Күкірт қышқылының өндірісі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1.С

Мектеп: Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Зулпукарова Гулнур Нурланкызы

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күкірт қышқылының өндірісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.2 күкірт қышқылы өндірісінің процесін түсіндіру;

 Сабақ мақсаттары

Күкірт қышқылының маңызы және өндіріс ерекшеліктерімен танысу

Жетістік критерийлері

Жетістік критерийлері:

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

-күкірт қышқылының өндірісінің әр сатысын дұрыс атай алады;

-әр сатыда болатын реакция теңдеуін жаза алады;

-күкірт қышқылын анықтаудың бірнеше әдісін ұсына алады;

Топтық және жұптық жұмыс кезінде белсенді қатысып, ережелерді дұрыс сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнаралық лексика және терминология

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Қышқыл

кислота

acid

күкірт қышқылы

Серная кислота

sulfuric acid

күкірт ангидриді

Серный ангидрид

sulfur trioxide

өндіріс

производство

Production

Құндылықтарды дарыту

 

 

Мәңгілік ел Жалпы әлемдік және аймақтық маселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандык катысуы құндылығы тұрғысында

  • құрмет
  • ынтымақтастық
  • өмір бойы білім алу

құндылықтарын дарыту ынтымақтастыру атмосферасын құру, әңгіме-сұхбат жасау арқылы, топтық жеке сыныппен бірлесе отырып тапсырмаларды орындау барысындағы нақты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

  • биологиямен
  • физика
  • экономика

байланыстыру арқылы іске асады.

АКТ қолдану дағдылары

Слайдпен жұмыс, ақпараттарды интернеттен іздеуге рұхсат беру

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдердің көпшілігі өзара байланысты.

Қарапайым химиялық реакциялар (7.2 А)

Жер қыртысындаңы химикаттар (7.3B)

2 металлдардың белсенділігін салыстыру (8.1B)

Қайтымды реакциялар (8.3B)

Бейметаллдар және олардың қосылыстары: 16 және 17 топтары (9.3B)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 Оқушылармен амандасу. Жаңа тақырыпты суреттегі сауал бойынша ашу.

 Оқу мақсаттары, жетістік критерийлері, тілдік мақсаттармен таныстыру.

 Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын, оқушылардың алдыңғы білімдерін қайталап еске түсіру мақсатында ақ тақташалармен жұмыс жүргізіледі.

 Онда қойылатын сауалдар:

  • Күкірт қышқылы формуласы
  • Күші жағынан күкірт қышқылы қандай?
  • Натрий мен күкірт қышқылы реакциясын аяқтау
  • Алтын мен күкірт қышқылы реакциясын жазу

 

Презентация 3 слайд

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

Оқушылар жұптарға бөлініп, мәтіндер таратылып беріледі де, әр жұп өз құрылғыларымен өзге оқушыларды таныстырады.

Бұл жұптық жұмыс: «Инженер химик-технолог» деп аталады. Әр жұптың материалын мұхият тыңдап, оқушылар әр құрылынғының өз кезегін табулары қажет.

Жұмысты дұрыс жасағандықтарын тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді.

Мұғалім оқушыларға сауалдар қою арқылы еңбекті бөлудің маңызын түсіндіреді.

Еңбекті бөлу қазіргі заманда көп мамандықтың пайда болуының басты себебі. Ежелгі заманда адамдар өздерін барлық қажетті заттармен қамтамасыз ететін болды, бірақ бұл тиімді емес екендігін түсінген кезде еңбекті бөлуді үйренді. Барлық ғылыми-техникалық даму еңбекті бөлудің жемісі. Бөлінген еңбектің нәтижесін сату, яғни айырбастау арқылы қазіргі қоғамда өмір сүреміз.

Оқушылар топта келесі 2 тапсырманы орындайды.

Тапсырма 1. Күкірт қышқылы қолданысы сызбасын толтыру 5мин уақыт беріледі

Постер жасау.

Тапсырма 2.

Алдарыңызда берілген үш сынауықтың тек біреуінде ғана күкірт қышқылы бар.

А)Сіздер қалай ойлайсыздар, осы үш сынауықтың қайсысында күкірт қышқылы екендігін көзбен ажыратуға болды ма?

Б) Егер көзбен ажырату мүмкін болмаса, берілген заттардың қайсысын қолдану арқылы күкірт қышқылын анықтауға болады (бірнеше тәсілді ұсынуға болады)?

Қажетті заттар: күміс нитраты, барий хлориді, барий сульфаты, лакмус, фенолфталейн, метилоранж, су.

Келесі жұмыс оқушыларға жеке беріледі және әр оқушының жеке ойы тыңдалады.

Оқушылар келесі есепті шығарады:

Кім жылдам???

***Жыл сайын әлемде 100млн.т күкірт қышқылы өндіріледі. Қазіргі таңда күкірт қышқылын тек контакт әдісімен өндіреді. Ал Қазақстанда жылына 1млн.т күкірт қышқылы өндіріледі. 1млн.т олеумді өндіру үшін қанша тонна пирит қажет екендігін екептеңіздер.

Сабақты қорытындылау үшін оқушылар күкірт қышқылы өндірісі бойынша бейнекөрсетілімді тамашалайды және сол бойынша сұрақтар құрастырады.

Қосымша №2

Сабақтың соңы

Рефлексия жүргізу:

Сабақ

-Маған ой салды........

-Сабақта сіз қандай жаңалықпен таныстыңыз?

-Сіз сабақта нені есте сақтау қажет деп ойлайсыз?

-Немен жұмысты жалғастыру қажет...

Үй жұмысы: Есептер шығару:

  • №1. Массасы 1.2 грамм магний мен күкірт қышқылы әрекеттескенде 5.5грамм тұз алынған. Өнім шығымын есептеңіз(%).
  • №2. Массасы 16.8 грамм кальций оксиді көмірмен реакцияға түскенде, реакция шығымы 80% болса, түзілген кальций карбидінің массасын табыңыз.
  • №3. Зат мөлшері 0.5моль натрий сумен әрекеттесіп, 4.2л(қ.ж.) газ бөлінген. Газдың практикалық шығымын есептеңіз(%).№4.  Металл хромды оның оксидінен Cr2O3  металл алюминиймен тотықсыздандыру арқылы алады. Массасы 228грамм хром оксидінен алуға болатын таза хромның массасын есептеңіздер, егер реакция шығымы 95 % болса.№5.  Концентрлі күкірт қышқылымен мыстың қанша мөлшері (грамм) әрекеттеседі, егер реакция нәтижесінде 3л (қ.ж.) күкірт(IV) оксиді түзілген және шығым 90% құраған болса.

Слайдта берілген.

ҚоСаралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді