Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау» зертханалық жұмысы. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Өкпенің тіршілік немесе тіршілік сыйымдылығы - ішке дем толық тартқаннан кейін тыныс жолдарынан толығымен шығатын ауа көлемін сипаттайтын сыртқы тыныс алу көрсеткіші.

Өкпенің жеделдетілген тіршілік сыйымдылығы — максималды жылдам дем алу кезінде анықталатын өкпенің тіршілік сыйымдылығының қалыпты жағдайда 90—92% құрайды. Өкпенің тиісті тіршілік сыйымдылығы — арнайы формулалар көмегімен зерттелетін адамның жасы мен бойы туралы мәліметтер бойынша анықтайтын өкпенің іс жүзіндегі өмірлік сыйымдылығын бағалауға арналған есептік көрсеткіш. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдер өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орташа есеппен алғанда 3000-3500 мл, ер адамдарда 3500-4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000—7500 мл-ге дейін жетеді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір тыныс алғанда жөне өрбір тыныс шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.

Адам қалыпты тыныс алып, артынша терең тыныс алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.

Адам қалыпты тыныс шығарып, артынша терең тыныс шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныс шығарудыц қосымша сыйымдылығы деп аталады.

Қаншама терең тыныс шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы —> тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл)+ тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл!

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.

Жалпы сыйымдылық – бұл өкпелерде сақталып тұра алатын ауаның ең жоғарғы көлемі.

Өмірлік сыйымдылық – бұл өкпелер толық толғаннан кейін, шығарылатын ауа көлемі.

Тыныс алу көлемі – бұл қалыпты тыныс алу кезінде, жұтылатын ауа көлемі.

Тыныс алудың ауа қорының көлемі – бұл дем алуды тереңдеткен кезде, өкпелерге сыйғызуға мүмкін болатын ауа көлемі.

Тыныс шығарудың көлемі – бұл қалыпты тыныс шығарғаннан кейін, шығаруға болатын қосымша ауа көлемі.

Өкпелердің қалдық көлемі – бұл ең терең дем шығарудан кейін альвеолаларда қалған газдар көлемі.

 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.

Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 1-кесте

жасы

6

7

10

12

15

17

Ер бала

1200

1400

1630

1975

2600

3520

Қыз бала

1100

1200

1460

1905

2530

2760

Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымд ылығын құрады.

2-қосымша

Зертханалық жұмыс парағы

Мақсаты - .................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Болжам

…………………………………………………………………………………………………………..………………….....................................................................................................................

Себебі.............................................…………………………...…………………..……………..................................................................................................................................…......................................................................................................................................................................................

Құрал-жабдықтар: шар, сызғыш

Жұмыс барысы:

Жұмыс барысында сынып оқушыларының өкпесінің тіршілік сыйымдылығы өлшенеді. Астма (демікпе) сияқты тыныс алу және жүрекке қатысты ауытқулар болған жағдайда оқушы тәжірибеге қатыспайды, тек басқа оқушылардың нәтижелеріне талдау жасайды.

  • Топтан кез келген 3 оқушыны таңдап алыңыз.
  • Олардың бойы, салмағы, жынысы, жасы және белсенділік деңгейін кестеге жазып алыңыз.    
  • Шарды бірнеше рет созыңыз.
  • Терең тыныс алғаннан соң ауаны шарға жіберіп, барынша терең тыныс шығарыңыз.
  • Шардың ауызын мықтап бекітіп байлаңыз.
  • Үрленген шардың диаметрін өлшеп кестеге жазыңыз.
  • Шардың диаметрін графиктің көмегімен көлемге айналдырып кестеге жазыңыз.
  • Қорытынды жасаңыз.
  • Өкпенің тіршілік сыйымдылығын есептеу кестесі

Өлшеулер

Деректер

жыныс

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

бойы

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

***Әйел және ер адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығын есептеу жолдары:

  • Ер адамның тіршілік сыйымдылығы L = ((27.63 - 0.112 x жасы, жыл) x бойы, см) / 1000
  • Ер адамның тіршілік сыйымдылығы L = ((21.78 - 0.101 x жасы, жыл) x бойы, см) / 1000

Өкпе көлемдері

Ерлер (L)

Әйелдер (L)

Тыныс алу кезіндегі қосымша ауа қоры (қалыпты тыныс алғаннан кейінгі қосымша жұта алатын ауа мөлшері)

3,1

1,9

Тыныс алу көлемі (қалыпты тыныс алу мен тыныс шығару кезіндегі ауа мөлшері)

0,5

0,5

Тыныс шығару кезіндегі ауа қорының көлемі (қалыпты тыныс шығарудан кейін қосымша шығаруға болатын ауа мөлшері)

1.2

0.7

Есептеу жолы:

  • Егер ер адам 30 жаста, бойы 175 см болса, онда: ((27,63 - 0,122 x жасы) x бойы) / 1000:
  • Өкпенің тіршілік сыйымдылығы = ((27,63 - 0,112 х 30) х 175) / 1000 = 4,247 литр.
  • 26 жастағы, бойы 168 см әйел адамның өкпенің тіршілік сыйымдылығы: ((21,78 - 0,101 x жасы) x бойы) / 1000: = ((21,78 - 0,101 x 26) x 168) / 1000 = 3,218 литр болады.

Талқылау сұрақтары

1. Тыныс алу көлемі мен өкпенің тіршілік сыйымдылығының арасында қандай айырмашылық бар?

 ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2. Алынған деректерге сүйене отырып, адамның ӨТС жас, жыныс, бойы және дене белсенділігінің әсерлерін салыстырыңыз.

 ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3. Айнымалыларды анықтаңыз.

................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................ 

4. Шыныққан және шынықпаған адамның ӨТС салыстырыңыз.

 ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

5. ӨТС жоғары адам ӨТС төмен адамға қарағанда тыныс алмай ұзағырақ бола ала ма? Жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3-қосымша

казақша

ағылшынша

өкпенің көлемі

lung volume

минуттық көлем

minute volume

тыныс жиілігі

breathing rate

тыныс алу және тыныс шығару жиілігі

frequency of inspiration and expiration

оттегі

oxygen

көмірқышқыл газы

carbon dioxide

физикалық жүктеме

exercise stress



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу