Тепе-теңдікті дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 36 сабақ.
№36 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.
Тақырып: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Тапсырмалар
Тепе теңдік жаттығуларының түрлерін атап өту. Жаттығулардың орындалуын оқушылармен бірге талқылау. Тапсырма ретінде оқушыларды жұптарға бөлініп, жұптарымен жалпы дамыту жаттығулардың кешенін орындап көрсетеді. Мұғалім жұптарға карточка таратады.
Корточкадағы түрлі жаттығулар кешеніне қарай оқушылар жұптарында талқылап, жаттығу түрлерін орындау қажет. Жұптар бірін-бірі бағалайды. Кемшіліктерді атайды.
Уақы қалса, қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.
Оқущылар «Тепе-теңдіктен шығару» ойынын ойнайды. Екі команда қатысады. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта аударылған үш гимнастикалық орындықта орналасады. Қарсыластар бір-бірін итеріп тепе-теңдіктен шығаруға тырысады.
Қатысушылардың біреуі құласа командаға бір ұпай жазылады.
Ойынның нұсқасы: жеңімпаз келесі ойыншымен кездеседі. Қарсыластар қалмағанша жалғаса береді. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Бағалау:
Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;
Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді
Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру