға оқыту нұсқаулығы.

 Допты төменнен және құлап барып қабылдауға ұос қолмен жоғарыдан қабылдауды игерген соң барып үйретуге болады. Құлап барып қабылдауға бөліп-бөліп үйреткен жөн. Әуелі доптың астынан шығу , одан кейін құлап барып қабылдау үйретіледі. Қорғанысты доп қабылдауға үйретуде орында дер кезінде алмастыруға негізгі және еңкейіп тұруды игеруге баса көңіл бөлінеді. Төмендегідей жаттығулардың нұсқасын ұсынамыз.

  • Бір орыннан және орын ауыстырған соң доп беру ишарасын жасау.
  • Еңкейіп тұрған қалыпта ойыншы допты лақтырады да, құлап барып астына аунап түседі.
  • Серігі берген допты қабылдау.

 Тосқауыл қою

 Тосқауыл қою қорғанысының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Мұнда ойыншы доптың жолын тосып , оған кедергі келтіру үшін секіріп барып тордың үстінен қолын тосады. Тосқауыл қою орын ауыстырудан , секіруден, қолды тордың үстіне қоюдан және жерге түсуден тұрады. Орын торды бойлай ауыстырылады. Шабуылдаушы соққы орнындалатын жерге орын ауыстырған ойыншыны аяғын тізеден бүгіп, қолын төмен түсірген қалыпта тұрады. Секірген кезде ғана ол қолын қатты сермеп, жоғары қолдың үстіне шығарады.Жоғары көтерілген кезде, шынтақтан бүгілген қол ,кеудеге жақын жерден өтеді.Тосқауыл қоюшы шабыуылдаушыға қарағанда кешірек секіреді. Секірудің ең биік нүктесінде қол тордың үстіне шығарып, саусақтар алға қарай созылады

 ( жаңа ережелер бойынша тордың үстіндегі қолда қарсыластар жағына да шығаруға болады )

 Қолдың аралығы арасынан доп кетпейтіндей болуы керек.Тосқауыл қоюшы допқа барынша жақындатып, шабуылдай соғудың аясын тарылта түсуге тиіс.

 Тосқауыл қойған соң ойыншы аяғын бүккен қалыпта жерге түсіп қолын төмен түсіріп, қайта секіруге немесе кез-келекн бағытқа, орын алмастыруға даяр болғаны жөн.

 Топтаса тосқауыл қойғанда ( екеу,үшеу боп ) ойыншылар торды бойлай бір-біріне қарсы қозғалып, тордың үстіне қолды қойғанда барынша көбірек кеңістікте жабатындай есеппен секіру керек.Қолдардың арасы доп өтіп кетпейтіндей қашықтықта болуы тиіс. Тосқауыл қою кезінде жоғары қарай тік секіруге баса көңіл бөлген жөн. Әйтпесе ойыншылар сызықтан шығып кетуі, торға тиюі немесе бір-бірімен соқтығысып қалуы мүмкін.а)Тосқауыл допсыз секіргеніңді көрсетілген.б) Тосқауыл доппен секіргенің көрсетілген



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу