Ойын құрылымы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 19 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №19 сабақ 2 нұсқа

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.

-допты тордан асыру тәсілдерін орындайды

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Кім жылдам » стратегиясын өткізеді

Оқушылар конустармен/маркерлермен белгіленген ауы бар алаң шегінде 4 адамнан тұратын топтарда (1-ге қарсы 3) бір минуттық тигізу ойынын ойнайды. Үш оқушы бір добы бар шабуылшы топты құрайды. Олардың мақсаты – пластикалық доппен қорғаушы ойыншыға тигізу, допты лақтыруға болмайды. Ойыншыға тигізе алған кезде олар ұпай алады; Олардың ең көп ұпай алуы үшін тек бір минуты ғана бар. Шабуылшы ойыншы доп алғанда, олар онымен бірге жүгіріп, қорғаушы ойыншыға лақтырады. Тигізу арқылы өз топ ойыншыларына жетіп, допты тез беруі керек. Жеке және топтық біліктілік пен сенімділікті жақсарту үшін бүкіл ойын бойы өз ойларын білдіру және талқылау. Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Сұраңыз: Сенің ойыныңды ойнаған команда ережелерді қаншалықты жақсы түсінді? Ойыныңды түсінулері мен қалай ойнағандықтарын бағалаңдар: жұлдыз (ойында жақсы істеген бір нәрсе) және тілек (олар жақсырақ жасай алатын бір нәрсе).

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Қосымша ақпарат

 Қорғаныста ойнауға оқыту методикасыДопты төменнен және құлап барып қабылдауға ұос қолмен жоғарыдан қабылдауды игерген соң барып үйретуге болады. Құлап барып қабылдауға бөліп-бөліп үйреткен жөн. Әуелі доптың астынан шығу , одан кейін құлап барып қабылдау үйретіледі. Қорғанысты доп қабылдауға үйретуде орында дер кезінде алмастыруға негізгі және еңкейіп тұруды игеруге баса көңіл бөлінеді. Төмендегідей жаттығулардың нұсқасын ұсынамыз.

  • Бір орыннан және орын ауыстырған соң доп беру ишарасын жасау.
  • Еңкейіп тұрған қалыпта ойыншы допты лақтырады да, құлап барып астына аунап түседі.
  • Серігі берген допты қабылдау.

 Тосқауыл қоюТосқауыл қою қорғанысының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Мұнда ойыншы доптың жолын тосып , оған кедергі келтіру үшін секіріп барып тордың үстінен қолын тосады. Тосқауыл қою орын ауыстырудан , секіруден, қолды тордың үстіне қоюдан және жерге түсуден тұрады. Орын торды бойлай ауыстырылады. Шабуылдаушы соққы орнындалатын жерге орын ауыстырған ойыншыны аяғын тізеден бүгіп, қолын төмен түсірген қалыпта тұрады. Секірген кезде ғана ол қолын қатты сермеп, жоғары қолдың үстіне шығарады.Жоғары көтерілген кезде, шынтақтан бүгілген қол ,кеудеге жақын жерден өтеді.Тосқауыл қоюшы шабыуылдаушыға қарағанда кешірек секіреді. Секірудің ең биік нүктесінде қол тордың үстіне шығарып, саусақтар алға қарай созылады ( жаңа ережелер бойынша тордың үстіндегі қолда қарсыластар жағына да шығаруға болады ) .Қолдың аралығы арасынан доп кетпейтіндей болуы керек.Тосқауыл қоюшы допқа барынша жақындатып, шабуылдай соғудың аясын тарылта түсуге тиіс.Тосқауыл қойған соң ойыншы аяғын бүккен қалыпта жерге түсіп қолын төмен түсіріп, қайта секіруге немесе кез-келекн бағытқа, орын алмастыруға даяр болғаны жөн.Топтаса тосқауыл қойғанда ( екеу,үшеу боп ) ойыншылар торды бойлай бір-біріне қарсы қозғалып, тордың үстіне қолды қойғанда барынша көбірек кеңістікте жабатындай есеппен секіру керек.Қолдардың арасы доп өтіп кетпейтіндей қашықтықта болуы тиіс. Тосқауыл қою кезінде жоғары қарай тік секіруге баса көңіл бөлген жөн. Әйтпесе ойыншылар сызықтан шығып кетуі, торға тиюі немесе бір-бірімен соқтығысып қалуы мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу