Тепе-теңдікті дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 34 сабақ.


№34 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.

Тақырып: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Тепе теңдік жаттығуларының түрлерін атап өту. Жаттығулардың орындалуын оқушылармен бірге талқылау. Тапсырма ретінде оқушыларды жұптарға бөлініп, тепе-теңдік жаттығулардың кешенін орындатқызу. Жаттығуларды орындау барысында бір-біріне көмек көрсету және бағалау.

тепе-тендікті сақтау жаттығулары

жұптық жаттығулар

жұптық жұмыс

Жұпта тапсырмаларды орындап болғаннан кейін бір-бірінің жұмысын бағалау. Кемшіліктерді атап кету. Қателіктермен жұмыс жасау. Осы жаттығуларды ұлдар және қыздар бірге орындап, көрсету қажет. Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бір-біріне жаттығудың орындау әдістері бойынша көмек көрсетеді.

Уақы қалса, қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.

«Тепе-теңдікті жоғалтып алма». Бұл ойында оқушылар командаларға бөлінбей, бір-бірімен жарысады. Гимнастикалық аттың(гимнастикалық жәшіктің) биіктігінен кезекпен секірулер орындалады. Ойыншы төменге секіргеннен кейін келесі ережелерді орындау керек: орында қалу, гимнастикалық матқа қолын тигізбеу. Ойын барысында секіруді орындаудың бірізділігі орнатылады. Секірудің түрлері біртіндеп күрделене түседі. (мысалы, жиналуда, шалқайып, аяқ екі жаққа, шалқая 180° бұрылу және т.б.). Алдын ала белгіленген секірудің күрделік шыңына жеткеннен кейін, ойыншылар оларды орындалу ретін керісінше орындайды(күрделіден қарапайымға).

Бағалау:

Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;

Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді

Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу