Ойын құрылымы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 20 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №20 сабақ
Сабақ тақырыбы: Ойын құрылымы
Оқу мақсаттары:8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.
-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.
-допты тордан асыру тәсілдерін орындайды
Мұғалім тез орын ауыстыру мен допты жалғау дәлдігіне назар аударады. Оқушылар шабуылдаушы ойыншының күшті жақтарын анықтайды. Тапсырмадағы ойынның сәтті болған сәттерін оқушылар өздері анықтаулары қажет.
Сұраңыз:
- Шабуылдау соққысынан допты қабылдауда қиындық неде болды?
- Тапсырманың мәнін түсіндіріп бере аласызба?
Тапсырманы орындамас алдын төмендегі жаттығуларды орындаңыз.
1. Волейбол ойынының арнайы жаттығулары:
а) Қолды төменгі қабылдауда қойып оң және сол қанатпен жүгіру.
ә) Жүгіру арқылы сетканың тұсына келгенде екі қолды жоғары соза секіру.
2.Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, жоғарыдан және төменнен жалғау, қабылдау тәсілдерін орындау.
3. Құрбысына бетпе-бет қарап тұрып , допты сол алақанға бүгілген оң алақанымен допты ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдап қайта береді.
4.Қимыл - қозғалыста оң, сол жаққа жүгіріп допты жоғарыдан және төменнен жалғау, қабылдау тәсілдерін қолдану.
5.Қимыл –қозғалыста сетка арқылы допты құрбысына дәл жалғауға дағдыландыру.
6. Допты жоғарыдан және төменнен жалғау, қабылдау тәсілдері қолданып, үш топқа бөліп волейбол ойынын ойнату. Жарыс түрінде ұйымдастыру
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру