«Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау» зертханалық жұмысы. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

 Өкпелік ауаның көлемі және өкпенің тіршілік сыйымдылығы

 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдер өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орташа есеппен алғанда 3000-3500 мл, ер адамдарда 3500-4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000-7500 мл-ге дейін жетеді.

 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады.

 Адам тыныштық қалыпта әрбір тыныс алғанда және әрбір тыныс шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.

 Адам қалыпты тыныс алып, артынша терең тыныс алғанда тағы қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.

 Адам қалыпты тыныс шығарып, артынша терең тыныс шығарғандағы тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.

 Қаншама терең тыныс шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.

 Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді.

 

 

Жалпы сыйымдылық – бұл өкпелерде сақталып тұра алатын ауаның ең жоғарғы көлемі.

Өмірлік сыйымдылық – бұл өкпелер толық толғаннан кейін, шығарылатын ауа көлемі.

Тыныс алу көлемі – бұл қалыпты тыныс алу кезінде, жұтылатын ауа көлемі.

Тыныс алудың ауа қорының көлемі – бұл дем алуды тереңдеткен кезде, өкпелерге сыйғызуға мүмкін болатын ауа көлемі.

Тыныс шығарудың көлемі – бұл қалыпты тыныс шығарғаннан кейін, шығаруға болатын қосымша ауа көлемі.

Өкпелердің қалдық көлемі – бұл ең терең дем шығарудан кейін альвеолаларда қалған газдар көлемі.

 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.

Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 1-кесте

жасы

6

7

10

12

15

17

Ер бала

1200

1400

1630

1975

2600

3520

Қыз бала

1100

1200

1460

1905

2530

2760

Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымд ылығын құрайды.

2- қосымша

Зертханалық жұмыс парағы

Мақсаты - ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Болжам

…………………………………………………………………………………………………………..………………….....................................................................................................................

Себебі.............................................…………………………...…………………..……………..................................................................................................................................….................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Құрал-жабдықтар: спирометр GLX құрылғысы

GLX ОРНАТУ.

1.Спирометрді жинаңыз.

2.Спирометрді (PS- 2152) GLX жоғарғы жағына жалғау. Автоматты түрде Өкпе Көлемінің (литр) уақытқа (сек) қатысты графигі бар Графикалық перде ашылады.

ӨТС мен ТК ӨЛШЕУ

1.Алдыңғы тiстердiң арасына спирометрдің ұшының ұзын бөлiгiн орналастырыңыз, оны спиртпен сүртіп, ауызға салыңыз. Тыныс алғаннан соң тыныс шығарарда мұрынды қысыңыз.

2.СТАРТ батырмасын басып, спирометрдегі қызыл жыпылықтаған белгі жасылға ауысқанша күтіңіз.

3.Бір терең тыныс алудан кейін мұрынды жауып тұрып, спирометрге дереу максималды тыныс шығарыңыз.

4.СТАРТ батырмасын басып, мәліметтер жазбасын тоқтатыңыз.

5.Спирометрді өшіріңіз.

6.F3 басыңыз, ашылып жатқан мәзірден «Разность» аспабын таңдаңыз және өз таңдауыңызды «Активировать» батырмасын басып растаңыз.

7.< и > пернелермен мегзегішті жылжытып өкпенің ТК мен ТС орнатыңыз.

  • Спирометр көрсеткішін кестеге толтырыңыз.
  • Тәжірибені 3 рет қайталаңыз.
  • Кестеде өлшеулердің орташа мәнін есептеңіз.

(а) Әр оқушы өкпесінің тіршілік сыйымдылығын 3 рет өлшеп, орташа мәнін dm3 есептеді. Олардың нәтижелері 1 кестеде берілген.

1- кесте. Оқушылардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығының көрсеткіштері

Оқушылар

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, dm3

1 нәтиже

A

3.7

3.4

3.4

3.5

B

4.6

3.1

4.3

4.0

C

4.5

4.5

4.4

D

2.6

2.5

2.1

2.4

E

3.1

2.6

2.7

2.8

Өз нәтижеңіз

(b)(і) C оқушы үшін 2 нәтиженің мәнін есептеңіз

............................................................................................................................…................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

(іі) Кестеден берілген нәтижелердің ішіндегі аномальды (басқалардан ерекше) көрсеткішті анықтап, домалақтап көрсетіңіз

(ііі) Кестедегі нәтижелерді пайдалана отырып, неліктен С оқушының нәтижесінің басқаларға қарағанда ерекше болуының себептерін түсіндіріңіз.

............................................................................................................................….................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................... (с)(і) Өз нәтижеңізді өлшеп, кестеге толтырыңыз. Оны 1 кестедегі оқушылар нәтижесімен салыстырып, қорытынды жасаңыз.

............................................................................................................................….................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................... (іі) 1 кестедегі деректерді пайдаланып бағаналы график сызыңыз.

3. Жұмыс барысында туындаған қандай екі кемшілікті анықтай алдыңыз?

............................................................................................................................…................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................6. Алдағы уақытта туындаған кедергілерді болдырмау үшін жұмысты жақсартудың қандай жолдарын ұсына аласыз?

............................................................................................................................…................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3- қосымша

1.Арнайы дене жаттығу бағдарламасымен жұмыс жасайтын адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы өлшенді. Бұл адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығын 60 күн бойы өлшеді. Нәтижесі төмендегі кестеде берілген. Өлшемдерді пайдаланып, график сызыңыз.

Өлшемдер

Дайындық күні

Тіршілік сыйымдылығы

0

4800

10

4840

20

4890

30

4930

40

4980

50

5180

60

5260

ГРАФИК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Бақылау барысында адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығында қандай өзгеріс болды?

............................................................................................................................…..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3.Өзгерістің себебі неде? ............................................................................................................................…................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

4. Музыканттың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы осы аралықта қалай өзгеруі мүмкін деп ойлайсыз?

............................................................................................................................…................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу