Ойын кезіндегі жеке және командалық әрекеттер. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтырудан қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Басқыншылық ойындардағы түсінік пен дағдыларды оқыту.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын кезіндегі жеке және командалық әрекеттер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.5.5. Шағын диапазондағы дене жаттығуларының құрылымдық идеяларының тактикалары мен стратегияларын білу және суреттеу.

 Сабақ мақсаттары

Шағын диапазондағы дене жаттығуларының құрылымдық идеяларының тактикалары мен стратегияларын бағалай және қолдана алады.

  Бағалау кр критерийлері

Оқушылар шағын диапазондағы дене жаттығуларының құрылымдық идеяларының тактикалары мен стратегияларын біледі және сипаттай алады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады: Адамның денсаулығы мен физикалық жай-күйін жақсартуға дене белсенділігі қалай көмектесе алатынын.талқылай алады.

Пән лексикасы және терминология:

• ойын-шабуыл, артық жүк тиелген ойындар, бейімделген ойындар

• футбол доп, резиналы доп, түрлі-түсті ленталар, ысқырық

• dribbling, пас, жалтару, жүгіру, лақтыру, басып алу

• жол-жөнекей ұстау, белгілеу, құлпы

• шабуылдаушы, қорғаушы, қарсыласы

• ұпайлар, мақсаттары, қағидалары

• тактика, стратегия

• бірлескен жұмыс

• допты меңгеру, допты жоғалтып алу

• әзірлеу, жасау

• рөлдер: ойынды құрушысы , ұйымдастырушы, көшбасшы, төреші, технологиялық картаны құрушысы

  Пәнаралық

  байланыстар

Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс, қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс.

  АКТ қолдану

  дағдылары

Ғаламтордан ақпарат табу үшін ноутбуктерді пайдалану, сабақты видео құралдарға жазып алу.

Бастапқы білім

Оқушылар үй мен мектеп бағдарламасынан тыс, сондай-ақ алдыңғы бөлімдер мен сыныптарда алынған меншікті негізгі қарым-қатынас дағдылары мен қозғалыс дағдыларын дамыта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

10 минут

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Сәлемдескеннен соң, оқушылармен келесі сұрақтарды талдайды:

- спорттық ойындарда қандай түрлерін білесіңдер?

- ойын тактикасы не екенін білесіңдер ме?

- ойын стратегиясы не екенін білесіңдер ме?

Әріқарай мұғалім сабақтың тақырыбын айтады: «Ойындағы жеке жіне командалық әрекеттер».

Мұғалім оқушылардың өздеріне оқу мақсаттарынан жетістік критерийлерін шығаруды ұсынады, оларды дайын критерийлермен салыстыртқызады.

(Б, Ж) Мұғалім жаттығуды өткізуді ұсынады. Оқушылармен бірге көшбасшыны таңдап, дене жүктемелеріне дайындау үшін, әртүрлі бұлшықеттер топтамасына жаттығу жасатқызады.

Әр әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы

25 мин

(К) Мұғалім баскетбол ойынынан үзінді көруді ұсынады (сілтеме).

(К) Көрген бейнебаянды талқылау:

- Сары майкадағы команда шабуыл жасағанда қандай тактикалық әрекеттер жасайды?

( мұғалім ойынның нақты үзіндісін көрсетеді).

- ақ майкалы команда қорғаныста қандай стратегиялар қолданды?

( мұғалім ойыннның нақты үзіндісін көрсетеді).

(К, Т) Әрі қарай суреттер (1 команда баскетбол добының суреті, екінші команда волейбол добының сурет») арқылы сыныпты екі қомандаға бөледі.

Ойын үшін:

  • «Допты 10 рет беру» (№3 қиықша).

Тапсырмаларға дескрипторлар:

- қарсылас команда алып қоймас үшін 10 рет допты өз командаластарына беру керек

- доптьы екі қолмен жүргізуге болмайды

  • «Пингвиндер жүгірісі» » (№4 қиықша).

Тапсырмаларға дескрипторлар:

Әр оқушы:

- аяқтын ортасына баскетбол добын қыстырады

- баскетбол қалқанын айналып келеді

- жүгіріп өткен қатысушылар лектің соңына тұрады.

(К) Мұғалім ойынды талқылауды ұсынады.

- ойын барысында қандай тактикалық әрекеттер қолдандыңдар?

- қандай стратегиялар қолдандыңдар?

- ойын жағдайында барлығы жүзеге асты ма?

-ойын барысында қандай қиындыққа тап болдыңдар?

(К, Қ) Әрі қарай мұғалім командаларға ойын барысында «қарсыластарының» қолданған тактикалық әрекеттері мен стратегияларына қалыптастырушы бағалау жүргізуді сұрайды.

ФБ смайликтар арқылы орындалады: (өте жақсы – көнілді, жақсы – күлімсүреп, нашар - жылайтын).

Әр әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

Ноутбуктар. Баскетбол ойынның 

үзіндісіне сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=efNUV8l5FVc_

Файл: №1-карточка, файл: №2-карточка,

файл: №3-карточка №3.

Баскетбол доптары, фишкалар, мұғалімге ысқырық, смайликтар.

Сабақтың

соңы

10 минут

Сабақтың соңында оұушылар рефлексия жасайды:

  • Не білдім, не үйрендім
  • Не түсініксіз
  • Әлі де жұмыс жасау керек

Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар.

Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топтық және командалық жұмыстар қолдану арқылы үлгерімі жақсы оқушылардың көмегімен қабілеті төмен оқушыларға қолдау жасауды жоспарладым. Жоғары қабілетті оқушыларға команда капитаны немесе өз командаларын басқаруды ұсынамын.

Оқушылар ойыннның тактикасы мен стратегиясы не екенін біледі. Олар қомандада ойнай алады және қорғаныстағы және шабуылдағы тактикалық әрекеттерді бірге қарастырады.

Өзіндік талдау және қалыптастырушы бағалау арқылы і сабақ барысында бағалау жүргізіледі.

Оқушылар сабақ барысында ҚТ ережелерін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі К = оқытушы көрсетеді Ф = формативтік бағалауды қолдайды

М = Мұғалімнің көрсетуі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу