Заттардың химиялық формуласын құрастыру. Химия, 8 сынып, қосымша материал 1.


«ҚОСЫЛЫСТАР ФОРМУЛАСЫН ҚҰРУ» ТАҚЫРЫБЫНА

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

 

Бұл бөлім оқушылардың «нолдік қосынды» әдісі арқылы қосылыстардың формуласын құрастыру білімдерінің қалыптасуына негізделген. Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімін тексеру үшін оқушыларды жұптастырыңыз. Оқушыларды жұпқа атом және оның электрондық құрылысын сәйкестендіру арқылы бөлуге болады. Жұптағы оқушыларға натрий мен хлор атомдарының моделін жасауды тапсырыңыз (пластилин, сымды қолдануға болады). Оқушылардың танымдық - қызығушылық қабілеттерін арттыру мақсатында оқушыларға проблемалық сұрақтар қоюға болады: «натрий және хлор атомдары тұрақтылыққа қалай жетеді?», «натрий жоғалтқан электрон қайда кетеді?» немесе «хлор тұрақтылыққа жету үшін электронды қайдан алады?», нәтижесінде оқушылар атомдар электронды қосып алу немесе беріп жіберу арқылы өзінің сыртқы қабатын толтырады, нәтижесінде қосылыстар түзіледі деген қорытындыға келулері қажет.

Сонан соң мұғалім түсіндірме жүргізе алады, оқушылар жауаптарын нақтылап, «нөльдік қосынды» әдісімен таныстырады. Қосылыстарда иондардың зарядтарының қосындысы нольге тең болатыны жайлы мысалдар арқылы түсіндіреді.

Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту мақсатында «зарядтың нольдік қосындысы» және иондардың зарядтары жайлы білімдеріне сүйеніп, заттардың формулаларын құру жазбасының алгоритмін құрастыруды тапсырыңыз. Әр жұп өз алгоритмін құрастырады, басқа жұптармен талқылайды, және ең жақсы нұсқаны таңдайды.

Егер оқушыларда сұрақтар туындамаған жағдайда оқушыларды жұпқа бөліп, дифференциациялық негізде тапсырмалар түрін ұйымдастырып беруге болады. Сабақ соңын оқушылардың кері байланысын тыңдаумен аяқталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?