Ойын құрылымы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 21 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №21 сабақ
Сабақ тақырыбы: Ойын құрылымы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу
Дайындық бөлімінде «Мотивация» ойынын өткізіңіз. Бұл ойын оқушылардың мінез құлқын анықтауға, алаңда өздерін ұстауына көмек береді.
Қатысушылар 2 шеңберге бөлінеді. Ішкі шеңбердегілер қарсы тұрғандарға жеке қасиеттері, дағды, тұлғалары, мінез-құлқы, өздерін ұстауы т.с.с. комплимент айтады. Тыңдаған қатысушы: «Рақмет, мен де солай ойлаймын. Сонымен қоса мен кестені жақсы тіге аламын» деген секілді өз бейімділігі мен ерекшелігін қосып отыру керек. Бұл оқушылардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, жаңа жұмысты құлшына атқаруға кірісуге мотивация болады.
Волебол ойыны кезінде төмендегі ережелерді есепке алыңыз. Оқушылар ойын барысында орын ауыстыруы ереже бойынша жүргізуін қадағалаңыз.
Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады.
Ойын барысында орындалатын бұрылыстар
Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.
Алғашқыда асықпай орынды ауыстыра білуге дағдылану. Мұғалімнің ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл бөлу.
2. Допты төменнен алу әдісінің алғашқы элементтерін үйрену. Волейбол ойынының элементтері бар арнайы ойын ұйымдастыру. Мұғалімнің бұйрығы арқылы алаңдағы оқушылар қолды бір мезгілде допты төменнен қабылдау әдісін үйрену. Допты жоғарыдан беру, қабылдау әдісінің алғашқы элементтерін үйрету.
3.Тік тұрған қалыптан ойыншы бір аяқты екіншісінің жанына қойып, допты жоғарыдан берудің ерекше жағдайына көшеді. Бұл жағдайда бүгілген аяқтар бір бағытта болады.
4. Допты жоғарыдан беру, қабылдау кезінде кететін кемшіліктер. Қатар қойылған аяқтардың қозғалысындағы кішкентай сәтсіздік, кез-келген қозғалыстың дәлдігін бұзып, кеуденің қисаюына әкеледі. Допты төменнен тіке тура беру арқылы ойынға қосу.
5. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алға ұстап тұрады,екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады.Допты алға сәл лақтыру арқылы допты ойынға қосады.
6. Допты төменнен қабылдау әдісін үйрету. Ұшып келе жатқан доптың шапшаңдығына сәйкес қолын жәй ғана тосады және білегін артқа төмен қарай тартып соққыны азайтады. Ұшып келе жатқан доптың шапшаңдығына сәйкес қолын жәй ғана тосады және білегін артқа төмен қарай тартып соққыны азайтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру