Адам денесінің қан және басқа сұйықтықтарын жасанды жолмен тазалау. Диализ жұмысын принциптері. Диализ әдістері: перитонеалды және гемодиализ. Биология, 10 сынып, презентация.
Гемодиализ әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Сабақ тақырыбы: Адам денесінің қан және басқа сұйықтықтарын жасанды жолмен тазалау. Диализ әдістері: гемодиализ
Оқыту мақсаты: 10.1.5.2 диализ механизмін түсіндіру
Сабақ мақсаттары:
Адам денесіндегі сұйықтықтарды жасанды жолмен тазалау жолдарын талдау
Диализ жұмысы принциптерін сипаттау
Перитонеалды диализ әдісін түсіндіру;
Бағалау критерийлері
Диализ әдісінің жұмыс жасау принциптерін сипаттайды
Гемодиализ бен перитонеалды диализ әдістерін түсіндіре алады
Бұл әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды
Ақпаратпен танысу:
Перитонеалды диализ әдісі;
Жұмыс жасау принциптері;
Қолданылуы;
Әдіс артықшылықтары мен кемшіліктері.
Перитонеалды диализ
перитонеалды диализ
Құрсақ бөліміндегі ішектің жартылай өткізгіш мембаранасы арқылы қан сүзіледі де арнаулы ерітінді жіберіліп қан тазартылады да, ерітінді бірнеше сағаттан соң ағзадан алынады.
Тапсырма
Перитонеалды диализ әдісін сипаттайтын плакат/постер/сызба/ презентация дайындаңыз
Өз жұмысыңызды қорғаңыз.
Осы әдістің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыз
Жұмыс жасау принциптері
перитонеалды диализ
Перитонеальный диализ 1980 жылдан бері қолданылады. Бұл үйде жасалатын диализдің ең тиімді түрі.
Перитонеальный диализ кезінде ішекті қоршап жататын табиңи жартылай өткізгіш- перитонеалды мембрана қолданылады
Диализді сұйықтық құрсақ қуысына енгізіледі, қалдықтар құрсақ мембранасы арқылы сүзіліп, бүйрек қызметін атқарады. Кейін сұйықтық қалдықтармен бірге сыртқа шығарылады.
Бұл әдістің екі түрі бар: үздіксіз амбулаторлық перитонеалды диализ (CAPD) , ол ешқандай аппаратсыз жұмыс жасайды. Пациент құрсақ бөліміндегі диализді сұйықтықпен бірге жүре береді. Екінші түрі: үздіксіз циклдық перитонеалды диализ (CCPD) , пациентке велосипедист деп аталатын аппарат қажет болады. Ол аппарат қарнына диализ сұйықтығын толтыру немесе босату үшін қажет. Бұл түрін кейде автоматталған перитонеальды диализ (APD) деп те атайды.
Жұмыс жасау принципі
Катетер (сынауық) хирургиялық жолмен асқазанның ішкі қабырғасына енгізіледі (кіндік жанына)
Екі қапшығы бар CAPD жүйесі катетерге бекітіледі, екі жағы Y-тәрізді бөліктерден тұрады. Y-тәрізді бір бөлігі (жоғарырақ орналастырылған) қысылғанда диализдік сұйықтық қарынға қарай өтеді, сұйықтық құрсақ ішінде 4-6 сағатқа дейін болады. (сақталу уақыты).
Кейін қарындағы сұйықтық перитонеалды мембрана арқылы сүзіліп, екінші қапқа жиналады. Екінші қап адамнан тыс дененің сыртында жерде тұрады. Бұл кезде екінші қаптың аузы ашылады да, ал бірінші таза сұйықтығы бар қапшықтың аузы жабылады. Яғни қажетсіз сұйықтық адамнан тысқары екінші сырттағы қапқа құйылады.
Содан соң бірінші қапшыққа қайтадан таза диализдік сұйықтық құйылады. Бұл процес 30-40 минутқа созылады. Бұл процесті күні бойы бірнеше рет қайталау қажет.
Артықшылықтары
Үйде жасауға болады, клиникаға барудың қажет емес
Адам өзіне ыңғайлы кез келген уақытта жасай алады
Пациент өз бетінше жүргізеді
Өзімен бірге таза диализдік сұйықтығын алып, саяхатқа шыға алады
Рефлексия:
Бүгінгі сабақта:
Маған түсінікті………….
Маған түсініксіз.......................
Менің зерттегім келеді............
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру