Топтық жиынтық. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 37 сабақ.


3-бөлім Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Оқу мақсаты:

6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу

Сабақтың тақырыбы:

Топтық жиынтық

Сабақтың мақсаттары:

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуге үйрету

Бағалау критерийлері :

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтай және қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;

мақсат, тәуекел, қауіпсіздік.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1-ші тапсырма

(Ж, ҚБ) Білім алушылар арнайы техникалық дайындық жаттығуларын топпен орындайды:

Доппен әдістер:

- шеңбер, сегіздік, бүркелу, қолсыз жұмыс; мойын тұсында беру, дене, бастың үстінде, аяқтың астында;

- бір немесе бірнеше қағып алулар, ырғақты өзгерту, қағып алу және лақтыру, (қарамай; қолдың көмегінсіз)

- допен жұмыстағы тепе-теңдік; доппен жұмыс кезіндегі еңкеюлер, лақтыру кезіндегі динамикалық элементтер

- доппен жұмыс кезіндегі үлкен секірулер.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Гимнастика сабағындағы құралдармен жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді;

- Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз?

2-ші тапсырма. Білім алушылар арнайы техникалық дайындық жаттығуларын топпен орындайды. Секіртпемен әдістер:

- шеңбер, сегіздік; алдыға артқа айналдыру, айқастырып алға, артқа, екі рет алға, одан кейін артқа;

- ұстап лақтыру (қарамай, қолдың көмегінсіз); «болгар секіруі»;

- барлық бағыттағы қимыл қозғалысы;

- әр түрлі дене бөліктерімен жұмыс;

- диірмен; секіртпемен секіру, айналып секіру;

- тепе-теңдікті сақтап секіру, лақтыру кезіндегі динамикалық элементі.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Гимнастика сабағындағы құралдармен жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді;

- Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Гимнастикалық маттар, доптар, секіртпе жіптер.

Доппен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=mUEhfQURlPI

https://www.youtube.com/watch?v=r_eN16gmIOM

Секіртпе жіппен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=a6Y9wgl5vxw

https://www.youtube.com/watch?v=wLMLNFLAUQM

Секіртпе жіптің ұзындығын қалай таңдау қажет?

https://www.youtube.com/watch?v=CKdRJzycCTA

«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу