Күкірт қышқылының өндірісі. Химия, 10 сынып, презентация.


Сицилия аралында орналасқан «Өлі көл» деп аталатын бұл көлдің жағалауында өсімдіктер өспейді, жануарлар мен құстар тіршілік етпейді. Егер кездейсоқ бұл көлге барып, аз ғана жуынатын болсаңыздар терілеріңіз күйіп, тіпті түсіп қалады? Қалай ойлайсыздар, неге?

Егер адамның асқазанына қырынуға арналған осындай алмас 2 апта уақытқа қалдырылатын болса, онда ол қорытылып жоқ болып кетеді. Қалай ойлайсыздар, неге?

Сабақтың тақырыбы:

Күкірт қышқылының өндірісі

Сабақтың мақсаты:

10.4.2.2 күкірт қышқылы өндірісінің процесін түсіндіру;

Жетістік критерийлері:

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

-күкірт қышқылының өндірісінің әр сатысын дұрыс атай алады;

-әр сатыда болатын реакция теңдеуін жаза алады;

-күкірт қышқылын анықтаудың бірнеше әдісін ұсына алады;

Топтық және жұптық жұмыс кезінде белсенді қатысып, ережелерді дұрыс сақтайды.

Қажетті сөздер: күкірт қышқылы, acid, производство, sulfuric acid, sulfur trioxide, күкірт ангидриді, өндіріс, кислота.

Күкірт қышқылы бойынша білімді еске түсіру(ақ тақташамен жұмыс)

1. Күкірт қышқылының формуласы қандай?

2. Күкірт қышқылы күші қандай(әлсіз не күшті)?

3. Натрий + күкірт қышқылы реакциясының өнімін жазыңыздар

4. Алтын + күкірт қышқылы реакциясын аяқтаңыздар

Күкірт қышқылын алу

Өндірісте

Лабораторияда

Инженер химик-технолог

Өз құрылғыларымен таныстыру және оны жарнамалау

Оқушылар өзін –өзі тексеруі және бағалауы

Күкірт қышқылын өндіретін завод

Еңбекті бөлу қазіргі заманда көп мамандықтың пайда болуының басты себебі. Ежелгі заманда адамдар өздерін барлық қажетті заттармен қамтамасыз ететін болды, бірақ бұл тиімді емес екендігін түсінген кезде еңбекті бөлуді үйренді. Барлық ғылыми-техникалық даму еңбекті бөлудің жемісі. Бөлінген еңбектің нәтижесін сату, яғни айырбастау арқылы қазіргі қоғамда өмір сүреміз.

Топтық тапсырма!!!

Алдарыңызда берілген үш сынауықтың тек біреуінде ғана күкірт қышқылы бар.

А)Сіздер қалай ойлайсыздар, осы үш сынауықтың қайсысында күкірт қышқылы екендігін көзбен ажыратуға болды ма?

Б) Егер көзбен ажырату мүмкін болмаса, берілген заттардың қайсысын қолдану арқылы күкірт қышқылын анықтауға болады (бірнеше тәсілді ұсынуға болады)?

Қажетті заттар: күміс нитраты, барий хлориді, барий сульфаты, лакмус, фенолфталейн, метилоранж, су.

Қызықты факт: ертеректе алтын іздеушілердің алданып қате кенді табуы...

Сөйлемді жалғастырыңыздар:

Кім жылдам???

***Жыл сайын әлемде 100млн.т күкірт қышқылы өндіріледі. Қазіргі таңда күкірт қышқылын тек контакт әдісімен өндіреді. Ал Қазақстанда жылына 1млн.т күкірт қышқылы өндіріледі. 1млн.т олеумді өндіру үшін қанша тонна пирит қажет екендігін екептеңіздер.

Үй жұмысы

Есептер шығару:

№1. Массасы 1.2 грамм магний мен күкірт қышқылы әрекеттескенде 5.5грамм тұз алынған. Өнім шығымын есептеңіз(%).

№2. Массасы 16.8 грамм кальций оксиді көмірмен реакцияға түскенде, реакция шығымы 80% болса, түзілген кальций карбидінің массасын табыңыз.

№3. Зат мөлшері 0.5моль натрий сумен әрекеттесіп, 4.2л(қ.ж.) газ бөлінген. Газдың практикалық шығымын есептеңіз(%).

№4.  Металл хромды оның оксидінен Cr2O3  металл алюминиймен тотықсыздандыру арқылы алады. Массасы 228грамм хром оксидінен алуға болатын таза хромның массасын есептеңіздер, егер реакция шығымы 95 % болса.

№5.  Концентрлі күкірт қышқылымен мыстың қанша мөлшері (грамм) әрекеттеседі, егер реакция нәтижесінде 3л (қ.ж.) күкірт(IV) оксиді түзілген және шығым 90% құраған болса.

Сабақтың рефлексиясы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?