Топтық жиынтық. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 38 сабақ.
3-бөлім Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру
Оқу мақсаты:
6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну
Сабақтың тақырыбы:
Топтық жиынтық
Сабақтың мақсаттары:
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінуге және қолдана білуге, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсынуды үйретуБағалау критерийлері :
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсініп, балама жолдарын ұсына алады.
Тілдік мақсаттар
Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.Мыналарды қамтиды: гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;мақсат, тәуекел, қауіпсіздік.Талқылауға арналған сұрақтар:Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Тапсырманы орындау барысында қандай балама түрлерін ұсындыңыздар?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.
1-ші тапсырма
(Ж, ҚБ) Білім алушылар заттармен орындалатын топтық композицияларды құрастырады, әуендік сүйемелдеуді таңдайды және орындайды:- Лентамен сермеу;- шеңберлер, сегіздіктер;- жыланшалар, шиыршықтар;- бір қолдан екінші қолға беру.1-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Гимнастика сабағындағы құралдармен жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі;- Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсініп қолданады, балама жолдарын ұсынадыСұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз?2-ші тапсырма. Білім алушылар заттармен орындалатын топтық композицияларды құрастырады, әуендік сүйемелдеуді таңдайды және орындайды. Секіртпемен әдістер:
- шеңбер, сегіздік; алдыға артқа айналдыру, айқастырып алға, артқа, екі рет алға, одан кейін артқа;- ұстап лақтыру (қарамай, қолдың көмегінсіз); «болгар секіруі»;- барлық бағыттағы қимыл қозғалысы;- әр түрлі дене бөліктерімен жұмыс;- диірмен; секіртпемен секіру, айналып секіру;- тепе-теңдікті сақтап секіру, лақтыру кезіндегі динамикалық элементі.2-ші тапсырманың дескрипторлары:- Гимнастика сабағындағы құралдармен жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі;- Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсініп қолданады, балама жолдарын ұсынады.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз?
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Гимнастикалық маттар, секіртпе жіптер, шеңберлер.Секіртпе жіппен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=a6Y9wgl5vxwhttps://www.youtube.com/watch?v=wLMLNFLAUQMСекіртпе жіптің ұзындығын қалай таңдау қажет?https://www.youtube.com/watch?v=CKdRJzycCTA Шеңбермен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=AdJTY9pNzUEhttps://www.youtube.com/watch?v=gVPf2GNu9Gohttps://www.youtube.com/watch?v=ZkGsJYdwcpshttps://www.youtube.com/watch?v=N6RCtCCQMpw«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdfНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру