АТФ синтезі. Глюкозаның аэробты және анаэробты ыдырауы. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ : АТФ синтезі. Глюкозаның аэробты және анаэробты ыдырауы Сабақ № 3 | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сыныбы: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 10.1.4.2 Аэробты және анаэробты тыныс алаудағы түзілген АТФ-ті салыстыру | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар орындай алады:
| |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: жасушалық тыныс алу процесстерін сипаттайды. тыңдап-түсіну дағдыларын дамыта алады және цикл кезеңдерін ауызша суреттейді Пәнге бағытталған лексика және терминология: Гликолиз, электрондар тасымалдау тізбегі, пируват/ пирожүзім қышқылы, коферменттер, A ацетил коферменті, аралық өнімдер, көміртек қосылыстары, қышқылдану, редукция, декарбоксилирлену, АТФ, қалпына келтірілген никотинамид-аденин-динуклеотид (НАДФ), қалпына келтірілген флавин-аденин-динуклеотид (ФАДH2), матрица, митохондрия Өнімдер, форма, түрлендіру, жылжыту, … тұратын, қосу, ену (кіру) Диалогтар мен жазбаша жұмыстар үшін пайдалы шаблондық фразалар: X Y-ке бөлінеді X …. қалыптастыру үшін қолданылады X және Y өндіріледі. X –тің Y-ке түрленуі кезінде, Z өндіріледі X … көшеді Y бөлініп шығарылады. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік ұлт дені сау ұлттың қалыптасуы үшін дұрыс қоректену ағзаны энергиямен байытуының маңыздылығын түсіну Құрмет Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Ынтымақтастық берілген тапсырманы топта орындауда бірлесіп жоспарлау оқушыларда ынтымақтастық пен шыдамдылықты қамтамасыз етеді. Еңбек және шығармашылық Анаэробты және аэробты тыныс алу моделін құрастыру кезінде жауапкершілік және еңбексүйгіштік қалыптасады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Жасушалық тыныс алудағы химиялық реакциялардың жүруі химиямен, суретпен жұмыс жасау өнер/ технология пәнімен байланысты | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ сабақта глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдерін талдау мен білім беру кезінде таныстырылым көрсетуге, оқушыларға өз беттерінше ноутбуктарда видео көрсетуде қолданылады. Оқушылар қосымша және мұғалім ұсынған ақпараттарды қолданады. | |||||||||||
Алдыңғы білім | АТФ құрылысы мен қызметін біледі Анаэробты және аэробты тыныс ал кезеңдерін біледі Митохондрий құрылысын біледі | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||||||
Басталуы 0-10 минут | Аэробты және анаэробты тыныс алу ерекшелігі неде? Сұрағын талқылау. Екеуінің бір-бірімен ұқсастығы мен айырмашылықтарын талқылау. Тіршіліктегі маңызын сипаттау. Қандай тірі ағзаларда болатынын еске түсіру, мысалдар келтіру. | Таныстырылым | ||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||||||
20-35 | (W) Интерактивті тақтада жасушалық тыныс алу кезеңдері талқыланады. Оқушылар тақтада көрсетілген үлкен митохондрий суретіне анаэробты тыныс алу қай жерде және аэробты тыныс алу қай жерде жүретіндігін қолдарына берілген қима қағаздармен жабыстырады немесе жұпта талқылайды / оқушыларға жеке сызбаны шығарып беріп. Жасауға болады/
(G) Сынып оқушылары жеке жұмыс жасайды. Оқушыларға жасушалық тыныс алудың кезеңдері сипатталған ақпарат беріледі. Әрбір оқушы жеке тұжырым картасын жасайды немесе жасушалық тыныс алудың анаэробты және аэробты тыныс алу кезеңдерін сызбалайды және қажетті кестені толтырады. /кестеде анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстырып, әрбір кезеңде неше АТФ молекуласы бөлінетінін және айырмашылығын түсіндіреді./
| |||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||||||
35-40 | (f) Оқушылар гликолиз, Кребс циклы және және тотыға фосфорлану нәтижесінде түзілетін АТФ молекуласының саны бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. Рефлексия БББ бойынша жүргізіледі | Таза парақтар | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Оқушыларды қолдау мақсатында салған суреттерінен белгілеген анаэробты тыныс алу кезеңдері мен рекцияларын дұрыс анықтауын, тіршіліктегі маңызын анықтағанына көңіл бөлу Қабілеті жоғары оқушылар Тыныс алу неге митохондрияда жүреді? деген сұрақпен жұмыс жасауларын сұрау | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Формативті бағалау Ауызша сыни сұрақтар қою Гликолиздің аэробты тыныс алу моделін жасауын бағалау Тыныс алу фазаларын еске түсіру сұрақтары | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Химия пәнімен байланысы бар АКТ ны қолдану интерактивті тақтамен жұмыс жасауда орындалады. Оқушылар интернеттен қосымша ақпараттар іздейді. | ||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||
Қысқаша бағалау Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1:Модель жасау 2: Топта жұмыс Қандай екі мезет сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1: Сұрақтарға жауап беру барысындағы - Пікірталас 2: Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын? Анель, Камилла, Азиза өз білімдерін қолдана алды, бұд мені қуантты. | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру