Су мөлшерін реттеу. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Осморегуляция

Анти-диуретикалық гормон деген не?

Анти-диуретикалық гормон гипоталамус жасушаларында түзіледі. Жасушалардың көмегімен гипофизге тасымалданып, одан қан капиллярларына өтеді.  Анти-диуретикалық гормон қантамырлары мен бүйрекке әсер ету арқылы қан қысымын реттейді. Дегенмен оның ең негзгі рөлі зәрге бөлінген су мөлшерін азайту арқылы ағзаның ішкі ортасындағы су көлемін сақтау болып табылады. Нефронның соңғы бөлігінен суды кері сору арқылы ағзаға қайтарып, ағзаны қажетті сумен қамтамасыз етеді. Қанда оның жоғарғы концентрациясы қантамырларының тарылуы арқылы қан қысымының артуына әкеледі. Ағзаның сусыздануы суды көп мөлшерде алуы арқылы ғана жойылады.  

Егер қанда суықтан, терлеуден болып су тым көп болып кетсе АДГ бөлінуі тоқтайды. Бұл кері теріс байланыстың мысалы. Қандағы су мөлшері түскенде кері теріс байланыс АДГ мөлшерін арттырады. Ал қандағы су м өлшері артқанда кері теріс байланыс АДГ мөлшерін тежейді.

АДГ әсері

  • Дистальды канал мен жинағыш түтік жасушалары мембранасының өткізгіштігі АДГ арқылы реттеледі.
  • AДГ гипоталамуста түзіліп, гипофизда сақталады немесе бөлінеді.
  • AДГ дистальды канал мен жинағыш түтік жасушалары мембранасының өткізгіштігін арттыру арқылы суды кері сіңіреді (реабсорбция).
  • Зәр концентрленеіп, ағзадағы су мөлшері қалпына келеді.

Ағзаның су мөлшерінің азаюына жауабы

  • Ағзадағы судың азаюы  = қан көлемінің артуы = қандағы осмостық қысымның артуы.
  • Гипоталамус жасушаларындағы осморецепторлар капиллярлардағы осмостық қысымның өзгеруін сезеді.
  • Гипоталамус жасушаларынан су қан тамырларына ққарай өткендіктен ол жасушалар сусызданып, плазмолизге ұшырап, жиырылады.
  • Гипофизге AДГ бөлу туралы жүйкелік сигнал жіберіледі.
  • AДГ қанмен бүйрекке өтеді.
  • Бүйрек нефронның жинағыш түтігінен суды кері сіңіріп зәр концентрленеді.
  • Гипоталамус жасушаларында осылайша шөлдеу сезімі туындайды.

Су жұмсалған сайын ...

  • Қандағы осмостық қысым түседі.
  • Қан сұйылып, ондағы жасушалардағы су гипоталамус жасушаларына өтеді (осмос).
  • Гипоталамус жасушалары бөртіп, гипофизге жүйке сигналдары барады.
  • AДГ бөлінуі тежеліп, су реабсорбциясы тоқтайды.

Диуретиктер

  • Алкоголь, кофеин диуретиктер. Олардың әсерінен зәр шығару жиілейді.
  • AДГ бөлінуін тежегендіктен зәр көлемі артады.
  • Шамадан тыс қолдану сусыздануға әкеледі.

Анти-диуретикалық гормон қалай реттеледі?

Оның қанға бөлінуінің реттелу жолдары:

  • Сусыздану немесе қан құйылу кезіндегі қан қысымының төмендеуіне жүрек пен қантамырлардағы рецептор жасушалары сезу арқылы жауап қайтарғаннан АДГ бөлінеді;
  • Қандағы тұздар концентрациясы артқан кезде АДГ көп бөлінеді;
  • Ыстық күндері термен бірге су жоғалтқан кезде көп бөлінеді;
  • Шөлдеу, лоқсу, құсу, және түрлі стресстік жағдайларда көп бөлінеді;
  • Алкогольдің әсерінен аз бөлінеді.

Ағзада анти-диуретикалық гормон тым көп болып кетсе не болады?

АДГ концентрациясы артып кеткен жағдайда судың жиналуы жүреді. Қан сұйылып, тұздар концент рациясы кемиді. АДГ шамадан тыс көп бөлінуі өкпе, кеуде қуысы ның аурулары,  гипоталамус немесе гипофиздегі ауытқулар, өкпе рагы сияқты обырдың болуына байланысты.

Ағзада анти-диуретикалық гормон тым аз болса не болады?

АДГ мөлшерінің төмен болуы бүйректің суды тым көп бөлуіне әкеледі. Зәрдің мөлшері артып кеткендіктен ағзада артериялық қысым төмендеп, сусыздану байқалады. Гипоталамус немесе гипофиздің зақымдалуының белгісі болып табылады. Қант диабеті кезінде, обырға шалдыққанда АДГ тым аз болады. Қант диабеті шөлдеу мен зәр көлемінің артуына байланысты емес.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу