Тепе-теңдікті дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 35 сабақ.


№35 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.

Тақырып: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Тепе теңдік жаттығуларының түрлерін атап өту. Жаттығулардың орындалуын оқушылармен бірге талқылау. Тапсырма ретінде оқушыларды жұптарға бөлініп, кіші бөрененің үстінде тепе-теңдік сақтап жүргізу, бір аяққа бұрылу әдісін орындатқызу. Жаттығуларды орындау барысында бір-біріне көмек көрсету және бағалау.

тепе-тендікті сақтақ бөрененің үстінде жүру, бір аяққа 90 градусқа бұрылу.

жекелей «қарлығаш» әдісін орындау

Жұпта тапсырмаларды орындап болғаннан кейін бір-бірінің жұмысын бағалау. Кемшіліктерді атап кету. Қателіктермен жұмыс жасау.

Дискриптор:

  • Тепе-теңдікті сақтап, бөрене үстінде жүре алады;
  • Бұрылу кезінде аяқтарды дұрыс қояды;
  • Серіктесінің көмегінсіз жаттығуды дұрыс орындайды.

Уақы қалса, қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.

Оқушылар «Тепе-теңдіктен шығару» ойынын ойнайды. Екі команда қатысады. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта аударылған үш гимнастикалық орындықта орналасады. Қарсыластар бір-бірін итеріп тепе-теңдіктен шығаруға тырысады.

Қатысушылардың біреуі құласа командаға бір ұпай жазылады.

Ойынның нұсқасы: жеңімпаз келесі ойыншымен кездеседі. Қарсыластар қалмағанша жалғаса береді. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Бағалау:

Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;

Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді

Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу