Заттардың химиялық формуласын құрастыру. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 8.1А Атомда электрондардың орналасуы | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Заттардың химиялық формуласын құрастыру | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | -«нөлдік қосынды» әдісі арқылы қосылыстардың формулаларын құрастыра алу | |||||
Сабақ мақсаттары | - атомдар тұрақтылыққа жету үшін электронды қосып алу немесе беріп жіберу арқылы иондар түзетінін түсінеді; - иондардың элекрондық құрылысын жазады; - «нөлдік қосынды» әдісі арқылы күрделі заттардың формуласын құрастырады. | |||||
Бағалау критерийлері | атомдар тұрақтылыққа жету үшін электронды қосып алу немесе беріп жіберу арқылы иондар түзетінін түсіндіре алады; иондардың элекрондық құрылысын жаза алады; - «нөлдік сома» әдісі арқылы күрделі заттардың формуласын құрастыра алады; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - атомды ауызша сипаттау және энергетикалық деңгейлерге сәйкес ядро айналасында электрондардың таралуы үшін арнайы лексиканы пайдаланады. Пәнге қатысты лексика мен терминология атом, электрондық қабат, энергетикалық деңгей, жүйелік, топ, қашықтық жуық, барынша алшақ, ішкі, сыртқы орбиталь (s, p), ядро. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Бұл атом ядросы, ал бұл электрон. Электрондар әр түрлі энергияға ие және энергияларына сәйкес белгілі қабаттарда таралған. Электрондар қабаты атом ядросынан жақын/алыс орналасқан Қай электронда энергия көп/аз? | |||||
Құндылықтар | - Сыйластық (бір-бірінің ойын айту кезінде) - Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында) - Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру) | |||||
Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу | Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу | |||||
АҚТ қолдану дағдылары | Презентация/бейнебаяндар | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | |||||
Бастапқы білім | 7.4А Атом құрылысы | |||||
Сабақбарысы | ||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-2 мин | Ұйымдастыру сәті. Амандасу. Сабақ мақсаттары жне жетістік критерийлерімен танысу . | |||||
Сабақтың ортасы 3-10 мин 11-18 мин 19-36 мин |
Оқушыларды жұпқа бөліңіз (атом және оның электрондық құрылысын сәйкестендіру арқылы) Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жұптағы оқушыларға натрий мен хлор атомдарының моделін жасауды тапсырыңыз. Проблемалық сұрақ: натрий және хлор атомдары тұрақтылыққа қалай жететінін модельдеуді тапсырыңыз. Мұғалім түсіндірмесі: Аяқталған сыртқы электрон қабаты атомды белсенді емес ететіндіктен ,атомдар электронды қосып алу немесе беріп жіберу арқылы өзінің сыртқы қабатын толтырады, нәтижесінде қосылыстар түзіледі. Қосылыстарда иондардың зарядтарының қосындысы нольге тең болады. 1-тапсырма: Зарядтың нольдік қосындысы» және иондардың зарядтары жайлы білімдеріне сүйеніп, заттардың формулаларын құру жазбасының алгоритмін құрастырыңыздар. Әр жұп өз алгоритмін құрастырады, басқа жұптармен талқылайды, және ең жақсы нұсқаны таңдайды. 2-тапсырма Берілген иондардан «нөлдік сома» әдісі арқылы максималды қосылыстардың формулаларын құрастырыңыз: Na+, Ca2+, Mg2+, Al3+, Li+, Fe3+, H+, S2-, Cl-, O2-, N3-, Br-, F- | Тақтамен жұмыс Пластилин сым 1 - қосымша | ||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Рефлексия. Теннис Оқушыларды екі қатарға тізіп, бір-біріне қарама-қарсы қою. Бірінші оқушы оған қарама-қарсы тұрған оқушыға сабақ бойынша сұрақ қояды. Егер ол дұрыс жауап берсе, оның қасындағы тұрған оқушы сұрақ қоюды бастайды. Егер ол дұрыс жауап бермесе, қарам-қарсы тұрған оқушылар сұрақты қоюды жалғастырады. A1 оқушы B1 оқушыға сұрақ қояды. Егер B1 дұрыс жауап берсе, B2 A2-ге сұрақ қояды. Егер B1 дұрыс жауап бермесе, A2 В2-ге сұрақ қояды. т.с.с. | Презентация | ||||
Үй жұмысы | Теориялық ақпаратты қайталау | |||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Барлығы: - ерігіштік кестесін пайдалана алады; Көбісі: - электрондарын беретін (оң зарядтың түзілуімен) элемент атомдарды анықтай алады; осы элементтердің металл екендігін түсінеді; - электрондарды қосып алатын (теріс зарядтың түзілуімен) элемент атомдарды анықтай алады; осы элементтердің бейметалл екендігін түсінеді; Кейбіреулері: - «нөлдік қосынды» әдісі арқылы күрделі заттардың формуласын құрастыра алады; | Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытут уралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?