АТФ синтезі. Глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырауы. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ : 10.2 В: Тыныс алу (12 сағат) АТФ синтезі. Глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырауы. 1-3 сабақ | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сыныбы:10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 10.1.4.2 Аэробты және анаэробты тыныс алудағы АТФ синтезін салыстыру | |||||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: жасушалық тыныс алу процесстерін сипаттайды. тыңдап-түсіну дағдыларын дамыта алады және цикл кезеңдерін ауызша суреттейді Пәнге бағытталған лексика және терминология: АТФ, аденин, бес атомды қант/рибоза, сутектік байланыс, гликозидтік байланыс, фосфор қышқылының қалдығы, матрица, митохондрий, Гликолиз, электрондар тасымалдау тізбегі, пируват/ пирожүзім қышқылы, коферменттер, A ацетил коферменті, аралық өнімдер, көміртек қосылыстары, қышқылдану, редукция, декарбоксилирлену, АТФ, қалпына келтірілген никотинамид-аденин-динуклеотид (НАДФ), қалпына келтірілген флавин-аденин-динуклеотид (ФАДH2), матрица, митохондрия Өнімдер, форма, түрлендіру, жылжыту, … тұратын, қосу, ену (кіру) Диалогтар мен жазбаша жұмыстар үшін пайдалы шаблондық фразалар: X Y-ке бөлінеді X …. қалыптастыру үшін қолданылады X және Y өндіріледі. X –тің Y-ке түрленуі кезінде, Z өндіріледі X … көшеді Y бөлініп шығарылады. | |||||||
Бағалау критерийлері | АТФ құрылысын сипаттай алады Жасушалық тыныс алудағы маңызын түсінеді Глюкозаның аэробты ыдырау кезеңін сызбаға түсіреді Анэробты тыныс алу ерекшелігін сипаттайды Аэробты және анаэробты тыныс алудағы АТФ синтезін салыстыру кестесін толтырады | |||||||
Құндылықтармен байланыстар (тәрбие элементтері). | Ынтымақтастық берілген тапсырманы топта орындауда бірлесіп жоспарлау оқушыларда ынтымақтастық пен шыдамдылықты қамтамасыз етеді. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Еңбек және шығармашылық Анаэробты және аэробты тыныс алу моделін құрастыру кезінде жауапкершілік және еңбексүйгіштік қалыптасады. Ашықтық пен ынтымақтастық- оқушылар топта жұмыс жасағанда бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болады. Жұптардағы жұмыс достастықты дамытады. | |||||||
Пәнаралық байланыс | АТФ құрылысын талдау және жасушалық тыныс алудағы химиялық реакциялардың жүруі химия пәнімен байланысты | |||||||
АКТ-мен байланыстар | АКТ қолдану дағдылары интерактивті тақтада тапсырмалар орындауда, ақпарат жинау үшін ноутбуктер қолдану кезінде, онлайн режимінде қосымша тапсырмалар орындау кезінде дамытылады. Оқушылар PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істей алады. Оқушылар қосымша және мұғалім ұсынған ақпараттарды қолданады. | |||||||
Алдыңғы білім | АТФ-тың құрылысын сипаттайды Митохондрий құрылысы мен жасушалық тыныс алу процестерінің өзара байланысын орната алады. | |||||||
Сабақ жоспары Сабақ 1 | ||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
Басталуы 0-5 минут | Сабақ тақырыбымен таныстыру, оқушылармен оқыту мақсатын талдау Бағалау критерийлеріне тоқталу (G) Топтардан «энергетикалық метаболизм кезеңдері» дегеннің не екендігі бойынша өз ойларымен бөлісуді сұраңыз. Сызба№1 мен №2 оқушылармен топта / жұпта талдау | |||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
Сабақтың ортасы 6-37
| Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылау:
/Энергия сутегі, оттегі және көміртегі атомдарының химиялық байланыстарында болады. Сол байланыстар үзілгенде энергия бөлінеді. Көп энергия глюкозаның химиялық молекуласының 1 молінде 2800 кДж энергия береді. Глюкоза ыдырауы үшін оған оттегі атомының қосылып, жасушалық тыныс алудың маңызы зор/
/ Жасушада энергия АТФ түрінде сақталады. АТФ молекуласында энергияға бай макроэргиялық байланыстар болады. АТФ митохондрияда жинақталады. Сұрақтарды талдау. АТФ-тің бір макроэргиялық байланысы ыдырағанда 40 кДж энергия бөлінеді.
