«Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау» зертханалық жұмысы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2.В Тынысалу

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау» зертханалық жұмысы

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

 Сабақтың мақсаттары

  • өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау

 Бағалау критерийлері

  • өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайды
  • шыныққан және шынықпаған адамдардың ӨТС салыстырады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен тыныс алу көлемдеріне ауызша жазбаша анықтама береді,

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау жолдарын түсіндіреді.

Шыныққан және шынықпаған, ер және әйел адамдардың ӨТС салыстырып, ауызша жазбаша қорытындылар жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

өкпенің тіршілік сыйымдылығы, терең тыныс алу/шығару, өкпенің көлемі, қалдық ауа қоры

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.... болады

Шылым шегетін адамдарда....болады, себебі....

............спорттық жарыстардағы адамдарда ӨТС жоғары, себебі...

Шынықпаған адамның ӨТС шыныққан адамдардың ӨТС … ... ... болады.

 Құндылықтарды дарыту

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Ауа көлемі ұғымы арқылы физика, шамаларды қолдану, график тұрғызу, талдау есептеулер жүргізу кезінде математика пәнімен, шыныққан шынықпаған адамның ӨТС салыстыру кезінде дене шынықтыру пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Дене жаттығуларының тыныс алуға әсері (6 сынып)

Адамның тыныс алу жүйесінің құрылымы (8.3C бөлімі)

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Сабақтың тақырыбы мақсаттарын ашу үшін оқушыларға бір бір шар ұсынылады. Оларды барынша терең тыныс алғаннан соң тек бір рет қатты үрлеу қажет. Үрленген шардың ауызын байлап ауа шықпастай етіп бекітеді. Шарлар сабақ барысында қажет болады.

Шар үрлегеннен соң оқушылардан шарларының мөлшерін салыстыру сұралады. Неліктен үрлеген шарларыңыздың мөлшері әртүрлі сұрағы қойылады. Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан соң ендеше бүгінгі сабағымызда тыныс алудың көлемін анықтап көрейік деп сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Шар көлемінің әртүрлі болуының себебі әр адамның өкпесінің көлеміне байланысты деген қорытынды шығарылады.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-26 мин

-Шар ішіндегі ауаның мөлшері қанша болады деп ойлайсыңдар?

- Шар ішіне бір рет үрлегенде қанша ауа жібере аласыз?

Шардың ішіндегі ауа көлемін есептеп анықтауға бола ма? сұрақтарын талқылай отырып:

Бүгін біз шар ішінде қанша ауа бар екенін анықтаймыз. Бұл біздің өкпемізге сиятын ауаның мөлшері болып табылады деп зертханалық жұмысты орындау тапсырмасы ұсынылады. Қауіпсіздік техникасының ережелерін талқылау маңызды.

Жұмысты орындауды бастамас бұрын оқушыларға жұмыс парағындағы мәтінмен танысу ұсынылады.

Мәтін бойынша негізгі ұғымдар талданып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсынылған шамаларды қолдану, есептеу жолдары және графикалық деректерді пайдалануға назар аударылады.

Оқушылар үрленген шардың диаметрін өлшеу арқылы шардың көлемін анықтайды. Осы көлемді ерлер мен әйелдердің жасы, бойы сияқты деректерге сүйене отырып, арнайы шамалар, графиктің көмегімен өңдеп ӨТС есептейді.

Критерийлер:

  • өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайды;

шыныққан және шынықпаған адамдардың ӨТС салыстырады.

Дескрипторлар:

  • Практикалық жұмыстың тақырыбын, мақсатын және міндетін тұжырымдай алады, болжам (гипотеза) ұсынады
  • Құрал-жабдықтар мен таратпа материалдарды қолданды.
  • Жұмысты дұрыс рәсімдейді
  • Жүргізген жұмыс нәтижесін жүйелеп салыстырмалы кесте, график түрінде ұсынады.
  • Зерттеу сұрақтарына фактілермен немесе дәлелдемелермен нақты, дұрыс жауап береді
  • Жүргізілген тәжірибе, бақылау негізінде дұрыс қорытынды жасай білу, жасаған қорытындысын дәлелдейді

1 - қосымша

3-11 слайдтар

27-31 мин

Оқушылар зертханалық жұмыс нәтижелері, талқылау сұрақтарына берген жауаптарын салыстырып, талқылайды. Мұғалім тиісті кері байланысты ұсынып, сұрақтар қояды. Әсіресе кесте толтыру, график тұрғызу, ӨТС есептеу және қорытындыға назар аударылады. Оқушылардың жұмыс парақтарын жинап алып жазбаша кері байланыс ұсынады.

Жұмыс парақтары

32-36 мин

Шыныққан шынықпаған, темекі шегетін және шекпейтін адамдардың ӨТС айырмашылықтары туралы қорытынды жасайды.

12-слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Мен ...түсіндім

Менің ... туралы сұрағым бар

Мен...түсінбедім

Мен түсінбедім бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.

13 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушыларға тақырыпқа байланысты есептерді шығару тапсырмасын ұсыну арқылы

Кейбір оқушыларға тақырыпқа қатысты терминологияны ағылшын тілінде атау, шағын сөйлемдер құрастыру тапсырмасын ұсыну арқылы

Кейбір оқушыларға өз білімін тереңдетуге мүмкіндік беріп, тақырыпқа қатысты қосымша ақпараттармен танысу арқылы

Кейбір оқушыларға ноутбуктерде bilіmland, twig сайттарындағы онлайн тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беру арқылы

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Талқылау сұрақтарға берген жауаптары арқылы

Зертханалық жұмысты орындаулары арқылы

Зерттеушілік дағдылары арқылы

Қосымша тапсырмалар арқылы

Қорытынды талқылауларға қатысулары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Шарды кезектесіп үрлеуге болмайды.

Зертханалық жұмысты орындау кезінде тыныс алу және қанайналым мүшелерінде ахау бар балалар тәжірибені орындамай тек сыныптастарының алған деректерімен жұмыс жасайды

Жұмыс кезінде құралдармен жұмыс жасау кезінде абай болу.

Зертханалық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу