Адам денесінің қан және басқа сұйықтықтарын жасанды жолмен тазалау. Диализ жұмысын принциптері. Диализ әдістері: перитонеалды және гемодиализ. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


(Қоғамдық -гуманитарлық бағыт)

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ бөлім : 10.2 С Бөліп шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам денесінің қан және басқа сұйықтықтарын жасанды жолмен тазалау. Диализ жұмысын принциптері. Диализ әдістері: перитонеалды және гемодиализ.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.1.5.2 диализ механизмін түсіндіру

 Сабақтың мақсаты

Адам денесіндегі сұйықтықтарды жасанды жолмен тазалау жолдарын талдау

Гемодиализ әдісін түсіндіру;

Перитонеалды диализ әдісін түсіндіру;

 Бағалау критерийлер

Гемодиализ бен перитонеалды диализ әдістерін түсіндіре алады

Бұл әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар

Тиісті терминологияны қолдана отырып диализ әдістері үдерісін ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Гемодиализ, перитонеалды диализ, диализ ерітіндісі, диализдік мембрана, катеттер, диализ аппараты, бүйрек доноры

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Гемодиализ кезінде....қолданылады.

Перитонеалды диализ... арқылы жасалады.

Перитонеалды диализ ...жасалады.

Құндылықтармен байланыстар (тәрбие элементтері).

 

Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бірі-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Ашықтық пен ынтымақтастық- оқушылар топта рөлдік ойын ойнағанда бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болады.

Жұптардағы жұмыс достастықты дамытады.

 АКТ-мен байланыстар

АКТ қолдану дағдылары интерактивті тақтада тапсырмалар орындауда, ақпарат жинау үшін ноутбуктер қолдану кезінде, онлайн режимінде қосымша тапсырмалар орындау кезінде дамытылады. Оқушылар PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істей алады.

Пәнаралық байланыстар

 

Диффузия ұғымы арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Бүйректің құрылысы, нефронның жұмысы, зәр түзілу механизмі, кері теріс байланыс, осмос, диффузия, осморегуляция, гомеостаз туралы түсініктер.

Жоспар

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақ кезіндегі жоспарланған жұмыс

Ресурстар

1-сабақ

Сабақтың басталуы

0-8

Фильтрациялық қызметін эксперимент арқылы көрсету.

№1 Елеуіш пен қант, тұз, бұршақ (= ақуыздар) және су пайдаланылатын модель селективтік сүзуді көрсету үшін пайдаланыла алады. Кішкентай «молекулалар» елеуіш арқылы өтеді, ал ірі протеиндер – өтпейді.

№2 Кранға бекітіліп, су аққан мезетте сығылатын резеңке шланг домалақ ішіндегі қысымды жоғарылатып, шығарғыш артериола қызметін көрсетеді, бұл ультра сүзу үрдісіне ықпал етеді.

Осы экспериментті оқушылар жасай отырып, бүректің маңызын түсінеді.

РРТ

Сабақтың ортасы

9-13 минут

Тәжірибе нәтижесінде оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылады: Бүйрегінде ақауы бар немесе сырқаттанған адамдар бүйрексіз қалай өмір сүреді?

Олардың ағзасын қалай тазартуға болады?

(Ж) Оқушылармен бүйрек қызметінің жетіспеушлігі бар адамдарға қалай көмектесуге болатындығы, оның себептері туралы талқылау жүргізіледі.

(Жж) (Қ) Ақпараттық парақтар/ анимациялар/ видеоларды қолдана отырып гемодиализ әдісімен танысады.