/ аденин, 5 атомды қант/рибоза және 3 моль фосфор қышқылының қалдығы/ АТФ туралы ақпарат талдау. (жұпта немесе жеке) АТФ құрылымы туралы мұғалімнің түсіндіруі G) Оқушылардың АТФ модельдерін құруын, сосын оларды аденозиндифосфат (АДФ) пен аденозинмонофосфатқа (АМФ) бөліп, кейін қайтадан қосуды сұрау. (модельді молекулалардан, ермексаздан немесе қағаздан жасауға болады) (W) Модельдер құру жұмысын формулаларды пайдаланумен және АТФ молекулаларының құрылымдық бөліктерін түсіндірумен толықтырып отырылады. Мұғалім сұрақ қою арқылы көмек керек оқушыларға көмектесу, мүлдем қиын болса дайын сызбаны талдату Оқушыларды бірден модельдері бойынша кері байланыс беріп отыру. (G) (f) Митохондрий құрылысын еске түсіру үшін оқушыларға дайын сызба №3 тарату, олар қажетті бөліктерін жазады. Жасушалық тыныс алудың әрбір сатысында түзілетін АТФ энергияларын санау, дайын сызбамен жұмыс жасату немесе оқушыларға өздеріне сыздыру. Глюкозаның анаэробты және аэробты тыныс алу сатыларының митохондрийдің қандай бөлігінде жүретінін талдау. | http://www.sigmaaldrich.com/life-science/metabolomics/learning-center/metabolic-pathways.html http://vmede.org/sait/?page=8&id=Biohimija_severin_2011&menu=Biohimija_severin_2011 http://biokhimija.ru/lekcii-po-biohimii/22-stroenie-obmen-uglevodov/115-jenergija-glikoliza.html http://www.slideshare.net/BiologyIB/cellular-respiration-powerpoint | ||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
Сабақтың соңы 37-45 | (f) АТФ құрылысы бойынша жазбаша қалыптастырушы бағалау жазғызу Кері байланыс. Сабақты қорытындылау. Оқыту мақсатына жеткендеріне көз жеткізу. | |||||||
Сабақ жоспары Сабақ 2 | ||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
Басталуы 0-5 минут | Жасуша оттегіні не үшін қабылдайды? сұрағын талқылайды. Жұпта талқылауға уақыт бере отырып, мұғалім оқушыларды жасушалық тыныс алудың принциптерінің болатындығына бағыттайды. | Таныстырылым | ||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
5-37 | (W) Интерактивті тақтада таныстырыл көрсетіледі. Оқушылар таныстырылымды жұпта талқылайды немесе мұғалім түсіндіреді (G) Сынып оқушылары жұпта жұмыс жасайды. Оқушылар гликолиздің аэробты тыныс алуын талдайды Әр топ өз жұмысы постерге орындауы мүмкін немесе бір-бірімен оқушылар ауысып, бір-біріне түсіндіреді (I) (f) Оқушылар гликолиздің аэробты тыныс алуының моделін сызбалайды. Барлық жүретін процестерді және түзілетін АТФ мөлшерін талқылайды, құрылысы мен қызметтерін түсіндіретін сызба жасайды. Мұғалім оқушыларға сипаттамалар беруде, сұрақтарға жауап беруін сұрай отырып, көмектеседі | Жасуша органеллалары мен митохондрийлерді қайталау http://www.nobelprize.org/educational/medicine/cell/ Аэробты тыныс алу сызбасы. | ||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
38-45 | (I) (f) Тапсырма: ҚБ тапсырмасын орындау Рефлексия «Екі жұлдыз-бір тілек» арқылы жүзеге асырылады | Таза парақтар | ||||||
Сабақ жоспары Сабақ 3 | ||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
