Биополимерлер мен мономерлер. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Полимерлер — көп сан қайталанып тұратын мономерлер тізбегі.
Мономерлер — полимер молекуласы құрамындағы қайталанып тұратын кіші молекулалар.
Полимерлерге нәруыздар, полисахаридтер, липидтер және нукленинқышқылдары жатады. Нәруыздарға қандағы гемоглобин, альбумин, терідегі коллаген, меланин, жапырақтағы хлолрофилл, жасушаны құрайтын басқадай нәруыздар мен барлық ферменттерді жатызуғаболады. Оттегін ұлпаларға, көмірқышқыл газын өкпеге жеткізуде «гемоглобин» тасымалдау қызметін атқарады. Адам және жануарлардың асқорыту жүйесінде ферменттер әсерінен аминқышқылдарға дейін ыдырайды.
Полисахаридтерге крахмал, жасунық, муреин, гликогенді жатқызуға болады. Олар глюкоза, фруктоза, галактоза сияқты момносахаридтерден құралған. Саңырауқұлақтардың жасуша қабатында сыртқы қаңқадан жасуша қабырғасын түзіп, беріктігін арттырады. Өсімдік жасушасының қабырғасында целлюлоза беріктік қасиет беріп, судың жоғалуын болдырмайды. Адам және жануарлар бауырының жасушаларында гликоген түрінде қорға жиналады.
Липидтердің мономері майқышқылы мен глицерин. Полимерлері: фосфолипидтер, жануар және өсімдік майлары, балауыз, триглицеридтер. Суда ерімейді.
Жылуды нашар өткізеді.
Нуклеинқышқылдарына ДНҚ мен РНҚ жатады. Олар хромосома құрамында болады және тұқым қуалау белгілерін жеткізуді қамтамасыз етеді. Ядролардағы хромосомаларда орналасқан, қос шиыршықталған. Олар нуклеотидтерден құралған полимерлер. Нуклеотидтер азотты негіз, қант және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ басында оқушыларға:
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партаға дұрыс отыруына назар аударуды ескерту қажет.
Тәжірибе жасау кезінде ыстыққа күйіп қалмауды, шыны ыдыстармен жұмыс кезінде абай болуды ескерткен жөн. Диализ түтікшесін алдын ала суға салып жібітіп қойып, жұмсарғаннан соң ашу қажет. Ерітінділер көзді тітіркендіруі мүмкін болғандықтан көзілдірік кию қажет.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақ жасушалардың тірі ағзаларды құрайтынын, оның макромолекулалардан
тұратынын еске түсіруден басталады. Осы орайда дұрыс жауап берген оқушыларды дұрыс қолданылған терминдері мен дәлелдер келтіргені үшін мадақтап, кері байланыс ұсыну қажет.
Мономер мен полимердің ерекшеліктері туралы шағын түсіндірме беріледі. Оқушыларға міндетті түрде сұрақтар қоя отырып, таныстырылымдағы ақпараттарды ұсыну маңызды.
Мұғалім мономер мен полимердің айырмашылығын түсіндіру үшін диализ түтікшесі арқылы заттардың өтуін көрсететін тәжірибені көрсетеді. Бұл кезде оқушыларға сұрақтар қойылып, белсенді талдау жасалады. Оқушылар жұмыс парақтарына өз қорытындыларын жазады. Болған соң олардың кейбіреулерін оқытып, жалпы талдау жасаған жөн. Тәжірибені 10 минутқа қалдырған кезде оқушыларға зияткерлік карта жасау тапсырмасы ұсынылады. Бұл тапсырма топта орындалады. Әр топты аралап жүріп, кері байланыс ұсыну маңызды.
Топтар карталарын қорғайды. Басқа топтар сұрақтар қояды. Тәжірибе нәтижесі талданып, оқушылар қорытынды жазады. Шығарылған қорытындыларды да оқытып, талдаған жөн.
Сабақты бекіту үшін сәйкестендіру тапсырмасы орындалады.
Пәнаралық байланысты орнату:
Полимердің тағы қандай түрі болады, оның мысалдарын атаңыз деген сияқты химия пәнімен байланыстыруға болады. Химиялық полимер мен биологиялық полимердің айырмашылығы неде деп талқылау жүргізуге болады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Сабақтың басынан бастап кері байланыс ұсынылады. Сабақтың әр кезеңінде түрлі сұрақтардың көмегімен оқушылардың түсінгенін тексеріп отыру маңызды. Оқушыларға кері байланыс ұсынылып, олардың жұмыстарының жақсартылуына ықпал етіледі. Тәжірибе қорытындыларын дұрыс жасағаны тексеріледі.
- Саралау тапсырмалары
Саралау зияткерлік картаны құрған кезде қамтамасыз етіледі.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Диализ түтікшесіндегі глюкоза мен крахмалдың қайсысы мембранадан өте алады деп ойлайсыз? Тек глюкоза сыртқа шығады. Йод ішке қарай өтеді.
Неліктен? Себебі глюкоза момомер, йод бейорганикалық зат. Олардың мөлшері кіші.
Йод қандай затты анықтауда қолданылады? Крахмалды анықтауда қолданылады.
Диализ түтікшесіндегі ерітінді неліктен көкке боялды? Себебі ондағы крахмал сырттағы суға қарай шыға алмады, бірақ йод қарапайым зат болғандықтан түтікшеден ішке қарай өтті. Сондықтан түтікшедегі ерітінді көк түске боялды.
Түтікшеге қандай зат диффузияланды? Йод.
Онда глюкозаның болуын қалай анықтауға болады? Бенедикт тестісі арқылы.
Ерітінді түсі неге қызыл сарыға өзгерді. Бұл нені білдіреді?
Себебі глюкоза түтікшеден стақандағы суға өткен. Ол мономер болғандықтан бұл мүмкін болды.
Диализ түтікшесі арқылы глюкоза мензуркадағы суға өткеніне не дәлел болады?
Стақандағы суға Бенедикт ерітіндісін тамызып, қыздырғанда оның қызыл сары түске боялуы, онда глюкозаның болуына дәлел.
Мензуркадағы су неліктен көк түске боялмай, йод түстес болып қала берді?
Крахмал түтікшеден өте алмағандықтан суда крахмал болмай, оның түсі өзгермей йод түстес болып қала берді.
Себебі неде? Түтікшедегі крахмал сыртқа шыға алды ма? Жоқ, себебі ол өте ірі полимер.
|
Бағалау критерийлері | Дескриптор | |||
мономер және полимер ұғымдарына анықтама бере алады; мономерлер мен полимерлерге мысалдар келтіре алады. |
| |||
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Тәжірибе:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру