Тепе-теңдікті дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 37 сабақ.
№37 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.
Тақырып: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Сабақтың кіріспе бөлімінде түрлі денені қыздырыну жаттығуларын орындау. Созылу жаттығуларын орындап, тапсырмаларға дайын болу. Денені қыздырыну жаттығуларын оқушылар өздерінше орындап, қауіпсіздік ережесін сақтау.
Тапсырмалар
Оқушылармен бірге өткізілген тақырыпттарға шолу жасау арқылы, тепе-теңдік жаттығуларының түрлерін атап өту. Тепе-теңдік жаттығуларын орындауда қандай қиыншылықтар кездесетінін анықтау және бүгінгі сабақтың мақсатына жетуде жекелей тапсырмалар беру. Яғни, кіші гимнастикалық бөрененің үстінде бастарына кітап немесе арнайы доп қойып, тепе-теңдік сақтап жүру.
- Бөрененің үстінде тепе-теңдік сақтап жүру;
- Бір аяқпен 90 градуска бұрылысты орындау;
- Бөрененің үстінде жартылай отырып жүру.
Жекелей жұмыс жасау. Тепе-теңдікті сақтап, «Қарлығаш» әдісінің түрлерін орындау. Оқушылар өздері гимнастикалық матаның үстінде жекелей жұмыс жасайды. Мұғалім тарапынан бақылау және бағалау жүргізіледі.
Бағалау:
Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;
Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді
Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру