Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру. Химия, 8 сынып, қосымша материал 2.
«ҚОСЫЛЫСТАР ФОРМУЛАСЫН ҚҰРУ» ТАҚЫРЫБЫНА
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 1 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы
Бұл бөлім оқушылардың «нолдік сома» әдісі арқылы қосылыстардың формуласын құрастыру білімдерінің қалыптасуына негізделген. Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімін тексеру үшін «Миға шабуыл/Ой қозғау әдістері арқылы бірнеше ионның формулаларын жазу тапсырылады. Сонан соң мұғалім түсіндірме жүргізе алады: «Элемент атомдарының ион түзуі нәтижесінде қосылыстарға айналады және қосылыстағы иондар зарядтарының қосындысы нольге тең болады». Әрі қарай топтық жұмыс ұйымдастырылып, формула құрастырудың алгоритмі ұсынылады. Мысалы:
Бинарлы заттардың формулаларын құрастыру:
1.Затты құрайтын элементтердің таңбаларын бір қатарға жазамыз:
мысалы, Na O
2.Химиялық элементтердің жоғары жағына ион зарядын қоямыз :
Na O
3. Ион зарядының кіші ортақ еселігін табамыз: 2
4. Ең кіші ортақ еселігін элементтердің ион зарядтарына бөліп, индекстерін табамыз:
+1 -2
NaO 2: 1 =2 (Na) формула – Na2O.
2: 2 =1 (О)
«Нөлдік сумма» әдісімен формуланы жазу
+ 1∙1 + (-1)∙1 = 0
Егер оқушыларда сұрақтар туындамаған жағдайда оқушыларды жұпқа бөліп, дифференциациялық негізде тапсырмалар түрін ұйымдастырып беруге болады. Сабақ соңын оқушылардың кері байланысын тыңдаумен аяқталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?