Басталуы 0-10 минут | Оттегі жоқ ортада ағзалар тіршілік ете ала ма? сұрағын талқылайды. Жұпта талқылауға уақыт бере отырып, мұғалім оқушыларды жасушалық тыныс алудың принциптерінің болатындығына бағыттайды. Энергетикалық алмасудың кезеңдерінің жүретін орындарын атайды. АТФ құрылымы мен қызметін сипаттайды. Митохондрий туралы не білетіндіктерін еске түсіреді. Саңырауқұлақтар, бактерияларда анаэробты тыныс алу және адамдағы анаэробты тыныс алу/ бұлшық ет ерекешелігін талқылау | Таныстырылым | ||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
10-37 | (W) Интерактивті тақтада таныстырыл көрсетіледі. Оқушылар таныстырылымды жұпта талқылайды немесе мұғалім түсіндіреді (G) Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. 1- топ: глюкозаның аэробты тыныс алуын сипаттайды 2 -топ: гликолиздің анаэробты тыныс алуын талдайды Әр топ өз жұмысы постерге орындауы мүмкін немесе бір-бірімен оқушылар ауысып, бір-біріне түсіндіреді (W) Оқушылар гликолиз, Кребс циклын және и тотыға фосфорлану митохондрийдің сәйкесті бөліктеріне орналастыру тапсырмасын орындайды (I) (f) Оқушылар гликолиздің анаэробты және аэробты тыныс тыныс алуын салыстырады. Қажетті кестені толтырады. Кестеге барлық жүретін процестерді және түзілетін АТФ мөлшерін, бір-бірінен айырмашылықтарын салыстырады. Мұғалім оқушыларға сипаттамалар беруде, сұрақтарға жауап беруін сұрай отырып, көмектеседі, кестенің дұрыс толтырылуын бақылайды. | |||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
38-45 | Тапсырма: Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын жазбаша орындайды, кестенің толтыруын тексеру Рефлексия «Екі жұлдыз-бір тілек» арқылы жүзеге асырылады | Жазба парақтары | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда аса табысты болуы мүмкін модельдерін жасауда жасушадағы митохондрия құрылысымен байланыстыра алады. Алдын ала дайындалған ақпараттар немесе мұғалімнің көмегі үлгермейтін оқушыларға қажет. Оқушыларды қолдау мақсатында салған сызбаларынан белгілеген анаэробты және аэробты тыныс алу кезеңдері мен реакцияларын дұрыс анықтауын, тіршіліктегі маңызын анықтағанына көңіл бөлу Оқушыларды қолдау мақсатында салған суреттерінен белгілеген анаэробты тыныс алу кезеңдері мен реакцияларын дұрыс анықтауын, тіршіліктегі маңызын анықтағанына көңіл бөлу Қабілеті жоғары оқушылар Адам көп физикалық жүктеме жасағанда неге шаршайды, бұлшық еттері ауырады? деген сұрақпен жұмыс жасауларын сұрау | Сұрақтар талдау Модель жасау Жазбаша тапсырма алу Формативті бағалау Ауызша сыни сұрақтар қою Жасушалық тыныс алудың анаэробты және аэробты кезеңдері бойынша жасалған сызбаларын бағалау Кестелерін тексеру | Пәнаралық байланыс Химия, физика Денсаулық және қауіпсіздік: Химия пәнімен байланысы бар АКТ ны қолдану интерактивті тақтамен жұмыс жасауда орындалады. Оқушылар интернеттен қосымша ақпараттар іздейді. Биология пәні оқыту кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
Сызба № 1
Сызба № 2
Сызба № 3 Митохондрий құрылысын талдау. Глюкозаның анаэробты және аэробты тыныс алуы қай жерлерінде жүретінін еске түсіру
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру