Судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы. Табиғаттағы су.Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«СУДЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚАСИЕТТЕРІ, ҚОЛДАНЫЛУЫ. ТАБИҒАТТАҒЫ СУ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 4 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4С Су
Сабақ жоспары оқушылардың өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған.Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға тақырыпқа қатысты суреттер көрсетіліп, сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Оқушылар судың құрамы жайлы алдыңғы білімдерін жаңа тақырыппен байланыстыру үшін бейнематериалды тамашалайды және жауап парағындағы ‘Missing gap’ тапсырмасын орындайды, яғни бос орындарды кілт сөздермен толықтырады. Бұл тапсырманың мақсаты оқушыларды пассивті тындарманнан активті орындаушыға айналдыру, сонымен қатар судың құрамы жайлы ақпарат ала отырып тыңдалым дағдысын дамыту. Тапсырма орындап болған сон оқушыларға презентацияда көрсетілген дұрыс жауаппен өздерін бағалауды ұсыныңыз, бұл оқушылардың өздеріне деген сенімін арттыра түседі.
Оқушылар жұпта судың физикалық қасиеттерін сипаттайтын кестені толтырады және жұптар өзге жұптармен өз жауаптарын тексереді. Бұл ретте оқушылардың өз жауаптарына дәлелдеме келтіре білуі аса маңызды.
Жаңа тақырыпты оқушылардың алдынғы білімдеріне сүйене отырып зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында топтық зерттеу жұмысы негізінде ұйымдастыруға болады. Оқушылар бұрын оқыған білімдерінің негізінде өздеріне берілген тақырып бойынша «судың мұндай қасиеттке ие болуының себебін және оның тіршілік үшін маңызын түсіндіріру» үшін оқушыларды 3 топқа бөліңіз, әр топқа жеке зерттеу жұмыстарын жүргізуді және зерттеу нәтижесін постер түрінде ұсынуды тапсырыңыз: 1-топ суда жүзіп жүрген мұз бөлшектерінің әрекетін бақылау; 2-топ судың қайнау нүктесін анықтау; 3-топ су ағынының магнит өрісіне әсерін бақылау. Оқушылар тәжірибе жасайды сонымен қатар қосымша әдебиет көздерін немесе ғаламторды қолдануына болады. Тапсырма уақытылы аяқталған соң топтар өз постерлерін қорғайды, мұғалім қосымша сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімдерін пысықтайды.
Оқушыларға судың агрегаттық күйлерінің физикалық үдерістерін еске түсіруді ұсыныңыз. Осы білімдеріне сүйене отырып, оқушылар мүмкіндігінше түсті анимациялық нұсқаларды қолданып табиғаттағы су айналымын түсіндіруді тапсырыңыз. Оқушылар тапсырманы алғашқыда жеке орындайды, сосын топтағы оқушылармен өз жұмысының нәтижелесін талқылайды. Бұл әдіс тақырыпты толықтай түсінуге өз септігін тигізе алады.
Оқушылардың тақырып бойыншы түсініктерін толықтыру мақсатында оқушылар концептуалды карта толтырады. Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?