«1-сабақ ақпарат гемодиализ» парақшасы

Диализ әдістері туралы қазақша видео:

http://mangystautv.kz/kz/news/society/gemodializ-omir-ushin-kures

Диализ түрлері туралы қазақша ақпарат:

https://kazmedic.org/archives/405

Ағылшын тіліндегі диализ туралы ақпарат (ағыл.):

http://www.nhs.uk/conditions/Dialysis/Pages/Introduction.aspx

http://www.kidneydialysis.org.uk/hemodialysis.htm

Гемодиализ туралы орыс тіліндегі ақпарат:

https://www.healthinfotranslations.org/pdfDocs/Hemodialysis_RUS.pdf

14-24 минут

(Жж) (Қ) Оқушылар гемодиализ әдісін көрсететін постер/сызба/сурет/таныстырылым жасайды.

Қағаз, фломастерлер, ноутбуктер

Сабақтың соңы

25-38 минут

(Жж) (Қ) Әр оқушы жұмысын қорғап, түсіндіреді.

Рефлексия

39-40 минут

Сабақтың сәтті жағы мен жақсартуға арналған ұсыныстар айтады.

2-сабақ

Сабақтың басталуы

0-5 минут

(Жж) (Қ) Гемодиализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін қысқаша атайды.

РРТ

6-10 минут

(Жж) (Қ) Ақпараттық парақтар/ анимациялар/ видеоларды қолдана отырып перитонеалды әдісімен танысады.

(Жж) (Қ) Оқушылар перитонеалды диализ әдісін көрсететін постер/сызба/сурет/таныстырылым жасайды.

Жұпта зерттеу жұмысын жасайды. «Қар кесегі» әдісінің көмегімен жұптар бір-бірін аралап түсіндіреді. Бірден стикерлерге өз бағалауларын немесе кері байланысын жазып жабыстырып кетеді.

Бір-біріне сұрақтар қояды

«2-сабақ ақпарат перитонеалды диализ» парақшасы

Диализ әдістері туралы қазақша видео:

http://mangystautv.kz/kz/news/society/gemodializ-omir-ushin-kures

Диализ түрлері туралы қазақша ақпарат:

https://kazmedic.org/archives/405

Ағылшын тіліндегі диализ туралы ақпарат (ағыл.):

http://www.nhs.uk/conditions/Dialysis/Pages/Introduction.aspx

http://www.kidneydialysis.org.uk/hemodialysis.htm

11-24 минут

Дебат ұйымдастыру

Жасанды бүйрек зерттеу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері бойынша жүргізіледі.

Жақтаушылар бүйрек жетіспеушілігі әдістерінің артықшылықтарын айтады, даттаушылар кемшіліктерін айтады.

Қағаз, фломастерлер, ноутбуктер

Сабақтың соңы

25-38 минут

(Жж) (Қ) Әр топ өз жұмыстарын қалай ұсынса да өз еріктері, бірақ бір-бірлеріне дебат шарты бойынша тәртіп сақтап талқылайды

Немесе бірден әділ-қазыларды сайлап қоюға болады. (олар тәртіпке, ереже бұзушылыққа, аргументтердің шынайылығын т.б қадағалап тіркеп отырады. )

Рефлексия

39-40 минут

Екі жұлдыз - бір тілек» жүргізу

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз ба? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік.

Саралауды қолдайтын тапсырмалар ұсынылады.

Оқушыларға ақпараттың әртүрлі көздері ұсынылады.

Оқушылардың әрқайсысы өз таңдауы бойынша тақырып мазмұнын түсінгендігін көрсетуге мүмкнідік алады

Оқушылардың ауызша жауаптары мен түсіндірмелері

Оқушылардың орындаған тапсырмалары

Зерттеу жүргізе білу дағдылары

Кабинетте техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Рефлексия (сабақ өткізілгеннен кейін толтырылады)

Сабақтың мақсаттары/Оқу мақсаттары шынайы ма? Оқушылар бүгін не оқып білді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табысты ма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және не үшін?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңыздан ой түйіндеу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. (сабақ өткізілгеннен кейін толтырылады)

Жалпы бағалау (сабақ өткізілгеннен кейін толтырылады)

Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты болды (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан сынып пен жекелеген оқушылар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу