Күкірт қышқылының өндірісі. Күкірт қышқылының қолданылуы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

  • Күкірт қышқылының өндірісі
  • Күкірт қышқылының қолданылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.1 Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын негізгі өндірістерді және өндірістік процестерді білу;

10.4.2.2 күкірт қышқылы өндірісінің процесін түсіндіру;

10.4.2.3 күкірт қышқылын өндіру тепе-теңдік күйдегі процесс деп түсініп, сыртқы жағдайдың өзгеруі мақсатталған өнімнің шығымына қалай әсер ететіндігін болжай алу;

10.4.2.4 күкірт қышқылының негізгі өндірістік тұтыну көздерін білу.

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар сабақ соңында

  • Қазақстан Республикасындағы негізгі өндіріс орындарын айта алады;
  • күкірт қышқылы өндірісінің негізгі сатыларын түсіндіре алады;
  • екінші сатыдағы реакцияның тепе-теңдік күйдегі процесс екенін түсініп, реакция бағытын анықтай алады;
  • күкірт қышқылының негізгі өндірістік тұтыну көздерін анықтай алады

 Жетістік

 критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер

  • Қазақстан Республикасындағы негізгі өндіріс орындарын картада белгілей алса;
  • күкірт қышқылы өндірісінің негізгі сатыларына сәйкес реакция теңдеулерін жаза алса;
  • күкірт диоксидінің күкірт триоксидіне айналу реакциясын тепе-теңдік күйдегі процесс екенін түсініп, реакция бағытын анықтай алса;
  • күкірт қышқылының қолданылуына сәйкес секторлық диаграмманы жасай алса.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Күкірт қышқылының өндірісте алынуы туралы ауызша және жазбаша түсініктеме беру

Күкірт қышқылының қолданылуын ауызша және жазбаша түрде сипаттау

Пәндік лексика және терминология

күкірт қышқылы, өндіріс, химиялық өнеркәсіп, контакт әдісі, Ле Шателье принципі, тепе-теңдік, жағымды жағдай, катализатор, олеум

Сұхбат/хат үшін сөздердің пайдалы топтамасы

Көптеген / кейбір / кішігірім саны бар / күкірт қышқылы ... үшін қолданылады x % әлем өндірісі ...өңдеу/дайындау үшін қолданылады

Тыңайытқыштар/химиялық өнеркәсіпті әлем өндірісінің х % қолданады

 Құндылықтарды дарыту

Ұқыптылыққа, экологиялық сауаттылықтарын жоғарылату

 Пәнаралық байланыстар

География (ҚР картасы), математика (секторлық диаграмма)

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, видео көрсетілім

Бастапқы білім

7.2В Қарапайым химиялық реакциялар

7.3B Геологиялық химиялық қосылыстар

8.3С Қайтымды реакциялар

9.2С Бейметаллдар және олардың қосылыстары: 16 және 17 топтары

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек

көздер

15 минут

(I) (F) Жартылай реакция әдісі бойынша тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру біліктерін жетілдіру мақсатында жаттығулар орындату. Өзара оқыту және бағалау жұмысын ұйымдастыру.

Келесі тапсырмалар қарастырылады:

  • Негізгі өнімдерді болжап, формулаларын жазыңдар.
  • Тотығу дәрежелері өзгерген элементтердің астын сызыңдар.
  • Ортаны ескеріп, тотығу жартылай реакциясын құрыңдар.
  • Ортаны ескеріп, тотықсыздану жартылай реакциясын құрыңдар.
  • Екі жартылай реакциялардың сол және оң жақтарын қосып, қосынды теңдеуін көрсетіңдер.
  • Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар.

Периодтық жүйе

10 минут

(I) (F) Стартер: Қазақстан Республикасының картасын оқушыларға ұсынып, негізгі өндіріс орындарын белгілету. Оқушылармен сұхбат жүргізу:

  • Қай аймақтарда және қандай өндіріс орындары шоғырланған?
  • Қазақстандағы өндіріс орындарының қазіргі жағдайына баға беру.

ҚР картасы, түрлі түсті қарындаштар

7 минут

(F) (W) Күкірт қышқылы өндірісі бойынша зауыттың видеосын көрсету, SO3 шикізатын және оның дайындалуын/ тазартылуын және өндірісін талқылау.

Өндіріс сатылары мен қажетті жағдайларды дәптерлеріне жаздырту.

https://www.youtube.com/watch?v=uKDgmre1cOk

8 минут

(I) (F) SO2 → SO3 реакцияларын тепе-теңдік ретінде көрсету және оқушылардан қандай жағдайлардың SO3 өндірісі үшін жағымды екендігін сұрау (Ле Шателье принципін ескеру).

Ноутбуктер

Интернет ресурстар

15 минут

(G) (F) Оқушыларға күкірт қышқыл өндірісі өндірістік процесс екендігін және пайдалы болатынын айтып түсіндіру. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бағалау критерийлері құрылады.

Оқушылар химиялық компанияларды құрып (олар атауын, логотипін және т.б.ойдан құрастыра алады) және күкірт қышқылы өндірісінің айтарлықтай үнемді тәсілдерін талқылайды. Олар өз тұжырымдарын бүкіл сыныпқа ұсынады, және идеясы шынайы жағдайда өнеркәсіптікке жақын болатын топ жеңімпаз болып табылады.

Ноутбуктер

Интернет ресурстар

6 минут

Әр топ өздері құрған компанияларын жарнамалайды. Регламент 3 минут.

Бағалау критерийлер бойынша жүргізіледі.

15 минут

(G) (F) Оқушылар жұптарда жұмыс жасайды.

Оқушылар күкірт қышқылының өндірістік тұтыну аяларын анықтайды (пайыздық арақатынасын). Олар қолданыстың секторлық диаграммасын жасайды.

Өзара бағалау жұмысы ұйымдастырылады.

Интернет ресурстар

5 минут

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы: Күкірт қышқылы өндірісінің пайдасы мен зияны жөнінде эссе жазу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Өзін өзі бағалау

Бір бірін бағалау

Жұптық жұмыс кезінде бағалау

Жұмыс парағын толтыру біліктерін бағалау

Сақтандыру ережелерін еске түсіру

Сергіту мақсатында жұптарды ауыстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

 

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!