Тепе-теңдікті дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 38 сабақ.


№38 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.

Тақырып: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Оқушылар мен өткен тақырыптарға шолу жасай отырып, сұрақ-жауап арқылы бүгінгі сабақты жетілдіру. Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып тепе теңдік жаттығуларын қалай орындаймыз? Сұрақты еркін түрде талқылау. Бүгінгі мақсатқа жету үшін тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар арқылы жету. Ойын шарттарын оқушыларға түсіндіріп, шағын топтарда ойын ойнату.

Оқушылар жұппен немесе шағын топтарда өздері ұсынған тепе-теңдікте тапсырмалар орындайды.

1 нұсқасы. Биіктігі 80 см дейінгі бөрененің үстімен, нығыздалған доптарды аттап өту арқылы жүру; допты лақтырып, қағып алу арқылы бөрененің үстінен жүріп өту; допты еденге ұрып, қағып алу арқылы гимнастикалық орындықпен жүріп өту; бір аяқпен бөренеге көлденең тұру, екіншісімен алға, жанына, артқа сермеу; бөренеге тігінен тұру, екіншісімен алға, жанына, артқа сермеу.

2 нұсқасы. Бөренеде алшақ адым жасап жүру; гимнастикалық орындықты аударып, үстінен жүру; гимнастикалық орындықтың табаны арқылы қолды, аяқты қимылы арқылы жүру. Гимнастикалық орындықты аударып, үстінен түрлі тапсырмаларды орындай жүру (жіпті аттап өту, допты лақтыру және қағып алу); бір тізені төмен түсіріп, қолдың көмегімен тұру; бір тізені төмен түсіріп, қолдың көмегінсіз тұру.

Гимнастикалық бөрененің орнына гимнастикалық скамейкаларды пайдаланып, оқушыларды жекелей үстінен түрлі әдіспен жүргізу.

Келесі ойын:

Сынып төрт командаға бөлінеді. «Көпірдің ұстіндегі лақтар» ойынында оқушылар тапсырмалар орындайды. Оқушылар екі бөлек гимнастикалық орындықтардың үстіне бір-біріне қарама-қарсы тізбектерге тұрады. Олардың ортасында «көпір» -гимнастикалық орындық тұрады Әр команданың бір ойыншысы «көпірдің» үстімен бір-біріне қарсы келеді. Кездескеннен кейін «көпірден» құлап түспеуге тырысып, өтіп кету керек. Алғашқы жұп орындықты босатқаннан кейін, келесі ойыншылар шығады. Ойыншылар бір-біріне тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ең тату жұптар анықталады.

Ойын ережесін түсініп ойнау. Бір-біріне көмектесуге, қолдау көрсетуге шақыру. Ойынды қорытындылау. Ең тату жұпты немесе топты анықтау.

Бағалау:

Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;

Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді

Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу