«Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау» зертханалық жұмысы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2.В Тынысалу

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау» зертханалық жұмысы

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

 Сабақтың мақсаттары

  • өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау

 Бағалау критерийлері

  • өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайды
  • шыныққан және шынықпаған адамдардың ӨТС салыстырады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен тыныс алу көлемдеріне ауызша жазбаша анықтама береді,

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау жолдарын түсіндіреді.

Шыныққан және шынықпаған, ер және әйел адамдардың ӨТС салыстырып, ауызша жазбаша қорытындылар жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

өкпенің тіршілік сыйымдылығы, терең тыныс алу/шығару, өкпенің көлемі, қалдық ауа қоры

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.... болады

Шылым шегетін адамдарда....болады, себебі....

............спорттық жарыстардағы адамдарда ӨТС жоғары, себебі...

Шынықпаған адамның ӨТС шыныққан адамдардың ӨТС … ... ... болады.

 Құндылықтарды дарыту

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Ауа көлемі ұғымы арқылы физика, шамаларды қолдану, график тұрғызу, талдау есептеулер жүргізу кезінде математика пәнімен, шыныққан шынықпаған адамның ӨТС салыстыру кезінде дене шынықтыру пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Дене жаттығуларының тыныс алуға әсері (6 сынып)

Адамның тыныс алу жүйесінің құрылымы (8.3C бөлімі)

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Шылым шегетін және шылым шекпейтін адамдардың өкпелерін салыстырып көрейік деп таныстырылмда екі түрлі өкпенің суретін көрсетіледі.

Оқушылардың жауаптарын өкпенің тыныс алу қабілетіне қарай бағыттап, өкпе бір рет тыныс алғанда қаншалықты ауаны қабылдай алады, өкпемізге қанша ауа сиятынын білудің маңызы неде талқылау жүргізе отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашы қажет.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-26 мин

Сабақтың тақырыбы мақсаттарын ашу үшін оқушыларға Болжам жасау үшін өкпенің тіршілік сыйымдылығына әсер ететін факторларды әсер ету ретімен нөмірлеу тапсырмасын орындау сұралады. Ең күшті әсер ететін фактор 1 және ең аз әсер ететін фактор 5 санымен нөмірленеді.

дене салмағы бойдың биіктігі

жынысы жасы белсенділік деңгейі

Бүгін біз осы факторлардың қайсысы тыныс алуға қалай әсер ететінін анықтаймыз деп зертханалық жұмысты орындау тапсырмасы ұсынылады. Қауіпсіздік техникасының ережелерін талқылау маңызды.

Жұмысты орындауды бастамас бұрын оқушыларға жұмыс парағындағы мәтінмен танысу ұсынылады.

Мәтін бойынша негізгі ұғымдар талданып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсынылған шамаларды қолдану, есептеу жолдары және графикалық деректерді пайдалануға назар аударылады.

Оқушылар спирометрді қолданып зертханалық жұмысты орныдайды. Ол үшін терең тыныс алып, кейін тыныс шығарғанда ауаны спирометрге үрлейді. Спирометрдегі көрсеткіштерге сүйене отырып, кесте толтырып, ӨТС есептеу шамасын қолданып ӨТС есептейді. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, ӨТС салыстырады. Ол үшін сыныптағы шыныққан және шынықпаған оқушылардың ұл және қыздардың нәтижелерін өлшеп салыстыруға болады.

Оқушылар зертханалық жұмыс парағын толтырып, жұмысты орындап тапсырады. Мұғалім әр топқа/жұпқа/жеке кері байланыстар ұсынады. Жұмыс барысында қауіпсіздікті сақтау, практикалық дағдылардың орындалуына назар аудырылады.

Критерийлер:

  • өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайды;

шыныққан және шынықпаған адамдардың ӨТС салыстырады.

Дескрипторлар:

  • Практикалық жұмыстың тақырыбын, мақсатын және міндетін тұжырымдай алады, болжам (гипотеза) ұсынады
  • Құрал-жабдықтар мен таратпа материалдарды қолданады.
  • Жұмысты дұрыс рәсімдейді
  • Жүргізген жұмыс нәтижесін жүйелеп салыстырмалы кесте, график түрінде ұсынады.
  • Зерттеу сұрақтарына фактілермен немесе дәлелдемелермен нақты, дұрыс жауап береді
  • Жүргізілген тәжірибе, бақылау негізінде жасаған қорытындысын дәлелдейді

1 -2 қосымша

3-10 слайдтар

27-36 мин

Оқушылар зертханалық жұмыс нәтижелері, талқылау сұрақтарына берген жауаптарын салыстырып, талқылайды. Мұғалім тиісті кері байланысты ұсынып, сұрақтар қояды. Әсіресе кесте толтыру, график тұрғызу, ӨТС есептеу және қорытындыға назар аударылады. Оқушылардың жұмыс парақтарын жинап алып жазбаша кері байланыс ұсынады.

Жұмыс парақтары

3-қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Тақырып мазмұнына қатысты сабақта орны алған үш әрекетті талқылау

І. Мен үшін жаңалық

ІІ. Сабақта жақсы іске асты

ІІІ. Сабақ барысында қиындық тудырды.

11 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

bilіmland, twig сайттарындағы видеоматериалдар мен мәтін түріндегі ақпараттармен танысуға мүмкіндік беру арқылы

Кейбір оқушыларға жұмысты жоспарлауды ұсыну арқылы

Кейбір оқушыларға мәтінмен жұмыс кезінде бағыттаушы сұрақтар қою арқылы

Кейбір оқушыларға ӨТС –на байланысты қосымша тапсырма орындауды ұсыну арқылы (3-қосымша)

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Ауызша талқылаулар кезіндегі жауаптар арқылы

Зертханалық жұмыстың болжамын жасап, жұмысты орындауы арқылы

Талқылау сұрақтарына жауап берулері арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Зертханалық жұмысты орындау кезінде тыныс алу және қанайналым мүшелерінде ахау бар балалар тәжірибені орындамай тек сыныптастарының алған деректерімен жұмыс жасайды

Жұмыс кезінде құралдармен жұмыс жасау кезінде абай болу.

GLX құрылғысын қолдану кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтайды.

Үрленетін мундштукты міндетті түрде этил спиртінің ерітіндісімен сүртіп тазартады.

Зертханалық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу