Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 40 сабақ.
Тақырыбы: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану.
Сабақ мақсаты:
Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады.
Бағалау критерийлері:
қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;
қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Берілген жаттығуларды талапқа сай орындайды;
- Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;
- Топталудың түрлерін атайды және жаттығуларды ретімен орындайды;
- Өз қозғалысының жақсы жақтарын көрсетеді;
- Тепе-теңдікті сақтауға қатысты жаттығуларды орындауды біледі.
Тепе-теңдікке арналған ойындар
Дене жаттығуын орындау кезінде күш жұмсаудың әсерімен адамның бүкіл денесінің жеке оның бөліктерінің тепе-теңдігін сақтау жағдайларын зерттейтін, дене жаттығуларының биомеханикасының бөлімі. Дене сайысында ширатылған бұлшық еттердің әрекетімен барлық сыртқы күштердің тең қалыпта болу жағдайы қарастырылады; тірелудің барлық жағдайларында (жоғары, төмен, аралас) адам денесінің тепетеңдігі тиісті міндеттерді орындау үшін ең тиімді қалыптар (бастапқы және серелік қалып зерттелуі). Дене жаттығуы сайысы дене жаттығуларының өзгерістерімен тығыз байланыста, өйткені статикалық жағдайдан қимыл-қозғалыс басталады, ал ол бастапқы қалыптың өзгешелігі кеп жағдайда тәуелді; Қозғалыс кезінде дененің кейбір бөліктері тірелу кезінде қозғалыссыз болады. Дене жаттығуы сайысында статикалық қалыпта бұлшық еттердің жүмыс жасау ерекшеліктері, бұл реттегі тыныс алу зерттеледі, сондай-ақ тиісті қалыптарға жалпы баға берілді.
Тапсырма
(Т, ЖЖ, К, ҚБ) Оқушылар жұппен немесе шағын топтарда өздері ұсынған тепе-теңдікте тапсырмалар орындайды.
1 нұсқасы. Биіктігі 80 см дейінгі бөрененің үстімен, нығыздалған доптарды аттап өту арқылы жүру; допты лақтырып, қағып алу арқылы бөрененің үстінен жұріп өту; допты еденге ұрып, қағып алу арқылы гимнастикалық орындықпен жұріп өту; бір аяқпен бөренеге көлденең тұру, екіншісімен алға, жанына, артқа сермеу; бөренеге тігінен тұру, екіншісімен алға, жанына, артқа сермеу.
2 нұсқасы. Бөренеде алшақ адым жасап жүру; гимнастикалық орындықты аударып, үстінен жүру; гимнастикалық орындықтың табаны арқылы қолды, аяқты қимылы арқылы жүру. Гимнастикалық орындықты аударып, үстінен түрлі тапсырмаларды орындай жүру (жіпті аттап өту, допты лақтыру және қағып алу); бір тізені төмен түсіріп, қолдың көмегімен тұру; бір тізені төмен түсіріп, қолдың көмегінсіз тұру. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды естеріне салу керек.
Оқушылар жаттығуларды орындау кезінде арақашықтықты сақтау керек.
Тепе-теңдікке арналған жаттығулар
- тепе-теңдікті сақтау жаттығуларының қауіпсіздік ережесін біледі;
- гимнастикалық орындықтардың ұстімен жүргенде тепе-теңдікті сақтайды;
- шағын топта тиімді әрекет етеді.
Дескриптор:
Сабақты қорытындылау
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы
қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру