Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 41 сабақ.


Тақырыбы: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану.

Сабақ мақсаты:

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады.

Бағалау критерийлері:

қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;

қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Берілген жаттығуларды талапқа сай орындайды;

- Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;

- Топталудың түрлерін атайды және жаттығуларды ретімен орындайды;

- Өз қозғалысының жақсы жақтарын көрсетеді;

- Тепе-теңдікті сақтауға қатысты жаттығуларды орындауды біледі.

Тепе-теңдікке арналған ойындар

Дене жаттығуын орындау кезінде күш жұмсаудың әсерімен адамның бүкіл денесінің жеке оның бөліктерінің тепе-теңдігін сақтау жағдайларын зерттейтін, дене жаттығуларының биомеханикасының бөлімі. Дене сайысында ширатылған бұлшық еттердің әрекетімен барлық сыртқы күштердің тең қалыпта болу жағдайы қарастырылады; тірелудің барлық жағдайларында (жоғары, төмен, аралас) адам денесінің тепетеңдігі тиісті міндеттерді орындау үшін ең тиімді қалыптар (бастапқы және серелік қалып зерттелуі). Дене жаттығуы сайысы дене жаттығуларының өзгерістерімен тығыз байланыста, өйткені статикалық жағдайдан қимыл-қозғалыс басталады, ал ол бастапқы қалыптың өзгешелігі кеп жағдайда тәуелді; Қозғалыс кезінде дененің кейбір бөліктері тірелу кезінде қозғалыссыз болады. Дене жаттығуы сайысында статикалық қалыпта бұлшық еттердің жүмыс жасау ерекшеліктері, бұл реттегі тыныс алу зерттеледі, сондай-ақ тиісті қалыптарға жалпы баға берілді.

Тапсырма

(ЖЖ, Ж, К, Тәж) Сынып төрт командаға бөлінеді. «Көпірдің ұстіндегі лақтар» ойынында оқушылар тапсырмалар орындайды. Оқушылар екі бөлек гимнастикалық орындықтардың үстіне бір-біріне қарама-қарсы тізбектерге тұрады. Олардың ортасында «көпір» -гимнастикалық орындық тұрады Әр команданың бір ойыншысы «көпірдің» үстімен бір-біріне қарсы келеді. Кездескеннен кейін «көпірден» құлап түспеуге тырысып, өтіп кету керек. Алғашқы жұп орындықты босатқаннан кейін, келесі ойыншылар шығады. Ойыншылар бір-біріне тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ең тату жұптар анықталады.

Тепе-теңдікке арналған ойын

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- гимнастикалық орындықтың үстінде тепе-теңдікті сақтайды;

- шағын топта бірлесіп әрекет етеді.

Дескриптор:

Сабақты қорытындылау

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы

қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу