Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 9

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8: Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Мектеп: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.1. Денсаулық маңыздылығын білу және түсіну.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы өздерінің дене дайындығының деңгейін анықтап, біле алады.

Оқушылардың көбісі әдістемелік материалдарды жоғарғы деңгейде меңгергенін көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі нәтижені жақсартуына байланысты басқа оқушыларға шығару жолдарына көмектесе алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді сақтауы.

Орындаған жаттығулардың қарқынын бақылауы.

СӨС-ның дағдыларын білуі және оны қолдануы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

сөре, қарқын, жылдамдық, мәре, орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмай тұрып, біз неге денемізді қыздыруымыз керек?

Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек?

Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Өмір бойына шындық пен ашықтыққа үйрету.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.

АКТ пайдалану дағдылары

Бұл сабақта АКТ қолданылмайды.

Алдыңғы білім

Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин.

Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Мұғалім дене шынықтыру сабағының маңыздылығы мен спортпен шұғылдану оның ішінде үйлесімді жеке даму, денсаулықты нығайту туралы әңгіме жүргізеді. Әңгімелесу кезінде мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: дене дағдыларын күнделікті өмірде қалай қолданамыз?

Сыныпты 2 бағанаға сапқа тұрғызу. Жүру, мұғалімнің тапсырмасы бойынша: жай жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтере, жай жүру. Жүгіру, бір қалыппен. Мұғалімнің белгісі арқылы жүгірудің бағытын өзгертеді. Жүру, денені қалыпқа келтіру.

Ж.Д.Ж. қозғалыста. Жаттығуларды орындау кезінде сынып арақашықтықтарды сақтау керек. Кеудені жерден көтеру, қолды бүгіп жазу.

А.Ж.Ж және жылдамдыққа жүгіру.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.

Сабақтың ортасы

16-40 мин.

(Ж.ж) Кедергілер алабы. Мұғалім оқушыларға кедергі алабынан бірнеше рет өту туралы түсіндереді. Қайта өту кезінде оқушы жақсы нәтиже көрсету керек. Басты критерий болып қауіпсіздік ережелерін сақтау болады.

Кедергілер алабы:

  • Жеті рет орында отырып, тұру.
  • Отырып, артымен жүру.
  • Бес рет кеудені жерден көтеру, қолды бүгіп жазу.
  • Тізіліп тұрған конустар арқылы «жылан» тәріздес жүгіру.
  • «Батпақ». Бір аяқпен бір құрсаудан екінші құрсауға секіру.
  • Жүгіру жанымен.
  • Нысанаға дәлдікпен лақтыру.
  • Жылдамдық.

Оқушы қалыпқа келтіру жаттығуларының жиынтығын өткізеді. Мұғалім оқушылардың арасынан кедергі алабынан жақсы өткен оқушыны таңдап алады. Ол оқушы басқа оқушыларға кедергілер алабынан қалай өткені туралы түсіндіріп, көрсетеді.

Қайтадан кедергілер алабынан өту.

Дескрипторлар: жігерлік сапаны тәрбиелеу, спорттық шеберлікті көтеру, өз серіктестеріне көмегін тигізу.

Мектеп алаңы, ысқырық, конустар, құрсаулар, кіші доптар және, нысана.

Сабақтың аяғы

41-45 мин.

Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Сабақтың қорытындысы. Рефлексияда оқушы сұраққа жауап береді: кедергілер алабынан өтуіне байланысты өз серіктестерінің көмегі қаншалықты ықпалын тигізді?

Мектеп алаңы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Талантты оқушылар өздерінің сыныптастарына көрсете және ұсыныстар жасай отырып, көмектеседі.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап отырады.

Жаттығуды орындап болғаннан соң оқушы өзін-өзі бағалайды, ал топтық жұмыс барысында бірін-бірі бағалайды.

Қауіпсіздік ережелерді еске салу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру: 5 сынып

Күні:

Бөлім: №8 Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.

Белгілеу

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған нұсқаулық

Оқушылардың барлығы өздерінің дене дайындығының деңгейін анықтап, біле алады.

Оқушылардың көбісі әдістемелік материалдарды жоғарғы деңгейде меңгергенін көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі нәтижені жақсартуына байланысты басқа оқушыларға шығару жолдарына көмектесе алады.

5.3.1.1. Денсаулық маңыздылығын білу және түсіну.

Кедергілер алабы. Мұғалім оқушыларға кедергі алабынан бірнеше рет өту туралы түсіндереді. Қайта өту кезінде оқушы жақсы нәтиже көрсету керек. Басты критерий болып қауіпсіздік ережелерін сақтау болады.

Кедергілер алабы:

  • Жеті рет орында отырып, тұру.
  • Отырып, артымен жүру.
  • Бес рет кеудені жерден көтеру, қолды бүгіп жазу.
  • Тізіліп тұрған конустар арқылы «жылан» тәріздес жүгіру.
  • «Батпақ». Бір аяқпен бір құрсаудан екінші құрсауға секіру.
  • Жүгіру жанымен.
  • Нысанаға дәлдікпен лақтыру.
  • Жылдамдық.

Оқушы қалыпқа келтіру жаттығуларының жиынтығын өткізеді. Мұғалім оқушылардың арасынан кедергі алабынан жақсы өткен оқушыны таңдап алады. Ол оқушы басқа оқушыларға кедергілер алабынан қалай өткені туралы түсіндіріп, көрсетеді.

Қайтадан кедергілер алабынан өту.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білу.

Түсіну.

Қолдану.

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, онда оқу мақсатына жетеді:

Қауіпсіздік ережелерді сақтауы.

Орындаған жаттығулардың қарқынын бақылауы.

СӨС-ның дағдыларын білуі және оны қолдануы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу