Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 60 сабақ.
5-бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы
Оқу мақсаты:
6.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу.
Сабақтың тақырыбы:
Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың мақсаттары:
Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезінде арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.
Тілдік мақсаттар
Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысыТалқылауға арналған сұрақтар:Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.
1-ші тапсырма.
(С, ҚБ) Білім алушылар кросс дайындығы кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды:1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, иығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз.4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.
5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.
7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.
8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.
(Т, ЖЖ, ҚБ) Білім алушылар екі тізбекке тұрып, әртүрлі ұзындықтағы бөліктерді жылдамдата жүгіріп жарысады.
Жүгіру нұсқасы:
а) белгіленген қашықтық (мысалы 10м) бөлігінде жылдамдата жүгіру ;
б) кенеттен берілген белгіден кейін жылдамдата жүгіру;
в) екі рет жылдамдата жүгіру (белгіге дейін және кері қайтқанда);
г) бұрылысқа өткенде жылдамдата жүгіру;
д) 2м алда тұрған әріптесін қуған кезде жылдамдата жүгіру. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі;
Оқу тапсырмасын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қандай дағдылар қажет? Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі реттілік қандай?
(С, Ж, ҚБ) Сыныпты топқа бөліп. Әр топ жасанды кедергілерді құрастырып эстафета өткізеді.
Білім алушылар басқа команданың құрастырған жасанды кедергілерінен өтеді. Олардың жолдарында қандай кедергілердің болғанын және олардан қалай өткендерін талқылайды.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі;
Тапсырманы орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Сұраңыз: Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қандай дағдылар қажет? Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі реттілік қандай?
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Мұғалімнің таңдауына байланысты кросс дайындығына арналған спорттық құрал жабдықтар. Ысқырық, фишкалар, бор, конустар, секіртпе, нығыздалған доптар, ядро, теннис доптары, жалаушалар, волейбол доптары.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh Физикалық жаттығудың адам ағзасына әсері интернет ресурсына сілтеме:http://vahe-zdorovye.ru/novosti/vliyanie-fizicheskix-uprazhnenij-na-organizm-chelovekaЭстафеталық жүгіріс интернет ресурстарына сілтеме:http://kakbegat.com/25-jestafetnyj-beg.html Эстафеталарға сілтеме:http://kidportal.ru/konkursi-i-estafeti/estafeti/Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру